«AMANAT» партиясының «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 2023 жылы 2 ауыл, яғни Хантағы және Қарнақ ауылдары еніп, азаматтарға 2,5 пайызбен несие берілген. Жалпы 3 кооператив құрылған.
Қарнақ ауылы бойынша:
2023 жылдың 15 наурызында сүт бағытында «Жаннат-2020» кооперативі құрылып 40 адам мүшелікке енді. Кооперативтің кепілдікке қоятын құжаттары жинақталып, «Ырыс» МҚҰ-на қарауға ұсынылған, алайда СПК мүшелерінің несиелік қарыздарына байланысты қаржыландырудан бас тартылған болатын.
2023 жылдың 17 наурызында құс бағытында «Тажитдин Ата» кооперативі құрылып 23 адам мүшелікке енді. Аталған СПК соммасы – 27,6 млн теңгеге қаржыландырылды.
Хантағы ауылы бойынша:
2023 жылдың 16 наурызында етті бағытта «Хантағы Береке» кооперативі құрылып 39 адам мүшелікке енді, алайда
2023 жылға Кентау қаласында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 126 құжат «Ырыс» МҚҰ-на қарауға ұсынылып, 92 құжат 491,6 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде Өсімдік шаруашылығы – 3 құжат 18 050 000 теңге,Мал шаруашылығы — 73 құжат 382 800 000 теңге,Құс шаруашылығы – 5 құжат 26 500 000 теңге, Балық шаруашылығы – 1 құжат 6 800 000 теңге,СПК –1 кооператив — 27 600 000 теңгеге және 9 құжат 6 – бағыт бойынша 47 900 000теңгеге қаржыландырылған.
Осы бағдарлама аясында 2023 жылы ІҚМ-160 бас, Жылқы-306 бас, Қой мен ешкі-370 бас басқа облыстардан сатып алынды.
2024 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасына 2 ауыл, Хантағы және Қарнақ ауылдары қалдырылатын болды. Хантағы ауылынан етті бағытта «Хантағы Береке» кооперативі өз жұмысын әрі қарай жалғастырып кепілге қоятын құжаттары жинақталып «Ырыс» МҚҰ-на қарауға ұсынылады деп жоспарлануда. Мерзімі 2024 жылдың 10 ақпанына дейін.
Қарнақ ауылы бойынша құс бағытында «Тажитдин Ата» кооперативі өз жұмысын әрі қарай жалғастырып 15 адам мүшелікке еніп несие алады деп жоспарлануда. Және жаңадан сүт бағытында «Қарнақ сүт» кооперативі құрылды. Кепілге қоятын құжаттарын жинақтап «Ырыс» МҚҰ-на қарауға ұсыну мерзімі 2024 жылдың 10 ақпанына дейін. Бұл туралы жұмыс жоспар бекітілген болатын.
Осы жерде айта кететін мәселе биылғы жылы алдымен кооперативтер қаржыландырылмай мүшелері қаржыландырылмайтын болды.
2024 жылғы жоспарға Ауыл Аманаты бағдарламасы бойынша 97 адам (477 млн теңге) несие алуға ниет білдірген, оның ішінде 57 адам Қарнақ ауылынан, 30 адам Хантағы ауылынан, 13 адам Байылдыр ауылынан және 3 адам Ащысай ауылынан.
1.Қарнақ ауылы: қажетті қаражат соммасы 267,1 млн теңге құрайды
- Ауыл Аманаты бағдарламасы бойынша Қарнақ ауылынан сүт бағыты бойынша 1 кооператив ашылуы жоспарлануда , мүшелікке ниет білдіргендер саны 20 адам.
- «Тажиддин ата» құс кооперативі бойынша қазіргі таңда 15 адам мүшелікке ниет білдіруде.
- 6 бағыт тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша қазіргі таңда 8 адам ниет білдіруде, толығырақ тоқталып кетсек
Шлакоблок өндірісі – 1, наубайхана ашу- 2, тігін цехі-2, қызмет көрсету станциясы-2, дәнекерлеу цехі-1
- Өсімдік шаруашылығын дамыту- жылыжай салу бойынша 5 адам ниет білдіруде.
- Балық шаруашлығы бойынша ниет білдірушілер саны 5 адам, оның ішінде 4 адам Қарнақ ауылынан 1 адам Ащысай ауылынан.
Жалпы күтілетін нәтиже бойынша ІҚМ басын 258 басқа арттыру, 350 тн сүт өнімдерін арттыру, 20 тн ет өнімдерін және 40 тонна балық өнімдерін арттыру.
2.Хантағы ауылы: қажетті қаражат соммасы 209,9 млн теңге құрайды
1) Хантағы ауылы бойынша «Хантағы Береке» кооперативіне мүшелікке ниет білдіруші саны 20.
2) 6 бағыт тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша қазіргі таңда 21 адам ниет білдіруде оның ішінде 11 адам Хантағы аулынан, 4 адам Ащысай және 6 адам Байылдыр ауылынан.
Күтілетін нәтижелерге келсек ІҚМ – 48 бас, Жылқы малы – 450 бас, ет өнімдерін өңдеу 350 тн-ға арттыру жоспарлануда.
Жалпы 2024 жылға «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Кентау қаласына 477 млн теңге қаражат бөліну жоспарлануда.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасына қатысам деген азаматтардың назарына;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 бұйрығына сәйкес Микрокредиттер үміткерлергежеделділік, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыздық, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырыпмынадай шарттармен беріледі:
1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы
жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік
көрсеткішке (9 230 000 теңге) дейін, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 (сегізмың) айлық есептік көрсеткішке (29 536 000 теңге)дейін.
Бұрын алынған микрокредит бойынша міндеттемелерді толық орындаған
үміткерлерге қайта кредит беру кезінде микрокредиттің ең жоғары сомасының мөлшері 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке (29 536 000 теңге) дейін ұлғаяды. Бұл ретте, микрокредиттер бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен беріледі, бірақ микрокредиттің ең жоғары мерзімінің 1/2 (екіден бір) бөлігінен ерте емес;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-дан аспайды;
4) кепілдік қамтамасыз етудің болуы;
5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит берумерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;
6) микрокредиттеуге мақұлдау алғаннан кейін Қазақстан Республикасының салықзаңнамасына сәйкес салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелу. Өтінімдерді қабылдау, микрокредиттерді қамтамасыз ету тәсілдері жергілікті
атқарушы орган мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалатын тапсырма
шартында көрсетіледі.
Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алу үшін жобаларды іріктеудің негізгі критерийлері:
1) жобаның басым бағыттарға сәйкестігі;
2) тұрақты жұмыс орындарын құру;
3) жеке тұлғалар үшін — жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді
мекенде немесе шағын қалада тұрғылықты жері бойынша кемінде 12 (он екі) ай (
микрокредит алуға өтінім беру күніне) тұрақты тіркеудің болуы;
жеке кәсіпкерлер үшін/заңды тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып
отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның
орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеудің болуы;
4) жаңа, бұрын пайдаланылмаған техниканы, жабдықты сатып алу.
Микрокредиттер мынадай мақсаттарға берілмейді:
1) жеңіл автокөлік сатып алу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын жақын туыстарынан сатып алу;
3) кейіннен жалға беру үшін ғимараттарды, үй-жайларды, тұрғын үйлерді сатып алу
және/немесе салу.
С.Асылхан,
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы