2024-2025 оқу жылы да басталды. Тамыз айының соңында үрдіс бойынша барлық білім ошақтары мен білім алушылар жаңа оқу жылына қызу дайындық басталды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жəне жоғары өкілетті органдар тарапынан берілген тапсыр- маларына сəйкес ауданымызда 2024-2025 жаңа оқу жылына дайындық бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базасы нығайды деуге толық негіз бар. Ауданымызда жалпы мектептер саны – 61 (1 жекеменшік), онда 23611 оқушы білім алады, жалпы орта мектеп – 46 (23011 оқушы), негізгі орта мектеп – 5 (457 оқушы), бастауыш мектеп – 9 (143 оқушы). А.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп жанында мектеп-интернаты жұмыс атқарады, онда 110 тəрбиеленуші бар. 60 мектептің 51-і типтік, 9-ы бастауыш мектеп болып ыңғайластырылған. Ауданда үш ауысымда оқитын мектеп жоқ. 51 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда барлығы 5893 бала бар. Оның 15-і мемлекеттік балабақша, онда 2020 бала, ал 33-і жекеменшік балабақша, бала саны — 3793, 3 шағын орталықта 80 бала тəрбиеленуде. Балабақшада 652 педагог, 682 кіші қызметкер жұмыс жасайды. 652 педагогтің жоғары білімдісі — 591, орта арнаулысы — 61.
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында барлығы- 3177 педагог қызмет атқарды. Оның ішінде: жоғары білімді педагогтер саны — 3152 (99%); орта арнаулы білімді педагогтер саны — 25(1%) болса, біліктілік санаттары бойынша «Педагог-шебер»-26(1%); «Педагог-зерттеуші»- 602 (19%); «Педагог-сарапшы» — 737 (24%); «Педагог- модератор» — 791 (25%); «Педагог» санатында — 976 (31%).
Сапалы оқыту жəне өздігінен оқып, білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тəрбиелеп шығаруға болады. Оқу-əдістемелік жүйені дамыту – қашан да өзекті мəселе. 2023-2024 оқу жылында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану жəне оқу сауаттылығын, сындарлы ойлауын, креативті ойлауын дамыту мақсатында пəн мұғалімдерінің 668-і кəсіби құзыреттіліктері мен білікті- ліктерін арттырды.
Жалпы білім беретін пəндер олимпиадасы бойынша. М.Ломоносоватындағымектеп-гимназиясыүшжыл «Үздік100 мектеп» қатарынан көрінді. 2023-2024 оқу жылында алғаш рет 9- 11 сынып оқушылары арасында «Ауыл олимпиадасы» өткізілді. Аудан мектептерінен жалпы 642 оқушы қатысып, 317 оқушы облыстық, 6 оқушы Республикалық жүлдегер жəне 2 оқушы грант иегері атанды. Осы олимпиаданың қорытындысы негізінде С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі «Үздік 100 мектептің» қатарынаенді.
Оқушылар арасындағы жалпы білім беретін пəндер бойынша өткізілген олимпиадаға барлығы 2106 оқушы қатысып, оның 59- ы облыстық, 14-і республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасына 5-6 сынып оқушыларынан 102 оқушы қатысып, жеңімпаз атанған оқушыларымыз Дарын, БИЛ мектептеріне оқуғатүсті.Сондай-ақ, 8-11сыныпоқушыларыарасындажалпы білім беретін пəндер бойынша ғылыми жоба жарыстарынан облыстық кезеңге қатысқан 18 оқушының 16-сы жүлдегер атанды.Республикалық кезеңнен 2 оқушы жүлдемен оралды.
Оқушылардың жыл бойына жинаған білім нəтижесі – Ұлттық бірыңғай тестілеу. 2023-2024 оқу жылында мектеп бітірушілердің жалпы саны 1394, оқушылардың өтініштері негізінде 1308 (93,8%) оқушы ҰБТ-ға қатысты. Оның 648-і грант иегері атанды. Мектеп бітірушілердің ішінде 69 оқушы «Алтын белгі» жəне 127 оқушы «Үздікаттестат»иегеріболды.
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдары террористтік осал объектіге жататын болғандықтан 700-ден астам оқушысы бар 11 мектепке турникет орналастырылды. Сондай-ақ 3 мектептің қоршауларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ауданымызда 6 жаңа мектеп құрылысы жəне «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы негізінде 2 мектеп құрылысы жүргізіледі деп күтілуде. 2024 жылы 8 мектепке жəне 6 мектепке дейінгі білім мекемелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларының кітап қоры облыстық білім басқармасынан 4587 дана (жалпы сомасы 22 млн 349 мың 608 тг) көркем əдебиетпен толықтырылды.
2023-2024 оқу жылында «Ұлттық құндылықтарға негізделген: Біртұтас тəрбие бағдарламасы» бойынша Білім беру ұйымдарында тəрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін жүзеге асыру барысында аудандық, облыстық тəжірибелік семинарлар,түрлііс-шаралар өткізілді.
Ауданымызда ауылдық жерде спортты дамыту үшін көп жұмыс атқарылуда. Ұлттық спорт түрі жанданып, 119 спорт клубы мен 200-ге жуық спорт секциясы ашылды.
Сондай-ақ Ұлттық лига белсенді дамып, Түлкібас ауданының мықты да салауатты жастары өз кезегінде аудан намысын қорғап, жоғары нəтижелер көрсете білді. Облыс бойынша Түлкібас ауданы спорттың барлық саласы бойынша 4-орынға тұрақтады.
Өткен оқу жылында тілге тиек етер жетістіктеріміз бен білім саласындағы атқарылған жұмыстарымыз қанағаттанарлық деңгейде болды. Жаңа оқу жылында да алар асуымыз көп болсын!
Контаева Казима Сактагановна,
Түлкібас ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы