Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, ортаазиялық геморрагиялық қызбасы) — адамның вирустық табиғи-ошақты ауруы, оның қоздырғышы кене болып табылады. Ол күрт басталуымен, дене температурасының екі толқындық көтерілуімен, жалпы интоксикациямен және геморрагиялық синдромммен (қан ағу жоғарылайды) сипатталады.
Конго-Қырым ауруын алғаш рет рессей дәрігерлері 1944 жылы тапқан, кейін бұл ауру Конгода, Нигерияда, Сенегалда, Кенияда сипатталған. Қызбаның қоздырғышы – нейровирустар типіндегі РНҚ құрамындағы вирус. Табиғаттағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы негізгі тасымалдаушылары мен көздері әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, оны ұрпақтарына тарататын кенелер болып табылады. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда ауру көбірек кездеседі
Ауру көбінесе маусымдық мезілдерге байланысты, әсіресе мамыр және тамыз айларында көп кездеседі. Ауру адам инфекция көзі болуы мүмкін, ауру адаммен қарым қатынас кезінде қан арқылы беріледі (аурухана ішілік жұқтыру).
Қандай өзгерістер болады?
Вирус организмге тері арқылы беріледі (кене шаққан кезде), вирус қанға өтеді және ретикулоэндотелиальды жүйенің клеткаларында жинақталады және қанайналымда жүреді. Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 1 және 14 күн аралығында (жиі 2-7 күн).
Клиника және симптомдар.
Ауру тез басталады және дене температурасы кенеттен 39-40°С дейін көтеріліп, қалтыраумен бірге сипатталады. Бұл кезде өте жоғарғы дәрежедегі бастың ауруымен және қатты әлсіздікпен көрінеді, ұйқышылдықпен, бүкіл дененің қақсап ауруы, бұлшық еттердің және буындардың ауруы байқалады, іштің ауыруы, кейде құсу жүреді.Бастапқы кезеңде науқастарды қарап тексерген кезде, бет, мойын және кеуде үстіңгі бөліктерінің терісі қызаруы байқалады («симптом капюшона»).Вирус қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігінің артуына әкелетін қан тамырларының эндотелийін, сондай-ақ, бүйрек үсті безінің сыртқы қабатын және гипоталамусты бұзады, қан ұю процестерінің бұзылуына әкеледі. Аурудың 2-6 күнінде геморрагиялық синдром дамиды. Кеуде қуысының бүйір бетіндегі температура аздап төмендеген кезде, иық белдеуінің аймағында жоғарғы және төменгі бөліктерде геморрагиялық бөртпе пайда болады. Инъекциялық жерлерде, мұрыннан және қызыл иектен қан кетулер байқалады. Осы кезеңде аурудың ауырлығы артады, есін жоғалту эпизодтары қайталануы мүмкін. Асқазан мен ішектің қан кетуі болжамды нашарлатады. Орташа есепен алғанда, дене температурасы 12 тәулікке дейін көтеріледі, сауығу баяу жүреді, әлсіздік (астения) 1-2 ай бойы сақталады.
Геморрагиялық қызбасының асқын-улары — сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі пайда болуы мумкін.
Диагностикасы және емі
Ауруды тану, клиникалық деректерге негізделеді (жедел басталу, ауыр түрде өтуі, ауыр геморрагиялық синдром, маусымдық, анамнезінде кене шағуы). Емдеу инфекция бөлімінде жүргізіледі.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу
• Кене ауруларының алдын алудың ең жақсы жолы – кене шағуының алдын алу.
• Алаңды өңдегеннен кейін ғана лагерь құру керек, шөпке отырып, жатуға болмайды.
• Саябаққа немесе саяжайға барған кезде жабық киім киген жөн, шалбар етікке тығылған болуы керек және міндетті түрде өзіңізбен бірге бас киімді алыңыз, шашыңызды бас киімнің немесе орамалдың астына жинаңыз.
• Арнайы аэрозоль және спрей репелленттерін пайдаланыңыз, оларды үш сағат сайын қайталап жағып тұру керек.
• Орман аймағында, шөпті өсімдіктері бар жерлерде жүрген кезде әр 10-15 минут сайын өзара және өзін-өзі тексеруді, үстіңгі тексеруді жүргізу керек.
• Ашық демалыстан қайтып, киімдерін шешкеннен кейін денені, шаш пен киімді кенелердің, әсіресе бас терісін, қолтық асты, құлақтың артындағы жерлерін жабысып қалатын кенелердің бар-жоғын мұқият тексеріңіз. Киімді желдетіңіз, бөлмеге бірден гүлдерді, бұтақтарды, аңшылық олжаларды әкелмеңіз.
• Бекітілген және жабысқан кенелерді анықтау және жою үшін үй иттерін және басқа үй жануарларын тексеріңіз.
Есіңізде болсын! Кене шағуы аса қауіпті инфекцияның – Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының даму мүмкіндігімен қауіпті. Оған қоса, табиғи ошақтардағы кенелер кене энцефалитінің қоздырғыштарын тасымалдауы мүмкін.
Кенеден қорғану ережелерін сақтау және дереу медициналық көмекке жүгіну сізді аурулардан сақтайды және өміріңізді сақтайды.
Нигара Абдулалимова,
Кентау қалалық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігер