«Серпін» бағдарламасы биыл да жалғасын тауып жатыр. 10 жылдан бері халқы тығыз орналасқан оңтүстік жастарын басқа да аймақтарға оқытып, жұмысқа орналастыруды мақсат еткен жобаға биыл 3 653 грант бөлінген. Оның 800-ден астамы түркістандық түлектерге берілмек. Оқуға түскен студенттер толықтай жатақханамен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды. Аталған бағдарламамен білім беретін жоғарғы оқу орындарының саны 19-ға жеткен. Оларда 30-дан аса мамандық түрлері оқыталады.
ҰБТ нәтижесінде төмен балл жинаған түлектер Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық оқу орнының ғимаратына келіп құжат тапсыра алады. Қабылдау 20-шілдеге дейін жалғасады. Бүгінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Серпін – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі оқу орындарының өкілдері облыс жастарына жан-жақты мәлімет беруде. «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етілетіндігі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.Биыл бағдарлама шеңберінде елімізде 3653 грант бөлінген.
Еске сала кетейік, «Серпін — 2050» «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.
Бағдарлама мақсаты — халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр.
«Серпін» бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.
Айта кетейік, бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған. Ақпараттандыру жұмыстары 20 шілдеге дейін жүзеге асады.