Қазығұрт ауданында Білім бөліміне қарасты 71 мектепте 28412 оқушы, мектепалды даярлықпен қоса есептегенде 30 501 оқушы білім алуда. Биылғы жылы 1832 оқушы 11-сыныпты аяқтады. Ұлттық біріңғай тестілеуден өтуге 1456 оқушы өтініш білдірген. 2024 жылы 1832 оқушының 90-ы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер болса, 127-сі «Үздік аттестатқа» үміткер.
Ұлттық білім беру деректер қорының аналитикалық есебі бойынша 5404 педагог бар. Оның ішінде, 920 педагог мектепке дейінгі білім беру ұйымында, 4368 орта білім беру ұйымында, 122 педагог 2 қосымша білім беру ұйымында жұмыс атқарады.
Өткен жылдың қорытындысымен «Қауіпсіз мектеп» жобасы бойынша бала саны 700-ден асатын 11 мектепке турникеттер орнатылды. Ал 70 мемлекеттік орта білім беру мекемелері 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылды. Сондай-ақ 39 білім беру ұйымдары лицензияланған күзет қызметіне өтті. 70 мемлекетік орта білім беру мекемелеріне жаңа бейнекамералармен қамтылды. Одан бөлек 18 білім беру ұйымдарына қоршау орнатылды.
Жаңа ғимарат пайдалануға берілген мектептер компьютерлермен толықтырылып, интернет желісіне 100 пайыз қосылу мүмкіндігіне ие болды. Алдағы уақытта заман талабына сай альтернативті оқулықтар ретінде «электронды оқулықтар» кеңінен пайдалану жоспарлануда. Интернет желісі арқылы «On-line» режимі арқылы сабақтар өту, озық педагог мамандардың іс-тәжірибелерін тарату қолға алынып жатыр. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстарына келсек, тіл дамыту – қазіргі оқытудың басты мәселесі. Тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу, ауызша және жазбаша тілін дамытып, тіл мәдениетін жетілдіруде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің алатын орны ерекше. Ауданда Әр мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастырып, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі көркем сөздің осы сияқты ерекшеліктерін оқушыларды тіл мәдениетіне үйретіп жетілдірудің мықты құралы ете білу басты назарда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы бойынша «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы бекітілді. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы 5 тапсырмадан, 15 көрсеткіштен және 26 іс-шарадан тұрады. Жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасының алшақтығын қысқарту, оқу орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын құру және басқа да мәселелер қарастырылған. Жобаның басты мақсаты – барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған.
Осы жобаны іске асыру мақсатында ауданның білім бөлімінің іс-шаралар жоспары бекітіліп, біршама жұмыстар атқарылды.
Бірінші міндет – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Ауданда 76 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Олардың 2-уі мемлекеттік болса, 11 –і сенімгерлік басқаруға берілген, 63 жекеменшік балабақшалар. Мемлекеттік балабақшаларда – 1910 бала, жекеменшік балабақшаларда – 7824 бала тәрбиеленеді.
Ауданда 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту 100 пайызды құрады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулысына сәйкес аудандық білім бөлімінің 20.10.2023 жылғы №271 бұйрығымен мектепге дейінгі ұйымдардың қызметін ғылыми негіздеу және қолдау мақсатында «Балаларды ерте дамытуы мәселелер жөніндегі мобильді топ құрылды. Мобильді топ мүшелері негізгі бағыттар бойынга жұмыс жоспарын жасап, жұмыстар жүргізілуде.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруды көздей отырып, барлық білім беру ұйымдарында «Оқуға құштар мектеп, Оқуға құштар ұлт» атты тақырыпта кітап көрмелері ұйымдастырылды. «Кітапханаға кітап сыйла!» қайырымдылық акциясы барлық кітапханаларда ұйымдастырылып, 2135 дана көркем әдебиеттер сыйға тартылды.
Білім беру ұйымдарындағы пән кабинеттерінің стандартқа сәйкес жабдықталуын қамтамасыз ету мәселесі бойынша 2023 жылдың соңында химия кабинеті -3 мектепке (Жамбыл ат.жббм, Қызылтаң жббм, А.С.Макаренко ат.жббм), биология кабинеті – 4 мектепке (О.Жандосов, Абай (Ш), Абай (Ж) ат.жббм), физика кабинеті– 4 мектепке (Жаңатірлік жббм, Қызылдала жббм, С.Сейфуллин ат жббм, Елшібек батыр ат.м/л), СТЕМ кабинеті -4 мектепке (Қ.Абдалиев ат.жббм, Ш.Қалдаяқов ат.жббм, Қ.Тұрсынқұлов ат. м/г, Т.Рысқұлов ат. м/л) берілді. 2024 жылға физика кабинеті -4, химия кабинеті-4, биология кабинеті 4, СТЕМ кабинеті -4, Робототехника кабинеті -4 мектепке алу жоспарланды.
2023-2024 оқу жылында жалпы курсқа барған мұғалімдер саны –1283. Педагог шеберлік орталығынан (ПШО) –472 мұғалім, Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан –811 мұғалім қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтіп қайтты.
Алдағы оқу жылына Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығына 1350 мұғалімдерге сұраныс берілді.
Білім сапасын бағалаудың және оқу-тәрбие процесінің рейтингісі аудандағы барлық білім беру ұйымдарының жұмыс көрсеткіштері жылына 2 рет талданып, сараланып облыстық білім беруді дамыту орталығы бекітіп берген критерилер бойынша бағаланып, рейтинг жасалып отырады
2023-2024 оқу жылында оқушылардың ғылыми шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру және білімге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ауданда түрлі бағыттарда сайыстар, байқаулар және пәндер бойынша олимпиадалар ұйымдастырылып, оған 7000-ға жуық оқушы қатысты. Оның ішінде 912-і облыстық кезеңге жолдама алды, сол байқаулардың облыстық кезеңінен 400-ге жуық оқушы жеңімпаздар қатарынан көріне білді.
Қай мемлекеттің болмасын өркендеп-дамуына азаматтарының Отанға деген сүйіспеншілігі, патриотизмі іргетас болады. Елімізде елге, жерге деген сүйiспеншiлiк қасиетi дарыған, Отанына аянбай еңбек ететiн, озық ойлы, тапқыр да табанды, сауатты да салауатты, Егемен елiмiздiң еңсесiн биiктетер, үлкенге құрмет, кiшiге iзет көрсететiн жастарымыз өсіп жетілуде.
«Адамның адамшылдығы – жақсы ұстаздан» дегендей, біздің ауданда еліміздің ертеңі болар жас ұрпақты тәрбиелеуде білім мен саналы тәрбиені ұштастырған ұстаздар қауымына жоғары талаптар мен міндеттер жүктелген!
Жалпы Қазығұрт ауданында 78 мектеп бар. Онда 31 937 оқушы білім алады. Оның ішінде 71мемлекеттік, 4 жекеменшік мектеп, 3 облыстық, 2 қосымша білім беру ұйымы қызмет етеді.