Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстарының барысын бақылауына алды. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, ең алдымен құрылыс сапасына қатысты талаптарды қатаң сақтап, әрбір жобаға мұқият болуды ескертті.
Айта кетейік, қазіргі уақытта нысанның ішкі жұмыстарымен қатар, сыртқы фасадын травертинмен қаптау жұмыстары жүруде. Құрылысқа 150-ге тарта адам жұмылдырылып, жұмыс қарқыны өндірістік кестеге сай өрбуде. Жаңа мектептің техникалық жарақтандыру үлесі 4 есеге ұлғайтылып, робототехника кабинеттері, зертханалар, хореография залдары қарастырылмақ. Оқу кабинеттері интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталады. Жайлылық пен тиімділікті қаматамасыз етіп, мектепішілік кеңістік ыңғайлы болу мақсатында бастауыш сыныптар, орта, жоғары буын оқушылары үшін жеке блок жасалады.