gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Жайлы мектеп»: Бәйдібекте жаңа оқу жылы жаңа мектеппен толығады

19 июля, 2024
in Қоғам
0
«Жайлы мектеп»: Бәйдібекте жаңа оқу жылы жаңа мектеппен толығады
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған мектептің құрылысы былтыр тамыз айында басталған. Биыл мектепті толықтай тапсыру көзделіп отыр. Учаскенің жалпы ауданы 2,8 гектар жерді құрайды. Ал ғимараттың жалпы ауданы  – 5 700,0 шаршы метр.

Осы бағытта Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданынына жұмыс сапарында Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысын қадағалады.  «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептің  тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы. Құрылысты «Тамыз құрылыс ББК» ЖШС мекемесі жүргізуде.  Жоспар бойынша оқушылар биыл қыркүйек айында жаңа «Жайлы мектептің» табалдырығын аттайды.

Облыс әкімі мердігер мен осы салаға жауапты азаматтарға жұмысты жеделдету жөнінде тапсырма берді. Туындаған мәселелерді дер кезінде шешуді ескертті. Бұл мектеп өзге білім ұяларына үлгі болып, оқушылар мен ұстаздарға жағдай жасалуы керектігін жеткізді. Мектепті білікті ұстаздармен қамту мәселесі де назарға алынады.

– Бұл жобаның жүзеге асуы – сіз бен бізге сын. Кәсіби мамандар жасақтауды тездетіңіздер. Ең бастысы, құрылыс мерзімінің бұзылуына ешқандай жол беруге болмайды. Осыны ұмытпайық. Сапаның ақсамауын қадағалаңыздар, – деп атап көрсетті Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп салу жоспарланған. 29 жайлы мектептің құрылысы биыл аяқталады.

Құрылыста отандық өнімге басымдық берілген. Қажетті жиһаз көлемі ауқымды болуына байланысты Түркістан облысында жиһаз шығаратын кәсіпорындар ашылды. Жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде Binom School мектептер желісінің тәжірибесі ескеріледі.

Previous Post

«Жайлы мектеп»: Түркістан облысында биыл жыл соңына дейін 29 мектеп пайдалануға беріледі

Next Post

Түркістанда «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz