Мектепте оқушының сөздік қоры екі түрлі жағдайда байып, толығып, жетіліп отырады: бірі – сөзді активті қолдану арқылы, екіншісі – сөзді пассивті қолдану, яғни оқушының өзінің бүкіл білетін сөзін қолдану. Демек, мұғалім оқушының ауызекі сөзін сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша әрі жазбаша, оның дәл, жүйелі, ықшамды етіп жеткізуіне қиындық келтіреді. Сондықтан сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Біріншіден, ол оқушының сөз байлығын молайтып, байыта, кеңітсе, екіншіден, сол үйренген сөздерін қатесіз, сауатты жазуға бейімделеді. Үшіншіден, сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасында сөйлеп үйренеді.
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері алуан түрлі. Мұғалім оқу жылының алғашқы күнінен бастап сабақта өтілетін грамматикалық тақырыптың тұсында сөздік жұмысын жоспарлы, белгілі мақсатқа орай жүргізгені дұрыс.
Ең алдымен, мұғалім өзі оқытып жүрген сыныптағы оқушылардың (жеке оқушының) қаншалықты сөздік қоры барлығын білуі керек. Сондай-ақ баланың сөздік қорының аздығына, кедейлігіне себеп болған кедергілерді білу аса қажет. Онымен қатар, баланың сөздік қорын қалай дегенде дамытуға болады, оның тиімді жолдары бар дегенді мұқият ойластырған жөн.
Баланың жалпы ой-өрісін дамыту үшін сөзді қалай үйрету керек?
Жұртқа мәлім, сөз белгілері бір заттың атын, түсін, белгісін, сынын, сапасын, үлкендігін, кішілігін, тегін, көлемін, бір сөзбен айтқанда, соның табиғи шығуын, атауын, ұғымын білдіреді. Сондықтан сөз бен сөз атаудың арасында өзара байланыс болады. Демек, сөз жаңағы заттың атауын білдіретін функцияны (қызметті) атқарады. Бұл туралы А.А.Реформатский:“Тілдегі сөздің жекедара функциясы деп біз атаулық, номинативтік функциясын айтамыз.Ал сөз арқылы заттарды, құбылысты, болмысты танимыз,атаймыз,” –деген еді. Сондықтан өмірдегі, табиғаттағы заттарды тану, білу арқылы оқушының да ой-өрісі кеңіп, жаңа атауларды, сөздерді үйренеді. Міне, осыдан келіп баланың затты тану арқылы өмір шындығын кеңірек түсініп, оның дүниеге деген көзқарасты қалыптаса бастайды. Демек, дүниедегі заттардың, құбылыстың алуан түрлі сырларының атауларын біле бермейді. Оны мектептегі оқу процесі арқылы біртіндеп меңгертеді. Мысалы, ана тілі, әдебиет, география, тарих, еңбек сабақтары арқылы заттардың атауын, атын біліп үйренсе, екіншіден, радио, телевидение, оқыған кітабы, үлкен адамдар арасындағы әңгіме арқылы да көп нәрселерді естіп біліп бір алуан сөздерді үйренеді.
Мұғалім қазақ тілі сабағын басқа пәндермен байланыстыра отырып, үйретілетін сөздің этимологиясын, яғни оның тарихи шығу тегіне, құрамына грамматикалық талдау жасап отырған жөн. Өйткені оқушы үйренетін сөзінің неден, қалай шыққандығын білуге құмартады және ондай үйретілген сөз олардың ойында мәңгі сақталады. Сондай-ақ оқушының ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады. Сондай сөздерді біле түсуге қызығады. Мысалы, қай сыныптың оқушысын алмайық,“Европа, Азия, Ашхабад, Орал, Баку, Ереван, күзет” деген сөздерді жиі кездестіреді. Ал олармен әңгімелесе қалсаңыз: Европа – Орал тауларының батыс бөлігі, Азия- шығыс бөлігі, Ашхабад, Орал, Баку – қала аттары, күзет – малды қара, бақ немесе ауру адамды қара деген сияқты мағыналарда қолданылатындығын айтады. Енді осы сөздердің қандай мағынаны беретіндігін білмейді. Міне, осындайда мұғалім балаларға бұл атаулардың жердің батысы және шығысын, сондай-ақ қаланың аттары екенін айта келіп, бұл сөздер мынадай мағынаны білдіреді деп, оның тарихи шығу тегін айтып берсе, балалар оны аса қызығып тыңдап, сондай сөздердің тарихи шығу тегін білгісі келіп тұрады.
Қазақ тілі сабағын әдебиетпен байланыстыра отырып, оқушының ұғымына түсініксіз, ауыр тиетін сөздердің мағынасын, оның шығу тегін, тарихын түсіндіру тиімді.
Осы сөйлемдердегі асты сызылған сөздердің қай-қайсысын болмасын оқушылар оның мағыналық жағын айыра алмайды. Мысалы, жоғарыдағы сөздердің этимологиясына мынадай талдау жасауға болады:
Ертеде монғолдар соғыс алдында болашақ үлкен майдан тағдыры қалай шешілерін алдын-ала білу үшін мықты екі жауынгерді таңдап, қарсы жақтарына жекпе — жекке шығаратын болған. Қай жауынгер жеңсе, болатын соғыста сол жақ жеңеді деген наным болған. Осы екеуді моңғолдар “ирэгуль” деп атаған. Демек, “ирэгуль”- түрікменше “иреул”- “жору” мағыналас. Кейде балгерлер іс жемісті болу үшін қай адамды ирэгулге таңдау керек деп бал ашатын болған. Бұл бал ашуды “иро” (түріктерде “иору”) деп атаған. Осы түбірден “ирэгуль, ирэул” сөздері шыққан, ал татарлықтардың “йормақ” – түсті айту, жору етістігі осы “иро” сөзімен түбірлес.
Қазіргі моңғолдарда “ирғэку”, “ирэку” сөзі біреуге қайырлы сапар, ізгі тілек білдіру мағынасын береді. Ал “ереуіл атқа ер салмай” дегенді “ереуіл” сөзі ереуілге таңдалған, батыр мініп шығатын атты да осы сөзбен атайтынын көрсетсе керек…
Қазақтың “ереуіне қаруы” деген мақалыңдағы “еру” сөзі де осы сөздермен бір түбірлес – деп айтып отыру қажет.
Оқушы өзінің үйренген сөзін ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білсе, оның ақыл-ойын дамытуға әсер етеді. Бұл жөнінде А.Байтұрсынов: “балаға үйренген сөзін оның қолдана білуіне жағдай туғызу керек, — дей келіп, — үйренген сөзін сөйлеу тілін өзінің ауызекі сөйлеу тілінде бір рет қолдана білсе, ол өзінің жеке меншігіне айналады,” – деп айтқан еді.
Демек, сөзді орынды жерде қолданып, оның мағынасын жетік білетін бала өз бетімен сөйлем құрап, оны ауызша сөйлеу тілінде де шебер қолдана алатыны сөзсіз.
Нургул Жаксыбаева,
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы,
«Б.Момышұлы атындағы № 6 мектеп-гимназия» КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі