Білім — тамыры терең, танымы мол ерекше ұғым. Ұлы жазушы Мұхтар Əуезов «Білім — бақтың жібермейтін қазығы» деп білім мен бақыттың ажырамайтындығын айтты. Білімді əрі бақытты жастарды тəрбиелеу бүгінгі ұстаз атқарып отырған ұлағатты іс болып табылады. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең — бұл жаңа дəуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең.
Жаңалықтары көп жаңа оқу жылы да басталды. Өткен оқу жылында Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты 56 мектеп жұмыс істеді. Оның 55- сі жалпы орта, 1-еуі негізгі орта мектеп. 2024-2025 оқу жылының 1 қыркүйегінен No57 жалпы білім беретін мектеп — жаңа білім ордасы пайдалануға беріледі. Білім ошақтарында 1-11 сыныптарда 29597 оқушы, мектепалды дайындық топтарында 2574 бала тəрбиеленді. Мектепаралық оқу- өндірістік комбинаты, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында 1624 оқушы қосымша білім алды.
Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, өскелең ұрпақтың болашағын айқындайтын, қоғамды қалыптастыратын қадірлі тұлғалар.
Бүгінде Мақтаарал ауданында 4058 педагог оқу- тəрбие жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде: 88 – педагог-шебер, 1239 педагог –зерттеуші, 1475 педагог-сарапшы, 1103 педагог-модератор, 153 педагог санатындағы ұстаздарымыз жас ұрпаққа тəлім-тəрбие, үлгі-өнеге беруде елеулі еңбек етіп келеді. 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты білім ордаларында қазақ тілі мен əдебиеті пəні бойынша олимпиадалар мен конкурстарда облыс, республика көлемінде көптеген ұстаздарымыз жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, ұстаздар арасында облыстық «Ыбырай жазулары»
байқауында Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Гүлназия Қошқарова ІІ орынды еншілесе, Қ.Сəтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Айман Аханова, «Асыл мұра» мектебінің мұғалімі Дилфуза Ахмедова жəне А.Фердауси атындағы мектептің мұғалімі Умеджан Джалиловтар ІІІ орынды иеленді. Ал «Педагоги- калық идеялар» байқауының облыстық кезеңінде Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Патима Абдукаримова ІІІ орынды жеңіп алды. «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының облыстық кезеңінде Қ.Сəтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Мадина Смадиярова мен Пушкин атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Нургул Рысбековалар ІІ орынды иеленді.
Аудан педагогтері үлкен белестерді бағын- дырып ғана қоймай, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Атап айтатын болсақ, ардақты ұстазымыз Алибекова Тарбия Қантұрғанқызы кəсібилік деңгейі жоғары білімді, білікті, өте тəжірибелі, ауданымыздың ғана емес, республикамызға танымал үздік мұғалім.
Қазіргі жаһандану дəуірінде роботтар мен автоматтандыру жүйелерін құрумен жəне қолдану- мен айналасатын қолданбалы ғылым да қарыштап дамып келеді. Робототехника бойынша да облыстық, республикалық деңгейлерде оқушы- ларымыздың жетістіктері жетерлік. Оған дəлел, биылғы жылы сəуір айында Шымкент қаласын- дағы No12 М.Тасова атындағы үштілде оқытыла- тын мамандандырылған мектеп-интернатта өткен «Робототехника жəне бағдарламалау бойынша RED FEST ашық халықаралық фестиваль-2024» байқауының облыстық кезеңіне ауданымыздағы В.Комаров атындағы No7 жалпы білім беретін мектептің информатика пəнінің мұғалімдері Ғ.С.Нəлібай жəне У.Р.Эгамбердиевтің оқушылары Камола Убайдуллаева жəне Ислам Шавкетов «Сумо санатынан» ІІІ орын, «Сызық бойынша қозғалыстан» ІІ орындарды жеңіп алды.
Ал ұстазымыз Ғ.Нəлібай бастаған команда 2024 жылы 9-11 тамыз аралығында Алматы қаласындағы КазНУ кітапханасында өткен Орталық Азия бойынша «FIRST GLOBAL CHALLENGE 2024» жарысында «RoboRangers» командасы «JUDGERS AWARD» номинациясына ие болса, жетекшісі Ғ.Нəлібай «OUTSTANDING MENTOR AWARD» номинациясын жеңіп алды. Түркістан облысының дарынды балаларды анықтау жəне қолдау орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пəндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 15 оқушы 1-2-3 орынға жəне 7 оқушы мақтау қағаздарына ие болды. Республикалық кезеңге 5 оқушымыз жолдама алды.
Ауданымызда жыл бойына жобалар жүргізілуде. Мақтаарал ауданы бойынша 2023-2024 оқу жылында «Əдіскердің бір күні», «Ғылымға бастар жол» жобасы аясында пəн мұғалімдерімен жүйелі жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар биылғы жаңа оқу жылында «Береке», «Шұғыла», «Болашақ» жəне Абай атындағы жалпы 4 білім беру ұйымдарында арнайы STEAM кабинеттері жабдықталып, NEO жобасын іске асыру жоспарлануда. NEO жобасын аудан мектептеріне енгізілу туралы сипаттама мен ұсыныстар жасалынуда. Жобаның жетекшісі Бигозиев Ержан Бейсебайұлы.
Жоба туралы қысқаша түсініктеме берсек, Oculus Meta Quest 2, ПК, мобильді құрылғыларын пайдаланып, физика, химия, биология, география, анатомия, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пəндерінде негізгі технологияларды, яғни, виртуальды шындық (VR), жасанды интеллект (AI) NEO жобасын жүзеге асыру жоспарда бар.
Жобаның тиімділігін айта кетсек, біріншіден, практикалық бағыттағы оқыту бойынша NEO бағдарламасы зертханалық пəндер бойынша жалпы 500-ден астам тəжірибелерді қамтиды, бұл оқушыларға күрделі теориялық тақырыптарды практикалық тапсырмалар арқылы өз бетінше зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл білімді тереңірек игеруге жəне сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Екіншіден, педагогтың уақытын оңтайландырады. Оқу бағдарламаларына енгізілген жасанды интеллект мұғалімнің түсіндіру, тапсырмаларды орындауды бақылау сияқты кейбір міндеттерін өз мойнына алады. Бұл мұғалімдерге оқушыларға жеке қолдау көрсетуге назар аударуға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, Интерактивті оқытады. VR–технологияларын пайдалану арқылы оқушылар оқу материалын визуациялап, өзара əрекеттесе алады, бұл оқу процесін қызықты əрі тиімді етеді. Бұл анатомия мен биология сияқты жоғары визуализацияны талап ететін пəндер үшін өте маңызды.
Төртіншіден, шығындарды азайтады. Виртуалды зертханалар физикалық зертханалық жабдықтарды сатып алу жəне ұстап тұру шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жобаны алыстағы өңірлердегі мектептер үшін ерекше маңызды етеді, онда осындай ресурстарға қол жеткізу шектеулі болуы мүмкін.
NEO жобасын енгізу білім сапасын арттырып қана қоймай, оны қолжетімді, инновациялық жəне практикалық бағытта жұмыс жасайды. Оның көптеген артықшылықтарын, соның ішінде ресурстар мен уақытты үнемдеуді, оқушылардың қатысуын арттыруды жəне педагогтардың жүктемесін төмендетуді ескере отырып, NEO жобасын жоғарыда аталған ауданымыздағы 4 білім беру мекемелеріне қосу ұсынылады. Бұл білім беру болашақта білім көзі ғана емес, қазіргі заманғы қиындықтарға дайындықтың қызықты процесі болатын кезеңге бір қадам алға жылжуға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге үйрету, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдай алатындай дəрежеге жеткізу, өз бетіншежұмысістеудағдыларынқалыптастыру,аналитикалық ойлау қабілеттеріндамытужəнеолардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету. Ендеше, іздену мен үйренуді ешқашан тоқтатпайық дегім келеді. Өркениет көшіндегі білім кемесінің сапары сəтті болғай.
Арап Қайрат Əбдірахымұлы,
Мақтаарал ауданының білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы