Əлем елдерімен бəсекеге қабілеттілікті арттыру, еліміздің жаңашылдыққа бейімделе отырып дамудың жаңа деңгейіне көтерілуі үшін білім беру саласына айтарлықтай серпін қажет. Жəне ол қадам жасалып та жатыр. Иə, бүгінгі жаһандану заманында еліміздің бəсекеге қабілеттілігі адам капиталының интеллектуалдық даму өлшемі aрқылы aнықталады.
Ел білімінің артуына теріскейдегі Созақ ауданының білім саласы да өзінің үлесін қосуда. Ауданның білім саласының тыныс- тіршілігі жайында айта өтсем, 2024-2025 жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп табалдырығын 1400-ге жуық оқушы аттайды деп жоспар- лануда. Қазіргі таңда 1 сыныпқа қабылданған бала саны 1100-ден асты. Биылғы жылы аудан орталығынан оқушылар үйі ашылып, жаңа 2024-2025 оқу жылында мекеме оқушылар қабылдап, түрлі бағыттағы үйірмелер жұмыс істейтін болады.
Қазіргі таңда, ауданда 37 мектепке дейінгі ұйым (17 мемлекеттік, 20 жекеменшік балабақша) жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда қамтылған балалар саны 4171, оның ішінде мемлекеттік балабақшаларда 2480, жекеменшік балабақшаларда 1691 бала тəрбиеленуде.
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тəрбиемен қамтуды 100 пайызға жеткізу межеленсе, қазіргі уақытта ауданымызда 3 пен 6 жасты қамту пайызы 100% құрап отыр. 2-6 жастағы балаларды қамту 99,4% -ды құрады.
Аудандағы 2217 педагогтің 2172-сі жоғары білімді, 45-і арнаулы орта білімді. Мұғалім- дердің санаттары бойынша айтар болсақ, 35 мұғалім «шебер-педагог», 527 мұғалім «зерттеуші-педагог», 430 мұғалім «сарапшы- предагог», 487 мұғалім «модератор-педагог», сондай-ақ, 2-уі жоғары санатты, 9-ы бірінші санатты, 18-і екінші санатты, 704-і педагог.
Білім беру ордаларындағы жеткіншек- тердің оқу-тəрбие жұмыстарын жетілдіру мақсатында əдіскерлердің үйлестіруімен түрлі жобалар ұйымдастырылуда: нақтылар болсақ «2023 жылғы 23 игілікті істер» тақырыбын- дағы тəрбие жұмыстары бойынша жоба, «Мамандықтар əлемі – біз таңдаған жолдар» оқушылардың сауалнама алу арқылы анық- талған дұрыс бейініне бағытталған мамандық таңдау жобасы, жас мамандар арасында əдістемелік сүйемелдеу, қолдау көрсету мақсатында «Жас маман мектебі» жобасы жүзеге асырылуда.
Білім саласы əрқашанда түрлі байқау- лардың жетістіктермен толықтырылатыны белгілі, «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстары бойынша 13 түрлі спорт түрлері бойынша командалар облыстық кезеңге шығып, екі І орын, үш ІІ орын, төрт ІІІ орын иеленді. Республикалық кезеңге қатыстырылған 3 командалар арасында “Республикалық Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиядасының республикалық кезеңіне
шағын футболдан ұлдар арасында қатысқан оқушылар жүлделі 3-орын иеленсе, «Жасұлан» əскери спорттық ойындарының Республикалық финалының облыстық кезеңіне қатысқан «Теріскей тарландары» командасы 2-орын иеленіп қайтты.
Еліміздің ең үздік білім беру мекемелерінің бірегейі “I-Qanat” мектебіне 3 оқушы білім грантын иеленіп, өз білімдерін жалғастыруда.
5-6 сыныптар арасында пəндік олимпиада бойынша 6 пəннен 12 оқушы облысқа өтіп, облыстан 3 оқушы орын алып, (3-орын Қазақстан тарихы пəні, 2-орын Жаратылыс- тану пəні, 1-орын Математика пəні) 1 оқушы республикалық кезеңге қатысып, сертификат алды.
Жалпы алғанда өткен оқу жылында оқушыларымыз əр түрлі білім сайыстарында түрлі жетістіктерге ие болды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ең көп оқитын сынып», «Оқуға құштар отбасы», «Bookc- rossing», «Каникулда кітап оқимыз», «Кітапха- наға кітап сыйла!», «Кітап оқу сəн», «Kitap- Хан@», «Оқу сағаты», «100 кітап оқы», «20 минуттық оқу», «Мектеп-кітапхана-отбасы» көптеген т.б. жобалармен жұмыс жасалды.
Сондай-ақ, «Республикалық Əбіш оқулары, «Ілияс Жансүгіров оқулары», «Жарқын болашақ» олимпиадасы, Лингвистикалық олимпиада, «Бастау» математикалық турнирі, «Ақберен» өнер байқауы, «Абайтану» бай- қауы, «Мақатаев оқулары» байқауы, «Мəшһүр Жүсіп оқулары» байқауы, «Мағжан оқулары» байқауы, «Абай оқулары» байқауы, «Жыр алыбы — Жамбыл» байқауы жеңімпаздарының көптеп шығуы – аудан оқушыларының өнерлі, білімді екендігінің дəлелі.
2023-2024 оқу жылында аудандағы жалпы орта білім беретін мектептерді 974 түлек аяқтады. Оның ішінде 62 оқушы «Алтын
белгі» белгісін алса, 80 оқушы «Үздік аттес- тат»иеленді.
Инклюзивті білім беруге тоқталар болсақ, ауданымызда ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны — 252. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға (логопункт, тузету-дамыту сыныптары) 17 жалпы білім беретін мектеп бар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында: «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Əрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс»,- деп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғандығын атап өткен болатын. Осы орайда ауданымызда «Жайлы мектеп» жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 900 орындық құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебіне 200 орындық жаңа ғимарат құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Азаматтарымыз бəсекеге қабілетті, қазіргі заманның жан-жақты тұлғасы болуы үшін білім беру жүйесі биік деңгейде болуы керек. Атап айтсақ, білім беру жүйесін жаңғырту кезінде білім берудің жаңа технологиялары мен əдістерін түрлендіру, педагог маман- дардың білім сапасын жақсарту, мемлекеттік білім беру стандарттарын жаңарту, жалпы, орта жəне жоғары білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың біліктіліктерін aрттыруға бағытталған жұмыстарды күшейту керек екендігі белгілі. Білім беру мен ғылымды дамыту – жаңашылдыққа ұмтылған еліміздің басты мақсаты. Созақ ауданы жаңа оқу жылында білім бағдарламасы аясында сапалы жұмыс істеп, жемісті жетістіктерге қол жеткізетініне сенімім мол.
Өтебаев Абай Шəріпбекұлы,
Созақ ауданының білім бөлімінің басшысы