Жаһандану заманында ұлттық бəсекеге қабілетті болудың көрсеткіші — білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, əлемдік білім кеңістігіне кіріп, білім беру жүйесін халықарлық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мəселе. Бұл мəселені шешудің кілті ұстаздар қолында десек, Ордабасы ауданының білім бөліміне қарасты 74 жалпы білім беретін мектеп (66-сы мемлекеттік, 8-і жекеменшік). 60 — балалар бақшасы (15-і мемлекеттік, 45-і жекеменшік), 2 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасап келеді. Аудандағы жалпы білім беру ұйымдарындағы 37289 оқушыға, 5268 педагог білім беруде.
Президентіміздің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында ауданға жалпы 3000 орынға арналған 5 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның біреуі биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен бірге бюджет есебінен 1200 орынға 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 2-і биылғы жылы, 1-і 2025 жылы пайдалануға беріледі.
Мектептердің материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында 2023 жылы 15 жаңа модификациялы химия, биология, физика СТЕМ жəне 8 мектепке қосымша СТЕМ кабинеттері берілді. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 15 кабинет беріледі деп жоспар- лануда. «Қазақстан халқына» қорының есебінен аудан орталығындағы Амангелді Иманов атын- дағы жалпы білім беретін мектебі толығымен 275 млн. теңгеге жарақтандырылды. Сонымен бірге биылғы жылы 31 мектепке 40 дана интерактивті панел, 20 мектептің технология кабинетіне 150 дана тігін машинасы, 25 мектептің акт залдарына LET экрандар берілді.
Оқушыларымыздың жетістіктерімен таныс- тырайын:
— Ауыл балаларына арналған республикалық «IQANAT» олимпиадасының бірінші кезеңіне 800 оқушы, екінші кезеңіне 175 оқушы, үшінші кезеңіне 17 оқушы қатысты. Нəтижесінде «IQANAT» олимпиадасының Республикалық кезеңінде Амангелді Иманов атындағы жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Қылышбай Бақтияр Абайұлы ең жоғарғы марапат «Абсалютті чемпион» атағына ие болды;
— Республикалық «Зерде» балалар шығарма- шылық жобалары мен зерттеу жұмыстары (2-7 сынып оқушылары арасында) конкурсында Б.Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушысы Базарбай Іңкар «Тарих, өлкетану» секциясы бойынша «Жер сілкінісін заманауи болжаудың алдын алу əдістері» жұмысымен ІІІорыниеленді;
— 2024 жылдың наурыз айының 27-28 күндері Жетісу облысы, Талдықорған қаласында өткен Республикалық «Ділмар» тележобасы аясында мектеп оқушыларының қазақ лигалары арасында пікірсайыс турниріне «Алтын сапа» фракциясы М.Жұмабаеватындағыжалпыбілім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Қыдырбек Бағым /жетекшісі Əлайдарқызы Гүлнар/ Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Асанова Бериван /жетекшісі Əшірəлі Балқия/ қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленіп қаржылай сыйлықтармен марапатталды;
— Республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауында «Бөген» жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Жақыпқызы Жаннұр «Күн сəулесі болашақтың энергиясы» жұмысымен ІІІ орынды иеленді;
— Атырау қаласында өткен Республикалық Махамбет оқуларында Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11- сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат жүлделі ІІ орынды иеленді;
— Петропавл қаласында өткен Республикалық Мағжан оқуларында Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат жүлделі ІІ орынды иеленді;
— Астана қаласында ауыл оқушыларына арналған Республикалық «Ауыл» олимпиа- дасында «Төрткүл» жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Мəлік Əсем қазақ тілі мен əдебиеті пəнінен жүлделі ІІ орын,
Амангелді Иманов атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Вуйко Виктория ІІ орын жəне М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Жаңабай Аяулым химия пəні бойынша ІІІ орын жеңіп алды;
— Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасында А.Шерімқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Даниярқызы Еркежан жүлделі ІІІ орынды иеленді;
— Республикалық 5-6-сынып оқушылары арасында өткізілген пəндік олимпиадасында Ə.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы Абжапар Əделя жүлделіІІорындыиеленді;
— Шубарсу ауылы «Достық» жалпы білім беретін мектебінің оқушылары 4.11.2023 жылы Египет мемлекетіне барып, жеті мемлекет арасында өткен халықаралық олимпиадада менталды арифметика бойынша мектебіміздің математика пəні мұғалімі Суярбаева Эльмира Алишерқызының жетекшілігімен 2-сынып оқушысы Аллақұл Аяна бас жүлдені иемденіп, «супер чемпион» атанды, 6 -сынып оқушысы Ерсеит Самат ІІ орын иемденді;
— Түркияның Сиде қаласында 28.06.2024 жылы Менталды арифметикадан халықаралық олимпиада өтті. «Достық» жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Ерсеит Ербол 1-орын иемденді;
— 18.08.2024 жылы Ташкент қаласында өткен Орта Азия мемлекеттерінің арасындағы халықаралық олимпиада да «Достық» мектебінің оқушылары үздік нəтиже көрсетіп, Араб елінің Катар қаласында өтетін олимпиа- даға жолдама ұтып алды.
«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шəкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалық- ты дəрежеде дамытатынын ескерсек, үш жүздің басын қосқан Ордабасы ауданы білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар өз деңгейінде нəтижелі жүргізілуде.
Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы,
Ордабасы ауданының білім бөлімінің басшысы