Жуырда «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, 6 фракция жетекшісі Арман Басаров жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізді.
Брифинг барысында қалалық партия филиалының басшысы Арман Басаров сайлауалды бағдарламаның орындалуы, Жол картасы аясында және партия филиалының 2023 жылы және 2024 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Қазіргі таңда қала және ауыл тұрғындарымен кездесулер мен қоғамдық қабылдаулардың тұрақты түрде кестеге сай өткізіліп жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, халықтың өтініштерінің басым бөлігі жер мәселесі, автомобиль жолдары мен табиғи газ және әлеуметтік және жұмыс мәселелеріне қатысты екенін айтып, мемлекеттік органдармен бірлесіп, олардың оң шешімін табуына атсалысып жатқандығын жеткізді.
— Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау науқаны кезінде қоғамдық қабылдау бөлмесіне сайлаушылардан келіп түскен мәслихат депутаттарының бақылауындағы 181 өтініштің 179- орындалған, 2-і орындалу үстінде. Өткен жылы партиялық бақылау комиссиясының 5 отырысы өткізіліп, 5 мәселе қаралып, 12 ұсыныс берілді. Бүгінгі таңға 10-ы орындалды, 2-і орындалу үстінде. Үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында аталған комиссияның 2 отырысы өтті. Онда 2 мәселе қаралып, 3 ұсыныс берілді. Барлығы орындалу үстінде. Сонымен қатар былтыр қаламыздағы 2 мектетің сұйық отынмен жылытатын қазандықтары толықтай газға ауыстырылды, биылғы жылы тағы 2 мектеп толықтай газға ауыстырылады деп күтілуде. Олда партия филиалының бақылауында болады. Өздеріңізге белгілі 2024 жылы қаламызда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2 мектептің инженерлік – инфрақұрылымының құрылысы басталуы күтілуде, ал мектептердің құрылыстары 2025 жылға өтпелі. Аталған білім ошақтарының құрылыстарына қалалық партия филиалы тарапынан тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілетін болады, — деді Арман Басаров.
Сонымен қатар, филиал төрағасы партияның бірқатар бағдарламалары аясында қалада көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында Кентау қаласындағы жылу энергоорталықтың қайта құру жоспарланған. Бүгінгі таңда аталған жобаларға жалпы Ұлттық қордан – 13,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 3,1 млрд. теңге бөлінген. Атап айтқанда, І-жоба бойынша «№5 ЖЭО-ның қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстарының сметалық құны – 13,6 млрд. теңге. Ал 2024 жылы 12,1 млрд. теңге бөлініп, оның облыстық бюджеттен — 3,1 млрд. теге, Ұлттық қордан – 9 млрд. Теңге бөлінген болатын. Жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер мекеме «ЭМ-Холдинг» ЖШС тарапынан энерго орталықтың № 7, 8, 9, 10, 11, 12 қазандықтарын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде: №8, 11 қазандықтар маусым айында, №9 және №10 қазандықтар қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Ал, №7, 12 қазандықтар желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Ал ІІ-жоба бойынша қаладағы тозығы жеткен 6,6 шақырым магистралдық жылу жүйелерін және 4 кері сорғы станцияларын қайта құру жұмыстарының сметалық құны – 4,4 млрд. теңгені құрайды. Аталған жұмыстарға, 2023 жылы Ұлттық қордан – 3,8 млрд. теңге қаралып, мердігер мекеме «Ер-Мад» ЖШС-мен 4,7 шқ магистралды жылу құбыры ауыстырылды. Қалған 1,9 шақырым құбырларды ауыстыру жұмыстарына қалған 0,6 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары 2024 жылдың сәуір айында басталды. Нысанды 2024 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстарның 50 пайызы аяқталған. Құрылыс жұмыстары партияның жіті қадағалауында екенін филилал төрағасы Арман Басаров атап өтті.
— Тағы бір айтып өтер болсам, «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша өткен жылы 17 нысанға зерделелеу жұмыстары жүргізіліп, барлығы бейімдеуден өтті. «Ұлттық мұра» жобасы аясында да түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізілді. Аталған бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Сондай-ақ, былтыр Кентау қаласы бойынша «AMANAT» партиясының фракция мүшелері жалпы 105 депутаттық сауал жолдаған. Оның 75-і орындалып, қалған 30 сауал орындалу үстінде. Биыл жалпы қазіргі таңға 17 депутаттық сауал жолданды. Қолға алынған жұмыстардың барлығы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын, себебі әрбір фракция мүшесі Сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша Жол картасының тармақтарына жауапты, әрі оған фракция депутаттарының да қолдау көрсетіп, атсалысқанын айта кеткен жөн. Жалпы былтыр атқарылған жұмыстар аз емес, алда атқарылар жұмыстар одан да көп деуге болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел тұрмысын жақсартудағы тапсырмаларын орындау арқылы, біз алдағы уақытта қаламыздың жоспарлары мен мақсат-міндеттеріне орай аймақ дамуындағы өзекті мәселелерді бірлесе шешіп, Қазақстанның өркендеуіне әрімен қарай үлес қосамыз деп сенеміз, — деді төраға.
Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдыраның өкілдері өзекті мәселелер төңірегінде сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Өз кезегінде қалалық партия филиалының төрағасы журналистер қауымының сұрақтары мен ұсыныстарын қабылдап, алдағы уақытта жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Раушан ПЕРНЕХАНҚЫЗЫ