Биылғы жылы Қазығұрт ауданының бөліміне қарасты 71 мектепте 1-4 сынып аралығында білім алатын 10 905 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында мектеп жанындағы сауықтыру алаңымен қамтылады. Оның ішінде 3500 оқушы тамақпен қамтылатын болады. Қазіргі таңда, білім беру мекемелерінде сауықтыру алаңдарын әзірлеу жұмыстары жүруде.
Бүгінгі әлемнің тез өзгеретіні соншалық, заманауи білім беру өзгерістерді соңынан емес, керісінше, алдын ала болжауы тиіс. Осыған байланысты отандық білім беру жүйесі қайта құруды, халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді және заман талабына лайықты азаматтарды даярлауды қолға алуда. Бұл кемел болашақтың жарқын екендігіне нақты дәлел!
Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» басшылыққа ала отырып, ұлттық құндылықтарды енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ХХІ ғасыр шәкіртін тәрбиелеу – білім беру саласының басты мақсаты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес (тұл жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, мектепішілік «тәртібі қиын», «Жайсыз отбасыдан шыққан») қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне 2262 оқушыны қамту жоспарланған. Қазіргі таңда, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мердігер мекемені анықтау мақсатында ашық конкурс жарияланған, конкурс қорытындысы күтілуде.Ұлттық білім беру деректер қорының аналитикалық есебі бойынша 5404 педагог бар. Оның ішінде, 920 педагог мектепке дейінгі білім беру ұйымында (2 мемлекеттік, 11 сенімгерлік, 65 жекеменшік),4368 орта білім беру ұйымында,122 педагог 2 қосымша білім беру ұйымында жұмыс атқарады. Аудан орта білім мекемелерінде 4368 мұғалім.
Аудандағы 71 мектептің ғимараты бойынша: Апатты мектеп – 1 (Турап Тула жббм, қазіргі таңда оқушы саны 597). Үш ауысымды мектеп – 1 («Шарбұлақ» жббм, қазіргі таңда оқушы саны 1054). 2022 жылы 7 мектептің құрылысы басталған. 2023 жылдың қорытындысымен 3 мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Амангелді атындағы жалпы орта мектебіне 150 орындық қосымша мектеп ғимараты, П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектеп 200 орындық, Сырлысай елді мекеніндегі 200 орындық жалпы орта мектебі.
2024 жылдың наурыз айында 1 мектеп (А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебіне-300) пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 2024 жылдың соңына дейін құрылысы басталған 3 мектеп (Т.Тула атындағы жалпы орта мектебіне-300, С.Рақымов атындағы жалпы орта мектебіне-300, Атажұрт (Жаңа Айнатас) елді мекенінен-100) пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, жаңа құрылысқа қажеттілік – 8.
Оның ішінде, ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан мектепке жаңа құрылыс салу – 3 (Жеңіс, А.Ақабаев, Ақбастау) ЖСҚ мерзімі аяқталуына байланысты қайта түзетуге ұсынылды. Қосымша ғимаратын салуды қажет ететін мектеп – 2 (Макаренко ат. жббм, «Жаңатірлік» жббм). Үш ауысымға өтудің алдын-алу, мектебі жоқ мөлтек аудандарға жаңа құрылыс салу – 3. Болашақ мөлтек ауданынан 600 орындық «Жайлы мектеп», 300 орындық Сегізсай е.м ,Сарапхана а/о, 300 орындық мектеп Төменгі Шарбұлақ елді мекені. Тиісті облыстық салалық басқармаларға ұсыныс хаттар жолданған.
Биылғы жылы жаңадан 2 мектептің құрылысы басталатын болады. Болашақ мөлтек ауданынан 600 орындық «Жайлы мектеп», 300 орындық мектеп Төменгі Шарбұлақ елді мекені. Елді мекендерге газ құбырлары тартылуына байланысты қатты және сұйық отын арқылы жылытылатын 5 мектепті («Қақпақ», «Қызылтаң», «Қызылсеңгір», «Заңғар» ЖББМ және «Талдыбұлақ» НОББМ) табиғи газге қосу мақсатында ақау актісі мен сметалық құжаттамалары әзірленіп, техникалық шарттары алынған.
Жалпы құны 80 943,3 мың теңге қаржы қарастырылып, білім бөлімі тарапынан жеңімпаз мердігір мекемені анықтау мақсатында конкурс жарияланды. Аудан аумағында орналасқан мектептердің ішкі әжетханаларына талдау жұмыстарын жүргізіліп, 13 мектептің ішкі әжетханасын ағымдағы жөндеуден өткізу қажеттілігі анықталуына байланысты ақау актісі мен сметалық құжаттамалары әзірленді.
Жалпы құны 137 877,0 мың теңге қаржы қарастырылып, облыстық салалық басқарма тарапынан жеңімпаз мердігір мекемені анықтау мақсатында конкурс жарияланды. Аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің техникалық жағдайына талдау жүргізіп, шатырынан жауын шашынның өтуі, сыртқы дуал қабырғасының декоротивті слақтары түсіп, жарамсыздануына байланысты жөндеу жұмыстарын қажет ететін 23 мектеп анықталуына байланысты ақау актісі мен сметалық құжаттамалары әзірленді.
Жалпы құны 644 408,2 мың теңге қаржы қарастырылып, білім бөлімі тарапынан жеңімпаз мердігір мекемені анықтау мақсатында конкурс жарияланды. Сыртқы қабырғалары металлосайдинг қапталатын мектеп саны – 15. Көкібел жббм, Қосағаш жббм, Майбұлақ жббм, Талдыбұлақ жббм, Ынталы жббм, Ш.Қалдаяқов жббм, Жаңатірлік жббм, Еңбек жббм, Қ.Өміралиев жббм, Қақпақ жббм, Д.Қонаев жббм, Ақжар жббм, А.Бектаев жббм, Абай (Ш) жббм, білім бөлімінің ғимараты. Шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілетін мектеп саны – 6; Ақжар жббм, А.Бектаев жббм, А.Макаренко жббм, Атбұлақ жббм, Еңбекші жббм, білім бөлімінің ғимараты.
Сыртқы абаттандыру, ішкі қабырғаларын қалыпқа келтіру – 2; Жамбыл жббм, Т.Тоқтаров жббм,
Мектептердегі асханалар және буфеттер жағдайы 1-4 сыныптарға ыстық тамақ беру бойынша. 71-мектептегі 1-4 бастауыш сыныптарда бір мезгіл ыстық тамақ ішетін оқушы саны 10844-ҚР Үкіметінің 25.01.2008 ж №64 қаулысы негізінде тамақ ішетін оқушы саны 633. Барлығы – 11477.
8 мектептің асханасы жоқ болуына байланысты 4 мектепте (Жаңатірлік жббм, Т.Рысқұлов ат.м/л, Ә.Ақабаев б/м, Таң б/м) жеке кәсіпкер тарапынан мектепке жақын орналасқан талапқа сәйкес ғимаратты жалға алынған. Қалған 4 мектепте (Жеңіс ном, Ызабұлақ, Өгем, Т.Қалқаұлы б/м) бос кабинеттерін талапқа сәйкестендіріп тамақтандыруды ұйымдастырылуда.