Жетісай қаласында ағымдағы жылдың 29 тамыз күні тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Салтанатты жиын аясында қолөнер туындылары көрмесі ұйымдастырылды. Жасанды интелект, робототехника, LED экранда тақырыптық бейнероликтер инновациялық мұғалімдерге арналған технологиялық жетістіктермен таныстырылым жасалды.
Мерекелік шара шеңберінде Жетісай ауданының әкімінің орынбасары Серік Примбеков және бөлім басшысы міндетін уақытша атқарушы Шоқан Адайбеков, әдістемелік кабинет меңгерушісі Разия Исаевалар таныстырылым алаңында болып, жаңашыл ақпараттық жүйедегі жаңа оқыту құрылғыларының мүмкіндіктерімен танысты.
Бағдарлама барысында білім саласына еңбегі сіңген ұстаздарға алғыс хаттар беріліп, марапатталды. Алқалы жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.