Бүгін Келес ауданы білім беру саласы қызметкерлерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбындағы аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Дәстүрлі тамыз кеңесіне Келес ауданы әкімінің орынбасары Сексенбаев Алмас Икрамұлы, «CodiPlay» компаниясы мемлекеттік қызметтермен жұмыс департаментінің директоры Нұрғали Асанұлы, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, педагогтар және ардагер ұстаздар қатысты.
Қазіргі таңда білім беру саласының дамуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Соның бірі мектептептерде жоғары жылдамдықты интернетпен қамту 100% құрады. Интернеттің орташа жылдамдығы 8 мегабит секундтан биыл 30 мегабит секундқа жетті. Ауданымыздың 29 мектебінде СТАРЛИНК интернеті орнатылды. Сапалы интернет көрсеткіші жыл сайын артуда. Бүгінгі таңда оқулықтардың 100%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды. Олар қазір 11 платформада қолжетімді.
Сонымен қатар жиынға «CodiPlay» компаниясы мемлекеттік қызметтермен жұмыс департаментінің директоры Нұрғали Асанұлы қатысып, білім саласындағы жобаларын таныстырды. Тамыз саммитінде аудан ұстаздары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, білім бөлімі және кәсіподақ марапаттарына ие болды. Кеңес қатысушылары іс-шарада білім беру саласындағы цифрлы технологияларға қатысты жасалған арнайы көрмені де тамашалады.