Кентау қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өткізілді. Жиынды Кеңес төрағасы Жолдыбай Құрманбеков жүргізді.
Күн тәртібінде қалалық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-і тарапынан жыл басынан атқарылып жатқан жұмыстары жайында Жайсанкүл Асханова баяндама жасады.
Қала әкімінің орынбасары Ақнұр Нұралықызы нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруде маңызды рөл атқаратындығын, мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатқаны жайында атап өтті.
Жиын соңында кеңес төрағасы Жолдыбай Қожахметұлы сөз алып, Талғат Садуовтың кандидатурасын ақсақалдар кеңесінің төрағалығына ұсынды. Нәтижесінде кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Талғат Нұралыұлы төрағалыққа сайланды.