Кентау қаласы Жастар ресурстық орталығында қалалық «Мансап» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Аталған жәрмеңкеге қаланың 15-тен аса жұмыс беруші мекемелері қатысты. Сала мамандары жұмыс іздеушілердің мүддесін көздей отырып, шара барысында жалақы, еңбек шарттары мен қауіпсіздігі жөнінде толық мағлұматтар берді. Жәрмеңкеге жұмыс іздеп келушілер саны 160-ты құрады.
Қала көлемінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынған Кентау көпсалалы колледжі, “Жасыл қала” МКМ, Кентау қалалық құрылыс, сәулет, және қала құрылысы бөлімі, “Шаш-төбе” жалпы білім беретін мектебі, Кентау гуманитарлық-техникалық колледжі, Жастар ресурстық орталығы, «Еркеназ» бала-бақшасы, Қазақ-Неміс политехникалық колледжі, «Кентау Полиметалл» ЖШС, Петропавл қаласының “Киров С.М атындағы зауыты”, ТОО КазОйлЭнерджи, Кентау Ащысай Су, №7 Колледжі, «Согдиана» бала-бақшасы, «Уркер» мектебі, “ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ” ЖШС, “JASYL SUYQ QAZAQSTAN” ЖШС-гі келушілерден ішінен қажетті мамандық иелерін тауып, жұмыс орындарына шақырды.
Жалпы алғанда ағымдағы жылы қалада 5 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.