Тәуелсіздіктің отыз екі жылында сот саласында ізгілендіру, қолжетімділік, азаматтардың құқын қорғауды жетілдіру секілді жаңашылдықтар жолға қойылды. Солардың ең бастысы – Алқабилер кеңесі, сотқа дейінгі бітімгершілік жұмысы болғаны анық. Аталған бағыттар бойынша іске асып жатқан жұмыстар жөнінде біз Кентау қалалық сотының төрағасы Есбол Абдрамановтан сұхбат барысында сұрадық.
— Есбол Жүнісәліұлы, мекеменің құрылу тарихына аз-кем тоқталып өтсеңіз? Осы жылға дейін қала-лық сотта қанша іс қаралды?
— Кентау қаласы 1955 жылы құрыл-ған. Қала құрылғаннан кейін сот басқа атауымен қызмет атқарып жүрген. Соттың жұмысының көп болуына байланысты 1956 жылы 2 сот учаскесі болып бөлінді. №1 сот Кентау қаласында және №2 сот Хантағы ауылында орналасты. Алғ-ашында әр сотта 2 судьядан қызмет атқарды. 1960 жылы екі сотты біріктіріп, Кентау қалалық соты болып, прокуратура ғимаратында 1997 жылға дейін қызмет отырды.
Қазіргі ғимарат 1997 жылдан бері қолданылып келеді. Ұлы Отан соғы-сының ардагері Б.П.Левченко 1958 жылы Кентау қалалық сотына төраға болып еңбек еткен. Он жеті жыл бір қалалық сотты басқарып, өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқарды. 1992-2002 жылдардағы мәліметке сүйенсек, тоқырау кезеңінде айына 170-200 азаматтық істер қаралған екен. Ол, әкімшілік, қылмыстық істерді санамағанда. Сот алғашқы құрылған кезден осы күнге дейін қанша іс қарағанын нақты санын айту қиын.
– Есбол Жүнісәліұлы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақ-стан құруда заң үстемдігіне жете мән беріп отыр. Конституциялық өзгерістер мен толықтырулар ая-сындағы заң жобаларына байлан-ысты Сіздің пікіріңіз қандай?
— Ежелден қазақ қоғамы қашанда заңға арқа сүйеп, тәртіпке тәуелді болған. Көненің көзі қалыптасқан жарғылардан бастап, әділдік іздеген жанның сүйенішіне айналған. Сон-дықтан Жаңа Қазақстан құру жолында заң саласының дамуы, халыққа қолайлы жасалып, жүйеленуі тәуелсіз елдің әрі қарай өркендеуіне үлесін қосады. Оның ішінде, халықпен санасып, елдің талқысына салып, заң аясында жаңа редакция бекігеннен кейін бұл салада өрлеу бастала-тындығына сенім артамын. Заңға сүйеніп тәртіпке бағынған мем-лекет өркендейді. Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асыры-лады. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын белгілі заңгер-құқықтанушылар және консти-туциялық құқық саласының мама-ндары әзірледі. Контситуциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттырады және саяси үдерістерді шын мәнінде демократияландырады деп сеніммен айта аламын.
– Мемлекет басшысы биліктің сот тармағын жетілдіру үшін түбегейлі жаңа әдістер мен жүйелер енгізу керектігін бірнеше рет атап өтті. Бұл бағытта қандай жұмыстар қолға алынып жатыр?
— Сот реформасы – бұл құқықтық мемлекеттің маңызды критерийі, ин-вестициялық тартымдылықтың не-гізі, жекеменшік құқығын қорғауды қамтамасыз ету. Сот жүйесін рефор-малаудың жаңа тәсілдері судьялар-дың тәуелсіздігін одан әрі нығайтуды, қоғамның соттарға деген сенімін арт-тыруды, сот төрелігін іске асыруға жаңа кәсіби кадрларды тартуды ынталандыруды, сот процесінің ың-ғайлылығы мен тиімділігін көтеруді қамтамасыз етуі тиіс», — деп атап өткен болатын ел Президенті Қ.Тоқаев. Жалпы, сот жүйесіндегі реформалар, ең алдымен, халықтың судьяларға деген сенімін арттыруға бағытталған. Президенттің ұсыныстары негізінде тәжірибелі мамандарға баса назар аудара отырып, кадрларды жаңа іріктеу, процесті жеңілдететін және адами факторды жоятын жаңа тех-нологияларды енгізу, сот төрелігінің ашық алаңын құру жұмыстары бүгінде біртіндеп іске асырылып жатыр.
– Үш сатылы сот жүйесінің артықшылықтары мен пайдасы туралы түсіндіріп берсеңіз.
— Үш сатылы сот жүйесі – халықаралық тәжірибеде бар жағдай. Аралық сатылардың көп болуы сот процестерін қасақана ұзақ болуына және сот шешімін орындаудың созылуына әкеліп соғатыны белгілі. Сот шешімін бірнеше рет өзгертіп, күшін жою – республика атынан шешім қабылдайтын соттардың беделіне нұқсан келтіретін жағдай екені судьяларға мәлім. Осындай жағдайларды ескере отырып, Жаң-ғырту жөнінде ұлттық комиссия сот жүйесінің сатыларын оңтайландыру туралы бастаманы қолдады. Касса-циялық сатыдағы істерді Жоғарғы Сот қарайды. Жоғарғы Сотта судьялар саны және аппарат қызметкерлерінің саны арттырылған. Апелляциялық саты істерді үш судьядан тұратын алқа негізінен қарайды. Қысқартылған тәртіптегі, онша ауыр емес қылмыстар және сот үкімін орындау мәселелеріне қатысты істерді судьялар бұрынғыдай жеке қарайды.
– Қазақ билерінің төрелік айту дәстүрі тәуелсіз Қазақстанның тарихында сот жүйесіндегі тату-ластыру рәсімімен жалғасты. Сот жүйесінде дауларды медиация ар-қылы шешуге үлкен мән берілуде. Кентау қалалық сотында бұл жүйе қаншалықты жүзеге асып жатыр?
— Сот жүйесінің дамуы қазірге таңда күн санап қарқын алып келеді. Ерте кезде әділ төрелік жасап, дауласқандарды бітімге келтірген. Ал, қазіргі өркениетті елімізде заманның алға басуына байланысты халықтың мүддесі үшін жаңа заңдар қабылдануда. Солардың бірі «Медиация туралы» заң. Қазіргі таңда сот жүйесінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке немесе заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу барысында, қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодек-сінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қыл-мыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу бары-сында қаралатын даулар мен жан-жалдар және атқарушылық іс жүр-гізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Өмір болған соң әр түрлі пікірдегі адамдар болады. Бірақ, дені істерді заңды түрде қаратып әділ шешімдерін алып жатады.
Дауласып, ұрысып келгендердің ішінде сот процесі үстінде татуласып, бір мәмілеге келгендер де көп болды. Біз сотқа дейін екі тараптың дауын шешуде сараптама жұмысын атқарамыз. Бұл жерде медиацияның рөлі жоғары. Медиацияның тиімділігі жөнінде тағы бір ескеретін жайт, бұл жерде екі тарап ортақ келісімге келетіндіктен, шешімнің орындалу деңгейі жоғары болады. Соттағы іс жүргізу процесінен айырмашылығы, медиация еркін процесте жүргізіледі. Осы бағыттарда жұмыс жасап, біз істі сотқа жеткізбей мәселені шешуге тырысамыз. Кентау қалалық сотында соңғы 5 айдың есебі бойынша 154 азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды.
– Бір сөзіңізде Сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігіне – қос тарапты бітімгершілікке шақыру жатады деп айтып өттіңіз. Соттың осы бағыттағы жұмысын түсіндіріп берсеңіз?
— 2007 жылы 31 қазанда Құқықтық саясат кеңесінің мәжілісінде азамат-тық іс жүргізу процесінде бітім-гершілік шаралары институтын енгізу және сот отырысынан тыс дауларды медиатордың қатысуымен қарау тәртібіне заңдар қабылдау қажеттілігі айқындалды. Ал, 2011 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасының Парламенті аз-аматтық және қылмыстық істер процесінде дауларды жан-жақты шешу үшін «Медиация туралы» заң қабылданды.
Көптеген елдерде медиация тәр-тібін қолдану арқылы медиация мектебі жетілдірілген. Осының нәтижесінде сот ісін жүргізу жақ-сарып, медиаторлардың имиджі артып, оларға жүгіну арқылы сотқа істі жеткізбей іс медиаторлардың көмегімен тоқтатылған.
Азаматтық процестік кодекстің 272-бабы 7-тармағына сай, тараптар медиатормен шарт жасасып, ол сотқа ұсынылған жағдайда, іс жүргізу 10 күн мерзімге тоқтатыла тұрады. Тараптар медиацияны судья өткізетіндігі туралы өтініш хатты бергеннен кейін медиа-ция 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Судья дауды медиация тәртібімен жүргізуді тоқтату туралы келісімді Азаматтық процестік кодекстің 272-бабы 6-тармақшасына сай бекітіп, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік баж салығын қайтару қажеттігін көрсетеді.
– Есбол Жүнісәліұлы, Алқабилер соты атқарып жатқан жұмыстарға тоқтала өтсеңіз, сондай-ақ, қала тұрғындары қандай жағдайда Алқа-биге жүгіне алады?
— Қоғам өркениетке жеткен сайын заң да өзгере бастайды. Қазақстанның 2010 жылдан 2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында алқабилер сотын енгізу қажеттілігі айтылған. Осыған орай алқабилер сотын енгізуге қатысты бастапқыда әртүрлі пікір болғаны рас. Бірақ, «көш жүре түзіледі» деген бар. Біз ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде алқабилер институты бар. Сол сияқты бүгінгі заман талабы өмірімізге алқабилер енгізуді талап етті. Алқабилер соты – қылмыстық соттың істі қарауына шақырған және ант қабылдаған ҚР азаматы қатысатын сот жүйесі институты. Қазақстанда алқабилер соты 2007 жылдан бері қолданылады.
— Кімдер Алақаби бола алады, оларға қандай талаптар қойылады?
— Әрине, ережеге сәйкес, 25 пен 65 жас аралығындағы Қазақстанның кез келген азаматы алқаби бола алады. Бірақ бірнеше талапқа сай болуы керек.
– Есбол Жүнісәліұлы, ұзақ жылдан бері судьялық қызметтің ыстығына күйіп, суығына тоңып келесіз. Судья халықтың ары демекші, бүгінгі судьяға қойылар талап қандай?
— Бұл салада еңбек етіп жатқаныма біраз жыл болады. Сот жүйесі заң үстемдігін толық қамтамасыз етуді көздейді. Сондықтан, қазіргі таңда жалпы судьяларға және үміткерлікке кадрларды іріктеу мен орналастыруға айрықша назар аударылып отыр. Әр судья қара қылды қақ жарып әділдікті ақ ту етуге тиісті. Қай заманда да судьяларға қойылатын талап бір. Әділ, заңға сай шешім шығару.
– Әңгімеңізге рахмет!
Раушан НАРБЕК