Биыл жалпыға міндетті білім қорына облыстық бюджеттен 390 494 581 мың теңге қаржы қаралды. Оның ішінде ыстық тамаққа 7 334 893 мың теңге, жазғы демалысқа 3 616 968,0 мың теңге және оқушылардың мектеп формасын алуға 2 634 501,0 мың теңге қаржы қарастырылды. 2024 жылғы «Мектепке жол» акциясы аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алатын әлеуметтік осал топ отбасынан шыққан 60 693 балаға (Ұлттық білім беру деректер қорынан (НОВД) алынған балалар саны) 2 634 501,1 мың теңге қаржы қаралды. Әр балаға мектеп формасына облыстағы экономикалық есептеулер бойынша 43 407 теңге белгіленген (республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен емес мөлшерде белгілейді).
Қазіргі таңда әлеуметтік осал топ отбасыларының балаларына көмектесу үшін қоғамдық ұйымдар белсенділік танытуда. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясының Түркістан облысының филиалы әдеуметтік осал топ отбасыдан шыққан 16 балаға 240000 теңге мектеп формасы мен оқу құралдарын алып берді. Сонымен бірге, қоғамдық ұйым өкілі «Дәулеттен» ЖШС-гі тарапынан жаңа оқу жылында 1 сыныпқа келетін
50 оқушыларға көмек беруге ұсыныс (тізімі жолданды) білдірді. Ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін алынған мәліметтерге сүенсек, облыс бойынша 21 452 балаға 22 47 201,8 мың теңге көлемінде (32%) қаржы аударылды. Басқарма тарапынан аудандық, қалалық білім бөлімі жауапты мамандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Облыстық кәсіпкерлік басқармасы аудан, қала әкімдіктерімен біргелікте отандық өндірушілерді қолдау және ата-аналарға қолжетімді бағада мектеп формасымен оқу құралдарын сатып алулары үшін «Мектеп жәрменкесін» ұйымдастыруда.
Реті келгенде айта кетейік, бүгінде облыста 881 білім беру ұйымында балаларды тамақтандыру ұйымдастырылған. Оның ішінде 48 (Келесте — 9, Отырарда- 10, Сауранда — 5, Төлебиде – 6, Түлкібаста – 11, Шардарада – 7) мектепте асхана жоқ. Сондықтан, осы мәселені шешу үшін Сауран ауданындағы – 5 мектепке буфеттік тамақтану, ал 43 мектепте (Келесте — 9, Отырарда- 10, Төлебиде – 6, Түлкібаста – 11, Шардарада – 7) кейтерингпен, яғни тасымалдау арқылы шешіліп отыр. Аталған мектептердің 4-еуі типтік болса (Түлкібаста 2 мектеп, олар Титов ЖОМ, Амангелді НОМ, Шардарада 2 мектеп, олар №8 Көксу БМ, Қасым Аманжолов ЖОМ), қалған 44 мектеп бейімделіп соғылған мектептер.
Сонымен бірге, санитарлық-эпидемиологиялық қортынды алмаған 22 мектепте (Бәйдібекте – 3, Отырарда -2 ,Жетісайда – 1, Сайрамда – 3, Келесте – 7, Төлебиде – 1, Түркістанда – 6) асханаға қажетті талаптарды сақтау үшін су құбырларын кіргізу, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. 8 мектеп асханасына СЭС қорытындысын алуға өтініш жолданған. Биылғы жылдың тамыз айынан бастап, облыстағы 70 мектептің асханасына құрылыс жұмысын жүргізу және қажетті заттармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы қарастырылуда.