gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістандық оқушылар Астана қаласында өткен білімділер сайысынан жүлделі оралды

11 июля, 2024
in Білім
0
Түркістандық оқушылар Астана қаласында өткен білімділер сайысынан жүлделі оралды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы  Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейі түрлі білім сайыстарына қатысып,  жүлдегер атанудан алдыңғы қатарда келе жатқан үлгілі білім ордаларының бірі. Жыл сайын жоғары нәтижелерімен қуантып келе жатқан мектеп оқушылары оқу жылының аяғында тағы қос жетістіктерімен қуантып отыр. Атап айтсақ, Астана қаласында өткен «Білім әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсына қатысқан 10-сынып оқушысы Қырмызы Тұрғанбек «Мақтау қағазымен» марапатталса, 5-сынып оқушысы Мырзахмет Нұрбақ «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде топ жарып, ІІ орын иелегері атанды.

Айта кетейік, Түркістан қаласы облыстағы қала және аудандар арасында алғашқы қатардан түспей келеді. 2022-2023 оқу жылында білім сапасы 60% болған болса, 2023-2024 оқу жылының ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша қала мектептеріндегі оқушылардың білім сапасы 63,1%  болып отыр. Бұл облыс көлеміндегі ең жоғары нәтиже. Биылғы жылы орта мектепті 2823 оқушы бітіргелі отыр. Олардың ішінде 178 оқушы «Алтын белгіге», 171 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Бұл өткен жылғыдан едәуір жоғары көрсеткіш. Ал, пәндік олимпиадалардағы жетістіктер бойынша  2022-2023 оқу жылында облыстық негізгі олимпиадаларға 114 оқушы қатысып, 77 оқушы (67,5%) жүлдегер атанса, республикалық олимпиадаға қатысқан 8 оқушының ішінен 7 оқушы (87,5%) олимпиада жүлдесін жеңіп алды. 2023-2024 оқу жылында облыстық олимпиадаларда 145 оқушыдан 99 оқушы (72,6%), Республикалық олимпиадаларда 10 оқушыдан 7 оқушы (70%) жүлделі орындарды жеңіп алған.

Сонымен қатар, педагогтар арасында да жетістіктер де аз емес. Мұғалімдер арасында өткізіліп жатқан облыстық, республикалық байқаулар мен фестивалдерде, олимпиадаларда жүлдегер атанып, түркістандық әріптестерінің мақтанышына айналған педагогтарымыздың саны жүзден асады.

 

Previous Post

Өскеменде өткен республикалық байқаудан Төлебилік оқушы үздік деп танылды

Next Post

«Ауыл аманатының» игілігін халық көруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz