Заңғар жазушы М.Əуезов «Қаратаудың тəжі» — деп атап кеткен кенді қала Кентаудың білім сапасы облыстың деңгейдегі жоғары орыннан түспей келеді.
Кентау қаласы білім бөліміне қарасты 24 мемлекеттік 6 жекеменшік мектепте 21 631оқушы білім алады.
Кентау қаласы бойынша 2023 жылы 32 мектепке дейінгі ұйымдар бар. Онда 1-6 жас аралығындағы бала саны — 5704.
Қала халқының демографиялық өсімі жаңа білім ошақтарын талап етуде. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары қаламызға жобалық қуаттылығы 1200 жəне 900 орындық 2 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған, олар «Шұғыла» жəне «Қаратау» мөлтекаудандарында салынады.
2023-2024 оқу жылында мектептердегі үлгерім 100% пайызорындалды.
Қала бойынша 2023-2024 оқу жылында 928 түлек (741 түлек мемлекеттік 23 мектепте, 187 түлек 2 жекеменшік мектепте) мектеп бітірді. Жалпы орта балл — 86,5 құрады.
Дарынды оқушымыз Қожанов Айдос ҰБТ тапсыруда ең жоғарғы 138 баллды жинап қала абыройын асқақтатты..
9,10-11 сынып оқушылары арасында өткен пəн олимпиадасына 43 оқушы облыстық кезеңге өтіп оның 33-і жүлделі орындарды иеленді. Ал республикалық кезеңге қатысқа 6 оқушының 3-уі жақсы нəтиже көрсетіп жүлделі орынға қол жеткізді. «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім- ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі», — деп Абай Құнанбаев айтқандай қаламыздың ұлағатты ұстаздары талапты шəкірттерінің бойына білім мен бірге ұлттық құндылықтарға негізделген тəрбиені қатар құйып келеді.
Тəрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында, барлық кезде жүре береді. Болашақтың іргесін қалайтын, үміт күттіретін жастарды елдікке шақыратын, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, туған жерді көркейтуге, жаңашыл ойлап, қоғам үшін игі іс жасауға ықпал ететін өзіміз. Біздің оқушыларымыз – біздің мақтанышымыз! Білім беру ұйымдарының педагогтері жыл бойы бала- ның əлеуметтік ортада қарым-қатынас жасаудың тиімді формасы, топтық қарым-қатынас жасау арқылы білім алушылардың түрлі қиыншылық- тарды өз бетімен шеше алуына бағыт-бағдар беріп, өзінің жəне өзгелердің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуіне əр түрлі бағытта сынып сағаттары, семинарлар, ата-аналар жиналыстары, педагоги- калық кеңестер, ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер үшін интерактивті əдістер мен лектория- лар ұйымдастырылуда. Ауқымды жұмыстарды атқарып, жоспарланған межеге жетіп, бойындағы күш-жігерін аямаған, алдындағы шəкіртіне ынта- ықыласымен білім беруде уақытпен санаспайтын, күнделікті өзінің үйдегі күйбең тіршілігігін ұмытып қызмет ететін біздің ұстаздардың жұмысы осындай. Білім жолында ұстаз ұғымы мен ұлағатын ұлықтап, қадірі мен қасиетін құрметтеу – парыз екенін ерекше айту керек.
Бұл – білімді ұрпақ, тəлімді шəкірт, зерделі буын қалыптастырудың басты жолы. Сапалы қоғам сапалы баланы қажет етеді. Ендігі уақыт бізден заман талабына сəйкес терең білім мен нақты қадамдарды күтеді. Оқушы бойына терең білімді сіңіріп, ғылымды, əділетті ұрпақ өсіргенде ғана айымыз оңынан туып, көсегеміз көгерері айдан жарық, күннен анық ақиқат.
Жеңісті де жемісті күндеріміз көп болсын!
Əуелбеков Əділ Арысбайұлы,
Кентау қаласының білім бөлімінің басшысы