Былтыр ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасын жүзеге асыруды мемлекеттік тұрғыдан бақылау функциясы берілді.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қағаз тасымалдағышта жинауға, өңдеуге тыйым салынды – мысалы, қонақ үйлерде, банктерде бұл үшін айыппұл қарастырылған.
Сондай-ақ азаматтарды дербес деректердің жариялану фактілері туралы хабардар ету рәсімі қабылданды. Наурызда ведомство бұл мүмкіндікті алғаш рет 1,2 миллионнан астам адам деректерінің жария болғаны туралы хабарлама алған кезде пайдаланды. Банктерден қарыз алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі белгіленді.
«Осы алаңды пайдалана отырып, азаматтарды осы функцияны электрондық үкімет порталы, eGov мобильді қосымшасы арқылы белсенді пайдалануға шақырамын. Мен оны өзім қолданамын. Ол кез келген азаматқа қатысты болуы мүмкін алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Егер қандай да бір алаяқ сіздің дербес деректеріңізге қол жеткізіп, кредит ресімдеуге тырысса, бұл функция оған жол бермейді», — деді ОКҚ брифингінде ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.
Дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі енгізілді. 157 ақпараттық жүйе біріктірілген. Ал шарықтау шегінде келісім алу үшін 1 млн сұрау өңделеді.