Арыс қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Цифрлы Қазақстан: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбында білім саласы қызметкерлерінің қалалық тамыз кеңесі өткізілді.
Тамыз кеңесіне қала әкімі Г.Құрманбекова, қалалық маслихат депутаттары, бөлім басшылары, ауыл әкімдері, қалалық бөлім басшысы Ә.Момбеков, қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы комитетінің төрағасы Ж.Мұхаев, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері, білім беру ұйымдарының педагог-зерттеуші, педагог-шеберлері мен қамқоршылық кеңес төрағалары қатысты.
Қалалық тамыз кеңесі 3 бөлімнен өтілді:
І бөлім — Цифрлық көрме;
ІІ бөлім — Пленарлық отырыс;
ІІІ бөлім — Педагог қызметкерлерді марапаттау рәсімі.
Пленарлық отырыстың ресми бөлімінде спикерлер қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтады, бөлім басшысы Әшімхан Момбеков «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» баяндама жасады.
Арыс қаласының «Достық» жекеменшік мектебінің директоры Болат Егембердиев, Абай атындағы «Білім инновация» ер балалар лицей-интернатының директордың үштілді оқу ісі жөніндегі орынбасары Есжан Омарханов білім саласындағы өзекті мәселелер туралы пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар ардагер ұстаз, ақын, қазіргі таңда «Арыс ақиқаты» газетінің тілшісі Темірхан Әбдіков, М.Шаханов атындағы білім беретін мектебінің директордың бейіндік ісі-жөніндегі орынбасары Азамат Жарасбаев, С.Адамбеков атындағы білім беретін мектебінің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Жазира Пирманова жарыссөзге шықты.
Кеңестің ІІ бөлімінде білім беру саласының өркендеп дамуына үлес қосқан және шығармашылық жетістікерге жеткен педагог қызметкерлер мен жыл үздіктері марапатталды.
Шара соңы Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінің концерттік бағдарламасымен аяқталып, көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.