Бүгін қала әкімі Жандос Тасов тұрғындармен жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғын үй, аулаларға ойын алаңшасын салу, жол төсеу және өзге де жеке мәселелер бойынша азаматтар болды.
Әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдаған қала басшысы әр мәселеге жеке тоқтап, тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берді.
Мәселенің заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.
Кейбір жеке азаматтардан түскен өтініштермен жұмыс жүргізу үшін бақылауға алынды.
Көтерілген мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.