Кентау қаласы Төле би-Б.Момышұлы, Әл-Фараби-кіші Яссауи даңғылы аралығындағы, яғни Момышұлы көшесі №68,70, Яссауи даңғылы №93,95, Әл-Фараби көшесі №98,96, Төлеби көшесі 59,61 және Әл-Фараби көшесі №88 көпқабатты тұрғын үй аулаларында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды.
Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс жұмыстары басталғалы жатқан аулаларда болып, тұрғындармен кездесті. Жұмысты атқарушы мердігерлерге жұмысты сапалы, әрі уақытылы атқаруды, жауапты сала басшысына ұдайы бақылап отыруды тапсырды.
Қазіргі таңда, көпқабатта тұрғын үй аулаларында ескі жол жиектерін алу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар ішіне аулалардағы жолдардың асфальт жабындысын төсеу және автотұрақтар салу жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, 2024 жылы Кентау қаласына қарасты Қарнақ және Байылдыр ауылдарына «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі таңға мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланды. Конкурс жеңімпазы анықталғаннан кейін, мердігер мекемемен келісім-шарт түзіліп, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.