Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – жас ұрпаққа сапалы білім беру, адамгершілігі мол, отансүйгіш азамат тəрбиелеу. Жаңа ғасыр асуында Əділетті Қазақстанды құру үшін ең алдымен білімді де саналы ұрпақты тəрбиелеуіміз қажет. Бүгiнгі жас ұрпақ – жаңа Қазақстанның жанды бейнесі, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Қазақстанның іргесін берік ету үшін мұғалімдерге биік талап қойылып, үлкен жауапкершілік жүктеледі. Жас ұрпаққа мəн-мағыналы, өнегелі тəрбие мен сапалы білім беру үшін Арыс қаласының білім бөліміне қарасты жалпы 37 мектеп (4 бастауыш мектеп, 7 шағын жинақты бастауыш мектеп жəне 26 жалпы білім беретін мектеп) пен 1 мектептен тыс мекемеде 20143 оқушы білім алып, 2245 педагог қызмет атқарады.
Тəрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы — мектепке дейінгі білім мен тəрбие. Арыс қаласында жалпы 59 балабақша жұмыс жасайды. Оның 10-ы мемлекеттік, 49-ы жекеменшік балабақша. Ондағы 2-6 жас аралығында тəрбиеленушілер саны – 5841 болса, 624 педагог бала тəрбиесімен айналысады.
Ауданымыз өткен оқу жылын табысты қорытындылады. Тың жоба, серпінді бағдарлама, ілкімді істердің барлығы – зияткер ұрпақ тəрбиелеудегі нақты қадам. Саннан сапаға, сөзденіске,жоспарданəрекеткекөшіп, бірталайжетістікке қол жеткіздік.
-Оқу жылы барысында қалалық 2 білім жобасы қолға алынып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Олар «Kitaplike» – оқырмандар клубы жобасы (авторы Ж.Ташенов атындағы жббм) жəне «BilimStars» зияткерлік
жобасы (авторы М.Шаханов атындағы жббм). Аталған жобалар жылдың соңында қорытын- дыланып, нəтижесі бойынша дарынды, зияткер, жас ғалымдар мен үздік оқырмандар анықтал- ды. Алдағы оқу жылында аталған инновациялық білім жобалары барлық мектептерде жүзеге асатын болады:
— Жапон елінің сабақты зерттеу тəжірибесі қаладағы 2 мектепте (Ə.Жангелдин атындағы жббм мен Арыс жббм) жүзеге асуда. Алдағы оқу жылында қалған мектептерде енетін болады;
— Алматы қаласында өткен Х-Халықаралық «Айбын- 2024» əскери патриоттық жастар жиынында «Арыс» əскери патриоттық жастар клубы биылғы жылы да жүлделі ІІ орынды иеленді. Түркістан облысының намысын қорғаған Арыстық жастар 5 жыл үштіктің қатарынан көрініп келеді.
— Облыстық шығармашылық «Абай оқулары», «Ілияс Жансүгіров оқулары», Махамбет оқулары, «Əбіш оқулары, «М.Мақатаев оқулары» байқауларында Арыстық 6 оқушы жүлделі І орындарды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді;
— Республикалық жүлделі ІІІ орындарды иеленіп қайтты;
— Жалпы білім беретін пəндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 16 оқушы , 5-6 сынып пен 7-8 сынып оқушыларына арналған пəн олимпиада- ларында да 12 оқушы жүлделі ІІ,ІІІ орындарды иеленді. Сонымен қатар ғылыми жоба конкурстарының облыстық кезеңінде 6 оқушы жүлделі ІІ,ІІІ орындарды иеленді;
-Өзбекстанелі,ТашкентқаласындаөткенХалықаралық «Азия таланттары» өнер байқауында Арыс қаласының намысын қорғаған Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінің оқушылары дəстүрлі əн мен домбырашылар ансамблі бойынша өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі І-ІІ орындарды иеленіп келді;
-Азияүздігі-2024 «Жетіөнер-Ташкент»халықаралық фестиваль конкурсында С.Адамбеков атындағы жббм оқушысы А.Алиев бас жүлдені жеңіп алды;
— Шучье қаласында өткен Республикалық ғылыми жобалар конкурсында робототехника саласы бойынша М.Шаханов атындағы жббм 7 сынып оқушысы Ə.Медеу (жетекшісі О.Смаил) «Автоматтандырылған автотұрақ» жобасымен жүлделі ІІ орынды иеленді. Жас ғалым өзінің жобасына авторлық құқықты алу мақсатында «Қазпатент» ұлттық зияткерлік меншік институтына құжаттарын өткізіп, меншік куəлігін алуды жоспарлап отыр.
Аз уақытта жасалған жұмыс аз емес, бірақ алға қойған мақсаттар да биік, жоспар да көп. Жаңа оқу жылында тағы да бір тың жобаны жүзеге асыруды жоспарда тұр. Қазіргі таңда қоғамда сұранысқа көп ие болып жүрген «интеллектум» балаларды дамыту жүйесі. Бұл жоба алдағы жаңа оқу жылында 2-6 жас аралығындағы 4 мектепке дейінгі ұйымдары мен 2 бастауыш мектептерінде балалардың интеллектуалды ойын кешендері арқылы əлеуметтік ортада жекетұлғаболып дамуынаарналғанқұралдарменметодика болыптəжірибелікалаңғаенеді. Білімберусаласыбойынша дүние жүзінде кең тараған «Steam» деген түсінік бар. Бұл — балаларды ғылымға, одан кейін технологияға, инженеринг пен математикалық ғылымдарға баулу. Былайша айтқанда, бұл жоба жасөспірімдерді жаратылыстану ғылымдарына мектепке дейінгі жасынан қызықтыру шаралары болып табылады. Адалдық пен əділеттілікті ту еткен Жаңа Қазақстанның ең басты құндылығы Білім. Сапалы білім –сəулелі болашақтың кепілі. Жас ұрпаққа сапалы білім, жақсы тəрбие береміз, барлық қиындықтарды жеңеміз, жарқын болашағымызға сенеміз.
Момбеков Əшімхан Тілеуханұлы,
Арыс қалалық білім бөлімінің басшысы