Жаңа оқу жылының басталуына арналған педагогтердің тамыз-дағы дәстүрлі басқосуы Кентау қаласында Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы оқу үдерісін цифрландыруға және сабақ беру процесіне әлемдік тәжірибені ескере отырып, жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналды. Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, қалалық мәслихат төрағасы Қабылан Елеусизов, Түркістан облысының білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы КММ-нің, жалпы білім беру кафедрасының меңгерушісі Бекет Өтеген және Кентау қалалық білім бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков қатысты.
Биылғы жылы тамыз кеңесі «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, сабақ беру процесіне жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналды.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков қалалық білім беру жүйесінде жасанды интеллекті енгізудің алғышарттары қалыптасқанын және білім саласының жеткен жетістері жайында баяндама жасады.
«Кентау қалалық білім бөлімі 2024-2025 оқу жылын 30 мектеп (24 мемлекеттік, 6 жекеменшік), 32 мектепке дейінгі мекеме (14 мемлекеттік, 18 жекеменшік), 3 мектептен тыс мекемемен бастайды. Білім бөліміне қарасты 24 мемлекеттік, 6 жекеменшік мектепте 21 631 оқушы білім алады. Ондағы жалпы педагогтер саны – 1905. Мемлекеттік мектептің 23-і типтік үлгіде болса, 1 мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан» — деді бөлім басшысы.
Қалада «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылында жобалық қуаттылығы 1200 және 900 орындық 2 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Олар «Шұғыла» және «Қаратау» мөлтекаудандарында салынады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында құрылысы 2024 жылға жоспарланған 2 мектептің жер мәселесі шешіліп, қала әкімінің қаулысымен «Самрұқ-Қазына» ӘҚ-сына өткізілген.
Сонымен қатар, инклюзиялық білім беру бойынша мектепке дейінгі ұйымдарды тәрбиелеу және оқыту жағдайларын жасау – 35,5%, ал жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді дамыту үшін жағдайларды жасау – 91,3% құрады. Қазіргі таңда инклюзивті қолдау кабинетінде 24 оқушы білім алуда.
«Кабинет ашылғалы мұндағы балалар санының артуына және қажеттілікке байланысты Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасынан инклюзивті қолдау кабинетін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту — ел үшін басты міндеттердің бірі. Бұл әркім өз іс- әрекетінің меншігі мен маңыздылығын сезінетін шын мәнінде инклюзивті қоғам құрудың алғы шарты болып табылады. Ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға түзету-дамыту бойынша 7 сынып ашылған, онда 68 оқушы білім алды, 24 оқушы ықпалдастыра оқиды және мектептер мен балабақшаларда 6 логопункт кабинеттер бар, онда 65 бала қамтылған. Олармен арнайы мамандар жұмыс жасайды» — деді Әділ Арысбайұлы.
Жиында кентаулық жастардың білім сапасы бойынша облыста алдыңғы орыннан көрінгені айтылды.
«Білім саласында бүгінгі күні алдына жаңа талап қойып, білім беру жүйесін жаңарту шарттарын ұстанып, жаңаша ізденістермен жұмыс атқарып келе жатқан білім ұйымдарымыз бен ізденімпаз ұстаздарымыздың да жұмысын мақтаныш тұтамыз! 2023-2024 оқу жылын сәтті аяқтай отырып, Кентау қалалық білім бөліміне қарасты мектептердің білім сапасы өз деңгейін жоғарыдан көрсетті. Түркістан облысы бойынша жалғыз Кентау қаласы ғана білім сапасының нәтижесімен нысаналы, мақсатты мектептердің қатарына енбедік. Себебі, білім сапасын жоғары көрсеттік (білім сапасы 40% төмен болса нысаналы, мақсатты мектептер қатарына енеді). 2023-2024 оқу жылында мектептердегі үлгерім пайызы – 100%, білім деңгейінің орта баллы – 4 балл, білім сапасы – 57,3% құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5% жоғары» — деді бөлім басшысы.
Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Себебі ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты болмақ. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағлымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де осы ұстаным екенін анық.
«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп» деген емес пе, сөзге шешен дана халқымыз. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Бұл ретте, барлық үміт – ұстаз бойындағы міндетте», — деді ол.
Қала бойынша 2023-2024 оқу жылында 928 түлек (741 түлек мемлекеттік 23 мектепте, 187 түлек 2 жекеменшік мектепте) мектеп бітірді. Жалпы орта балл — 86,5 құрады.
Дарынды оқушылар – ел болашағы, келешегіміздің үміті. Білім бәсекесінде биіктен көріну, мақсатқа қол жеткізу – озат оқушының арманы, ұстаздың жетістігі. Арманына қанат байлаған сондай білімді оқушының бірі – Кентау қалалық білім бөліміне қарасты «Грант» жекеменшік мектебінің 11 «Г» сынып оқушысы (алғашқы 10 жыл бойы білім алған мектебі «Ю.Гагарин» атындағы №16 мектеп-лицейі) Қожанов Айдос. Түркістан облысы бойынша 2023-2024 оқу жылында Айдос ҰБТ тапсыруда ең жоғарғы 138 баллды жинады.
2023-2024 оқу жылында бітіруші түлектер арасында 45 оқушы «Алтын белгі» иегерлері болса, 30 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Ерекше білімдерімен ерекшеленіп, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсеткен «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлері 100 пайыз грант иегерлері атанып, еліміздің түрлі жоғарғы оқу орындарына түсті.
«Жыл сайын оқушылардың ғылыми шығармашылық мүмкіндіктерін қалып-тастыру, ғылымға деген қызығуш-ылықтарын дамыту мақсатында атқа-рылған жұмыстар нәтижесінде жаңа серпілістер байқалады. Оған дәлел: жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалық кезеңіне 5-6 сыныптардан 310 оқушы қатысты. 5-сыныптан – 153 оқушы, 6-сыныптар — 157 оқушы қатысты. Облыстық кезеңге -18 оқушы қатысып: 1 оқушы — I орын, 1 оқушы — II орын, 1 оқушы — III орынды жеңіп алды. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қала-лық кезеңіне 539 оқушы қатысты. Облыстық кезеңге 27 оқушы өтіп,13 оқушы жүлделі орындарға ие болды» — деді Әбіл Әуелбеков..
Тамыз кеңесінде Түркістан облысының білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы КММ-нің, жалпы білім беру кафедрасының меңгерушісі Бекет Өтеген жаңа оқу жылындағы тың жаңалықтармен бөлісті.
«Біз осы қол жеткізген жетістіктерде тоқтап қалмауымыз керек. Алдымызда білім беру саласын әлі де жетілдіру мен дамытуды талап ететін жаңа міндеттер тұр. Бұл білім сапасын арттыру, инклюзивтілікті нығайту және білім беруді барлық балалар үшін қолжетімді ету, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әрбір мектеп баланың қарым-қабілетін танып, тұлғалық дамуына жол ашатын жайлы білім беру ортасына айналуы тиіс», — деді Бекет Өтеген.
Кафедрасының меңгерушісі келесі оқу жылында басымдық берілетін маңызды міндеттерді атап көрсетті. Бұл – балалардың қауіпсіздігін қамта-масыз ету, мектептердің ішкі регламенті мен Жарғысының сақталуы, білім алушылардың оқу үлгерімі екеніне тоқталды.
Ал, Ә.Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Алтынбек Әбсейт барысында аз уақыттың ішінде жеткен жетістігінің сырімен бөлісті.
Жас маман 2 жылдың көлемінде облыстық және республикалық байқаулар мен олимпиадаларда биіктерді бағындырып келеді. Алтынбек Серікбайұлы креативті, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз. Сабағында түрлі лайфхактар, техникалар мен инсайттарды қолданады. Қазіргі кезде Қазақ Ұлттың Университетінің PhD докторанты.
Сондай-ақ, жас ұстаз республикалық, қалалық деңгейде көптеген алғыс хаттардың иегері атанған
Химия пәнінің мұғалімі аза уақытта жетістіке жету үшін әрбір ұстаз алдында мақсат қоя білу керектігін айтып өтті.
«Жасанды интелект – адамның интелектуалды қабілетін қажет ететін тапсырмаларды орындауға қабілетті бағдарламалар мен жүйелерді құрумен айналысатын технологиялық құрал. Жасанды интелект оқуытуды, логиканы, жоспарлауды, сөйлеуді тануды, қабылдауды және тағы басқа қоса алғанда есептерді шешуді имитациялайды және талдайды, — деді ол.
Мәжіліс соңында білім беру саласының дамуына үлес қосқан үздік педагогтар Ы.Алтынсарин төсбелгісімен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, республикалық, облыстық, қалалық мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Ұстаздар естелік суретке түсті.