gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Хабарландыру

Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

21 мая, 2024
in Хабарландыру
0
Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу
Share on FacebookShare on Twitter

Санаторий-курорттық емдеу – бұл, табиғи емдеу факторлары, сонымен қатар дәстүрлі және дәстүрлі емес медицина құралдары мен әдістерін қолдану негізінде халық денсаулығын нығайтуға бағытталған, медициналық профилактикалық, реаблитациялық және емдеу-сауықтыру шараларының кешені.

Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу келесідей реттілікпен орындалады.

Қызметті онлайн алу тәртібі.

  1. Еgov.kz порталынан авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  немесе мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емделуді өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған адам жүгінген кезде нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамнан сенімхат.

Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған АОЖБ-ның әзірленген іс-шаралары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелері, жұмыспен қамту бөлімдері уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелеріне, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні.

Проактивті қызмет көрсету кезінде – келісім түскен күннен бастап 10 жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НӘТИЖЕСІ

Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емделуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама келеді.

Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге қабылданған шешім туралы өтініш берушінің абоненттік нөміріне смс-хабарлама беру арқылы хабарлайды. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Б.Жунусов,

Кентау қалалық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік кеңесшісі

Previous Post

"Сәлем салу - келіндік міндетім, үлкендердің батасын алу - мен үшін мәртебе" - кентаулық Елена Стребкова

Next Post

Қазақстан әлеуметтік мемлекет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz