Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауыл тұрғындары ауылшаруашылыққа бейім, еңбекқор тұрғындар. Бүгін қала әкімі Жандос Тасов жұмыс сапары барысында ауыл тұрғындарымен кездесті.
Бірінші кезекте қала әкімі ауылдағы қарқынды бау-бақшаны жүргізіп отырған «Тажиддин ата» шаруақожалығына барып, өнімдерімен танысты. Онда бес түрлі алманың сорты өсірілуде. Одан бөлек, жүзім жемісі де жақсы өнім беріп тұр. Науқан кезінде бірқатар ауыл тұрғындарына жұмыс беріп отыр.
Тұрғындар ауылға ең қажетті ағын су мәселесі мен көше бойына бейне камералар орналастыру қажеттігін көтерді. Биыл Қарнақ ауылында бірнеше жылдар бойы өзекті болып келген Мәдениет үйінің құрылысы бастау алды. Сондай-ақ 11 көшеге асфальт салу жұмыстары жүргізіледі. Аиалған құрылыстар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Ауыл тұрғындары қала әкіміне жолдаған әрбір сауалдарына заңды жауаптарын алып, елдің бірлігі мен тыныштығын тілеп, ақбаталарын берді.