ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова Бәйдібек ауданына барып, аудандық кітапханашылармен кездесті. Сондай-ақ, ол «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында аудандық кітапхана қорына 1500 кітап сыйға тартты.
Тағылымды шараға облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Бағдат Қалаубай және аудан әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев қатысып, акцияның маңыздылығына тоқталды.
Жиын барысында Бақытжамал Оспанова Жүзімдік ауылдық кітапханасының кітапханашысы Фатима Елемесқызын «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапаттады.