Қазіргі кезде білім беру стандарты талаптарына сай қоғамдық пәндерді оқытуда ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеледі. Жаңа педагогикалық және ақпараттықкоммунитативтік технологияларды қолдану бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда басты рөл атқарады. Оның басты міндеттері мынадай: — оқушылардың ежелгі адамзат қоғамының дамуынан, бүгінге дейінгі дамуынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру; — оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру; — оқушылардың басты назарын қоғам тарихына аудару; — тұлғаның жеке мүддесі, мүмкіншілігін ескере отырып, бүкіл адамзаттың мәдени тұлғасын сақтауға және байытуға үлес қосуға тәрбиелеу. Осы міндеттерді орындау үшін шет тілін оқыту маңызды орын алады. Сондықтан шет тілін оқытуда оқушылардың айрықша белсендігін, ойлау қабілетін, ізденісін дамыту үшін сабақтың әртүрлі типтерін ұйымдастыру қажет. Жаңа заман талабына сай теориялық білімді игеру мен жаңғырту, технологиялық процестерді үздіксіз қолдану оқушылардың алған білімін жаңаша, шынайы қалыптастырады. Шет тілі пәнін оқытуда ақпараттандыру құралдарының орны ерекше. Шет тілін мәдениетпен байланыстыра оқытудың басты мақсаты: шәкірттердің ойлануына, толғануына, пікір таластыруына ықпал ету, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру, эстетикалық талғамын тәрбиелеу, оларды өз еңбегімен ізденуші, білім алушы дәрежесіне жеткізу. Шет тілін еркін меңгеру, тіпті шектеулі дәрежеде сөйлей білу – қыр- сыры көп аспектілердің бірі десек, ал қажырлы оқудың нәтижесі – коммуникативтік құзыреттілік – өте күрделі, көп компонентті құбылыс болғандықтан, шет тілін оқытудың мақсатына, яғни күрделі интеграциялық тұтастықты көрсете отырып, мәдени аралық құзыреттілікке алып келеді.
Шет тілін оқып-үйрену процесі кезінде коммуникативтік құзыреттіліктің мынандай компоненттерін дамытуға аса мән бергеніміз жөн:
- Сөйлеу құзыреттілігі – оқушылардың сөйлей алуы (диалогтық және монологтық сөйлеу), оқу және жазу; Шет тілін оқытуда қойылған мақсатқа жету үшін оқытудың әр түрлі құралдарын пайдалану көзделген. Оқу құралдарына оқытуды ұйымдастыруда, оқыту-тәрбие процесін жүргізуде қолданылатын барлық материалдар жатады. Әр оқу құралын тиімді пайдалану оқытушыға байланысты. Соған орай ол қажетті нәтижеге қол жеткізе алады. Сөйлеу құзыреттілігін дамыту үшін төмендегідей оқу құралдарын пайдалану қажет: оқулық — оқытудың ең басты және негізгі құралы, ол оқытудың барлық әрекетін қамтитын оқу материалдарынан тұрады; оқуға арналған кітап — ол әр оқушының қолында болуы тиіс. Әр түрлі тақырыптардағы мәтіндерді оқу практикалық, тәрбиелік, білімділік, дамытушылық мақсаттарды жүзеге асырады; оқу құралы — жеке және өзіндік жұмысқа, практикалық сабаққа, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған. Мұндай оқу құралдарын түгелдей немесе жартылай сол оқу орындарының мұғалімдері жасап шығаруы мүмкін; аудио және видеожазбалар — шет тілін оқытуда маңызды рөл атқарады. Ол тіл үйренушілерге нақты шет тілінде сөйлеуді, яғни шет тілінде сөйлеушінің сөйлеу мәнерін тыңдауға мүмкіндік береді, ол тіл үйренушілердің сөздерді дұрыс айту сапасын арттырады, тыңдау қабілетін дамытады; компьютерлік программа, интернет жүйесі — оқушылардың функционалды компьютерлік сауатын қамтамасыз етеді. Өз бетінше және қашықтықтан білім алуына мүмкіндік береді. Оқушылардың ең осал тұстары, жазбаша коммуникативтік икемділіктерін дамытады.
- Тілдік құзыреттілік сөйлеудің айтылу, лексикалық, грамматикалық жақтарын меңгеруді қамтиды, графика мен орфография. Тілдік құзыреттілікті дамытудың негізгі оқыту құралдары: жұмыс дәптері – үйде өздік жұмысты орындау үшін қажет, ағылшын тілінің графикасы мен орфографиясын меңгеруге, лексикалық грамматикалық материалдарды әр сабақта тапсырмаларды орындау кезінде игеруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тексеруге, түзетуге, бағалауға үйретеді;
таблицалар, схемалар, үлестірмелі материалдар, түрлі-түсті суреттер — мүмкіндігінше сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерудегі қабілеттілігін дамыту мен қалыптастыру процесінде белсенді болуы мен даралануына мүмкіндік береді және де тіл үйренушілердің тілдік және сөйлеу бірліктерінің жинақталу процесін дамытады; оқулық; аудиоматериалдар; компьютерлік программа, интернет. - Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік — оқып жатқан тілде сөйлейтін елдер туралы әлеуметтік-мәдени білімін жинақтауға (мінез-құлық, әдеп) және оны қарым-қатынаста қолдана білуге, сондай-ақ өз елін және оның мәдениетін өзгелерге жеткізе білуге үйрету. Қазіргі жаhандану заманында шет тілін оқытудағы әлеуметтік-мәдени компонентін дамыту – маңызды мәселелердің бірі. Тіл үйренушінің өзге ортада әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін келесідей құралдар арқылы дамытуға болады: таспаға жазылған мәтіндер (нақты шетелдік азаматтардың және тіл тасушылардың оқыған мәтіндер жазбасы); видеоматериалдар — олар кезіндегі және қазір де белгілі құралдар (олар сол елдің мәдениетін беруші беделді құрал); виртуалды ену – оқушылардың әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін дамытудың тиімді құралы. Бұл виртуалдыкеңістік интернет, басқа да компьютерлік технологияларменбірге қолданылады. Әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті дамытудың ең тиімді құралы, әрине, сол тілде сөйлейтін елдерде болып қайту. Ондай елдерге барып қайтқан оқытушылар оқушылар үшін «көрнекті құрал» тәріздес, себебі, олардың сол ел туралы көрген-білгендері көп.
- Компенсаторлық құзыреттілік – ақпаратты алуда және беруге тілдік құралдардың жетіспеу жағдайында қиындықтан шыға білу. Бұл құзыреттілік келесідей құралдар арқылы дамытылады: оқулық; интернет; сол тілде сөйлейтін елде болып қайту.
- Оқу-танымдық құзыреттілік — жалпы және арнайы оқу, тілді өз бетінше үйренудің әдіс-тәсілдері, соның ішінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану. Оқу-танымдық құзыреттілікті дамытуға жататын құралдар: әртүрлі сөздіктер (ағылшынша-орысша, орысша-ағылшынша, түсіндірме). Оқушыларға жаттығуларды орындауда көп көмегі тиеді, білуге құмарлығын, тілге қызығушылығын арттырады. оқулық; оқуға арналған кітап; оқу құралдары; компьютерлік бағдарламалар, интернет.
Жоғарыда айтылған педагогикалық және прагматикалық аспектілердің бәрі ескеріле отырып, шет тілін оқытудың ең маңызды екі мақсаты негізделеді:
- когнитивті коммуникативтік мақсат,
- когнитивті дамытушы мақсат.
Когнитивті коммуникативтік мақсат ең алдымен оқушыларға аутенттік мәтіндерді оқыту арқылы беріледі және оған коммуникативтік іскерліктердің барлық түрлерін (оқу, тыңдау, сөйлеу, жазу) бірікіре оқыту арқылы шетелдік аутенттік мәтіндерді оқудағы өзгерістерді оқып-үйрену жатады. Негізгі ерекшеліктерді игере отырып, оқушы практикада, өмірлік жағдайда пайдалануға мүмкіндік алады. Екінші мақсат – когнитивті дамытушы – ол бірінші мақсатпен тікелей байланысты және аутенттік мәтендерді оқыту процесінде қалыптасады. Шет тілін оқытудағы когнитивті дамытушы мақсат оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық және танымдық қасиеттерімен бірге ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытуда тілдік формаларға мән бере отырып, лингвистикалық қызығушылыққа қол жеткізеді, демек, басты мақсатымыз когнитивті коммуникативтік мақсатқа алып келеді. Қорыта келе, бұл мақсаттарға жету үшін оқыту кезеңдерінен өту керек. Көптеген түрлі тапсырмалар орындалуға тиіс. Сабақтардың сан алуан түрлерін өту – қажетті деңгейде еңбектенуді қажет етеді. Демек, оқытудың барлық кезеңінде жүйелі оқыту барысында ғана қол жеткізуге болады
«Шет тілін үйренушілер лингвистикалық және экстралингвистикалық күнделікті тұрмысқа қажетті мәліметтермен қамтамасыз етілсе, онда мәдениет аспектісін шет тілін оқыту процесіне енгізудің біраз мәселесі шешілер еді. Мұндағы экстралингвистикалық мағлұматтар деп отырғанымыз – жағдайға үйлесімді паралингвистикалық іс-әрекет, ал лингвистикалық мәліметтер коммуникативті ниетті іске асырудың қарым-қатынас үлгілері болып табылады.
Әмзе Нұрсауле Бақытжанқызы,
Түркістан облысы Ордабасы ауданы
Жеңіс ауылы Ә. Тұрманжанов жалпы білім беретін мектебі ағылшын тілі пәні мұғалімі