gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сайрамдық оқушылар Қазақстан чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

12 июля, 2024
in Қоғам
0
Сайрамдық  оқушылар Қазақстан чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Share on FacebookShare on Twitter

Өскемен қаласында садақ атудан өткен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш сайысқа Қазақстанның облыстары мен қалаларынан сайдың тасындай іріктеліп келген 300-ден аса кіл мықты қатысты. Байқау барысында Сайрам ауданындағы №24 М.Махажанов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары да бапкерлерімен бірге барын салды.

Үш күн толассыз тартысқа толған аталмыш сайыс сайрамдық сұр мергендеріміз – «Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде» шеберлігін шыңдаған шәкірттеріміздің мысы мен сағын сындыра алмады.

Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шеберлігін шыңдаған сайрамдықтар жасындай жарқырады. Сонымен бірге Төлеби ауданының мергендері облыс қоржынына қос жүлде салды.

Өскеменде өжеттілік, шығыста шымырлық танытқант түркістандық жас садақшылар үш күнде 5 алтын, 4 күміс, 4 қола медальды қоржындарына салды. Осылайша, дәстүрлі спорт түрін өз деңгейінде дәріптеген өрендер өздеріне қолдау білдірген Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі басшылығының сенімін ақтай білді.

Дәстүрлі жас садақшылар Түркістан – ұлттық спортымыздың ордасы, ерлік пен еңбектің мекені екенін тағы бір дәлелдеп берді. Әрине, осынау әрбір жетістіктің артында білікті бапкер «Сайрам садақ ату федерациясының» президенті Махамбет Сатбаевтың ерен еңбегі мен төккен терінің тұрғаны мәлім.

Сайыс қорытындысына сәйкес, Қазақстанның дәстүрлі садақ ату спорт түрінен алтын, күміс, қола медальдарды мол олжалаған Түркістан облысы еліміз бойынша үздік деп танылды.

 

 

Previous Post

Төлебиде «Жайлы мектептің» құрылысы қарқынды

Next Post

Жасөспірімдер арасында шахматтан ашық біріншілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz