Түркістан облыстық білім басқармасымен және аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. 2024-2025 оқу жылында облыстағы орта білім беру ұйымдарының желісі 1060-қа артып отыр. Оның 910 -ын мемлекеттік, 148 -ін жекеменшік білім беру ұйымдары құрайды. Оқушылардың болжамды контингенті – 5 30 000. Оның ішінде 1-сыныпқа қабылданатын балалардың саны – 52 593.
Сондықтан да қазіргі таңда елімізде салынып жатқан білім ошақтарының басым бөлігі Түркістан өңірінде бой көтеруде. Одан бөлек, облыста 300-ден астам білім беру ұйымдары, яғни балабақша, мектеп, колледж, лагерьлер ағымдағы және күрделі жөндеуден өтуде. Сала мамандарының мәлімдеуінше, мұндай ауқымды құрылыс елімізде бұрын-соңды болмаған. Тарқатып айтар болсақ, өлкеде 193 мектеп пен балабақшада ағымдағы жөндеуден өтуде. Бұл мақсатқа қазынадан 10,1 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, 106 білім нысанының жылу жүйесі көмірден газға ауыстырылуда. Бұл жұмыстарды атқару үшін қазынадан 2,1 млрд теңге қаралды. 12 колледжде ағымдағы жөндеу, 22 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Олардың 5-еуі жаңа оқу жылында ел игілігіне тапсырылады деп жоспарланып отыр.
Орайы келгенде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан мектептер жайлы да айта кетейік. «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы» аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп бар. Бұйыртса, биыл жыл соңына дейін 22 900 орындық 29 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылатын болады. Атап айтар болсақ, Түркістан қаласында – 3 мектеп (2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп), Арыс қаласында – 1 мектеп (600 орындық – 1 мектеп), Шардара ауданында – 2 мектеп (1200 орындық – 1 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп), Сарыағаш ауданында – 4 мектеп (300 орындық – 1 мектеп, 900 орындық – 3 мектеп), Бәйдібек ауданында – 1 мектеп (300 орындық – 1 мектеп), Жетісай ауданында – 3 мектеп (1500 орындық – 1 мектеп, 900 орындық – 1 мектеп, 600 орындық – 1 мектеп), Келес ауданында – 3 мектеп (600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп), Сайрам ауданында – 1 мектеп (600 орындық – 1 мектеп), Түркістан қаласында – 3 мектеп (2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп), Арыс қаласында – 1 мектеп (600 орындық – 1 мектеп), Шардара ауданында – 2 мектеп (1200 орындық – 1 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп), Сарыағаш ауданында – 4 мектеп (300 орындық – 1 мектеп, 900 орындық – 3 мектеп), Бәйдібек ауданында – 1 мектеп (300 орындық – 1 мектеп), Жетісай ауданында – 3 мектеп (1500 орындық – 1 мектеп, 900 орындық – 1 мектеп, 600 орындық – 1 мектеп), Келес ауданында – 3 мектеп (600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп), Сайрам ауданында – 1 мектеп (600 орындық – 1 мектеп). Жалпы осы аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Енді «Жайлы мектептерді» оқулықтармен қамтамасыз ету жайына келер болсақ, биыл пайдлануға берілетін 29 мектептің 7-еуі толық құрамда жаңа жайлы мектепке көшіріледі. «Қалған 22 мектепке оқушылар әр мектептен жиналады, бұл мектептердің оқушылары баланстан балансқа ауыстыру тәртібімен оқулықпен толық қамтамасыз етілетін болады» дейді сала мамандары.
Қазіргі таңда «Жайлы мектептердің» педагогтарының біліктілігін арттыру бойынша «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен» 2 693 100 теңге қаржыға 1904 педагогты оқыту бойынша келісім-шарт жасалып, 41 мұғалімі білімін жетілдіруде.