Кентау қаласында жалпы 374 шқ құрайтын, 416 көше бар. Бүгінгі таңда, қанағаттанарлық жолдардың ұзындығы 303 шақырымға, яғни 81 пайызға жетті.
Осы сәтке дейін, көше жолдарына құрылыс жұмыстарын қажет етіп тұрған аймақтарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгін де қаладағы 66 орам көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 205 метр асфальт жабындысы төселіп, аяқ жол мен сауағар науа орнатылды.
Жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында орталық көшелермен қатар, құрылыс жұмысын қажет ететін көшелер мен мөлтек аудандардағы ішкі орам көшелеріне басымдық берілуде.
Жалпы, биыл 14,5 шақырымды құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған.
Сондай-ақ, «Ауыл- ел бесігі» жобасы аясында Кентау қаласына қарасты Қарнақ, Байылдыр ауылдарында 14,6 шақырым құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.