gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Төлебиде «Жайлы мектептің» құрылысы қарқынды

12 июля, 2024
in Қоғам
0
Төлебиде  «Жайлы мектептің» құрылысы қарқынды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесін одан әрі дамыту және мұғалімдерді қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атай келе, үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығын шешу үшін «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасын қабылдауды тапсырған болатын.

Жоба аясындағы жаңа мектептерде оқушы үшін де, мұғалім үшін де жан-жақты қолайлы жағдай жасалумен қатар, бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік шараларын орнату, сондай-ақ, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының бөлек блоктарда оқыту, оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдарын сақтауға, ауыстырып киетін киімге арналған жеке шкафтар, кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына тиісті жағдайларды қарастыру көзделіп отыр.

Елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 217 мектептің құрылысы жүргізілуде. Соның бірі Төлеби ауданы, Киелітас округі, Достық елді мекеніндегі 900 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы.

Бүгінгі таңда, аталған мектептің құрылысын жүргізіп жатқан 96 жұмысшының 18-і тұрғылықты жердің тұрғындары құрылыс басында 9 түрлі техникалар жұмыс істеуде.

«Халықпен бірге» атты 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламадағы мектеп құрылысына үнемі қоғамдық бақылау жасау үшін Партиялық бекет қойылып , тиісті жоспар бойынша құрылыс сапасын біліп отырамыз. Осы мақсатта аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қансейітов Қуанышбек Үсіпәліұлы, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мусаев Даулет Аманжолұлы, Умарова Қарлығаш Раушанқызы және комиссия мүшелері  мектептің құрылысын көріп қайтты.

Жоспар бойынша биылғы жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс құрылыс жұмыстарының мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты жобаға сәйкес сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау қажеттілігі тапсырылды.

«Жайлы мектептің» бүгінде II қабаттың монолит құю жұмыстары, темір арқалықтар орнатылуда.

Одан бөлек Көксайек ауылында 600 орындық жайлы мектептің құрылысы қарқынды жүруде.  Аталған құрылыс басында 10 бірлік техника мен 55 адам жұмыс істеп жатыр. Ғимараттың жер учаскесі 2,04 гектарды құрайды. Ал ғимараттың жалпы ауданы 8921,9м2. Мектептің жобасы қазіргі  заман талабына сай жасалған.

Жалпы Төлеби ауданында 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұл «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында жоспарланған болатын және Төлеби ауданының Жол картасына енген. Мектептер Көксайек, Қосағаш, Достық және Тағайна ауылдарында бой көтеруде.

 

Previous Post

Кентауда жер түгендеу бойынша жиын өтті

Next Post

Сайрамдық оқушылар Қазақстан чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz