Бүгін қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Алдымен қалада жүргізіліп жатқан құрылыстардың барысы бойынша құрылыс және саулет бөлімінің басшысы Д.Байсейітов баяндады.
Бүгінгі таңда қалада 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Қазіргі уақытта 3 қабатты қалау жұмыстары аяқталу сатысында. 1,2 қабаттың электр желілерін тарту жұмыстары мен 1 қабаттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, қаладағы Ш.Уәлиханов көшесінде инвестор «Сами Строим» ЖШС тарапынан 30 пәтерлі 3 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Қала басшысы әрбір құрылысты жіті бақылауда ұстап, уақытылы жұмыстың жүргізіліп отыруын жауапты сала басшысына тапсырды.
Кентау қаласы аумағында дала өрттерін алдын алу шаралары туралы қалалық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі М. Баймбетов баядап өтті.
Кентау қаласының аумағында 2023-2024 жылдары аралығында Кентау қаласы аумағында орман, дала өрттері тіркелмеген.
«Казгидромет» болжамы бойынша биыл ауа райының орташа температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп, өрт қауіптілігі 5-ші санатты жағдайы орын алатыны болжамдалып отыр. Осыған байланысты ауыл аймақтар мен қаланың өрт болу қаупі бар бөліктеріндегі алдын алу жұмыстары пысықталды.
Қалалық 109 байланыс орталығы басшысының міндетін атқарушы Б.Алимбеков қалада құрылған секторлардың атқарған жұмыстар барысын айтты. Онда әр секторда орын алған тазалық жұмыстары, бей-берекет тасталған тұрмыстық заттар анықталып, иелерімен түсіндіру жұмыстары атқарылып жатқаны жайлы баяндады.
Қала басшысы әр баяндамашыны тыңдап, бірқатар тапсырмалар берді. Жұмыстың жүйелі әрі нәтижелі болу үшін, әр сала басшысы өзіне жүктелген тапсырмаларды жіті бақылауына алу қажеттігін ескертті.