Түркістанда «Педагогтердің сағат жүктемелерін дұрыс бөлу және тарифтеу процесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбында облыстық оқыту семинары ұйымдастырылды. Аталған шараны Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейісов бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз кезегінде пайдалы ақпараттарды түртіп алып, жұмыс процесінің оңтайлы жүзеге асырылуын бақылауға алуды тапсырды.
Онлайн форматта өткен оқыту семинарына Қарағанды облыстық білім басқармасына қарасты Сарань қаласындағы №17 мектеп-гимназиясының директоры Никита Максименко сағат бөлудегі озық тәжірибесін бөлісе отырып, тиімді тұстарын таныстырды. Жиын барысында педагогтарға сағат жүктемесін тиімді бөлудің рейтингтік жүйемен іске асырылатынын түсіндірді.
Семинарға Шардара, Мақтаарал, Жетісай, Төлеби, Түлкібас аудандары жіберілген сілтеме бойынша өз ауданында бір нүктеден онлайн қатысты. Ал Арыс, Түркістан, Кентау, Бәйдібек, Келес, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Созақ аудан, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері және жалпы білім беру мекемелерінің директорлары, сонымен қатар оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арнайы залда жалпы отырысқа келді.
Семинар соңында Никита Максименкоға Түркістан облысы педагогтары атынан оң пікір айтылып, алғыс білдірді.
Айта кетейік, өңірдегі ауылдық жердегі білім сапасын көтеру мақсатында 2024-2025 жылдары 10 педагогикалық шеберлік арттыру орталығы, 10 жетекші мектеп, ал тағы 5 ауданда «Мобильді мұғалім» жобасы іске қосылатын болады.
Сонымен қатар, жақында Жапон еліне барып, тәжірибе жинақтап келген өңір ұстаздары мен әдіскерлері «Lesson study» әдісін сатылап енгізуді және «Ауыл мектебін сапалы басқару» пилотты жобасын жалғастыруды жоспарлап отыр.
Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру мен үздіксіз білім алуын қамтамасыз етуде еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарымен меморандум (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ясауи атындағы ХҚТУ) түзілді.
Жалпылама емес, нақты мақсатты жұмыс жүргізу бүгінгі мобилді қоғамның басты талабы. Осыны ескере, жыл сайын оқу жылының соңында білім деңгейі ең төмен 100 мектепті электронды журнал арқылы анықтап, тек сол 100 білім беру ұйымына арналған мақсатты жұмыс жоспары әзірленеді. Тиісті қаржысын қаралып, әдістемелік және менеджментік көмек ұйымдастырылатын болады. Осы аталған жұмыстар алдағы уақытта өңірдің білім сапасына оң нәтижеге береді деп сенеміз.
Оқушыларға профориентация бағытында «Bolashaq» Халықаралық бағдарламалар орталығы акционерлік қоғамы және Жоғарғы оқу орындарымен меморандум түзіліп, жүйелі кеңес беру менторлық жұмысы жолға қойылып отыр.
Түркістан облысының білім саласындағы сапаны көтеру мақсатында Түркістан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлеске Түркістан облысының 2024-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың өңірлік жол картасы қабылданды. Сонымен қатар, «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын Түркістан облысында іске асырудың жол картасыәзірленді.
Түркістан облысының білім жүйесін дамыту 3 бағытта жүргізілетін болады:
I. Балабақша – жайлылық пен даму аумағы;
II. Әр мектеп – ең жақсы мектеп;
III. ТжКБб (колледж) – жұмысшы кадрлардыдаярлаудың негізгі буыны.
Балабақша педагогтер мен тәрбиешілердің кәсіби дамуын тереңдете түсу мақсатында өңірде 6 жетекші орталық пен 26 консультациялық пункт құрылып, өзге балабақшаларға тәжірибесін бөлісуде.
2024 жылы блабақшадағы 800 педагог, 2025 жылы 1000 педагог біліктілік курстарынан өтеді.
Сонымен қатар, балабақша жүйесін сатылай цифрлы жүйеге өткізіп, сапа мен баланың келіп-кетуінің электронды қадағалау ендіріледі.