Кентау – киелі Түркістан облысына жақын орналасқан қаланың бірі. Бүгінде қалада ресми дерек бойынша жүз мыңға жуық адам тұрады. Оның ішінде 27204 өзбек этносының өкілі. Қазақстан көп ұлтты бір мүдделі мемлекет. Шағын ғана Кентау қаласы да этнос өкілдері көп шоғырланған қаланың бірі. Ресми дерек бойынша елімізде 600 мыңнан астам өзбек этносының өкілі тұрса, оның басым бөлігі оңтүстік аймақта. Нақтырсақ айтсақ, Түркістан облысында көптеген жергілікті ала шапанды ағайын тіршілік етеді. Ал олардың қоғамдық-әлеуметтік салаға араласуына арнайы этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. Өзбек этномәдени өкілдерінің тыныс-тіршілігімен танысу үшін Кентау қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрайымы Санабар Самиевамен кездескен едік.
Бірлестік жұмысының нәтижесінде бірнеше ауқымды шаралар өткізілуде. Атап айтсақ, Кентау қаласына қарасты екі мың жылдық тарихы бар Қарнақ ауылында жастар жиналып, білімдері мен ой сананы дамытуға мүмкіндік беретін білімділер сайысын өткізді. Тарихы тереңде жатқан ауылда өзбек ұлты көп шоғарланған аулдың бірі. Игі шара «Бірлігіміз жарасқан» атты тақырыбында ұйымдастырылды.
— Этносаралық татулықты насихаттау, халық бірлігін қамтамасыз ету мақсатында өткен сайысқа Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауыл тұрғындары, әр түрлі сала мамандарынан құралған 12 топ қатысты. «Бірлігіміз жарасқан» атты интеллектуалдық ойынға қатысушылар өз топтарының атауы мен ұрандарын қысқаша таныстырып, мақал-мәтелді жалғастыру, салт-дәстүр, музыкалық және логикалық сұрақтар бойынша 5 кезеңде шың мықтыны анықтай білді, — деді этномәдени бірлестіктің төрайымы.
Орталық бірнеше негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалымен этномәдени бірлестіктің қатысуымен тұрақты негізде брифингтер ұйымдастыру болып табылады. Ассамблея құрылымдарының атқарып жатқан жұмыстары, этномәдени бірлестіктер мен Ассамблеяның бастамалары және жобалары қалың бұқараға таныстырылады. Қоғам тұрақтылығын нығайтуда халықтық жобаларды іріктеу, оларға қолдау көрсету мүмкіндіктері қарастырылады. Азаматтық бастамалар, оның ішінде жастар ұсынған қоғамдық мәні бар әлеуметтік жобалар қолдауға ие болады. Жан-жақты ұтымды, қоғам тұрақтылығын сақтауға тиімді жобаларды және бағдарламалар мен әлеуметтік маңызы бар мәселелерді іске асыруға мән беріледі. Жастардың диалог алаңын қалыптастыру, дебаттар мен пікір-сайыстар ұйымдастыру қолға алынған.
«Бұл бағытта еліміздегі әртүрлі мерекеге сай және қазақ халқының ұлттық тарихы, мәдениеті, салт-санасы жөніндегі іс-шаралар өткізіліп, этнос жастарын жоғары мәдени-эстетикалық, патриоттық және елжандылық рухта тәрбиелеу жоспарлануда. Мемлекеттік тілді үйрету мақсатында түрлі тәсілдер бойынша семинар-тренингтер жүргізіледі. Оның ішінде этнос өкілдеріне базалық негізде қазақ тілін оқып-үйренуіне жағдай жасалған. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Сондықтан оған деген қамқорлық мемлекет тұрғысында жылдан-жылға күшейіп келеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытаудағы құрылтайда да баса айтқан болатын. Өзара қатынас тілі қазақ тілі болатын болған соң жастардың, әсіресе өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі жоғары болу керек. «Елу жылда ел жаңа» демекші, бүгінде қоғам өзгерген. Жастардың көзқарасы, пікірі басқа. Өз тағдырын Қазақстанмен байланыстыратын этностардың ішінде қазақша оқып үйренгісі, сөйлескісі келетін жас буын өкілдері өте көп. Оларға тиісті жағдай жасау – мемлекеттің міндеті», — деді Санабар Садуллақызы.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Қазақстанның барлық өңірлерінде «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтуде. Осыған орай Кентау қаласы Жастар ресурстық орталығында қала әкімдігі аппаратының басшысы Бауыржан Әбенұлының төрағалығымен акция ұйымдастырылды. Сол акцияға Санабар Самиева заң ретінде қала тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарына ұтымды жауап берді.
«Жобаның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң нормаларын дұрыс түсіну және жалпы олардың біркелкі қолданылуы үшін құқық қолдануды түсіндіру. Ол үшін жүгінген кез келген өтініш беруші, заңгер-сарапшылар толыққанды құқықтық көмек көрсетеді. Бұл акцияның негізгі миссиясы осы», – деді Санабар Самиева.
Аталған орталық өз қозғалыс жұмысын бастап, алдағы уақытың мақсатынын айқындап алған.
– Орталық жұмысы бірізді болуы үшін негізгі мақсаттарымызды айқындап алдық. Онсыз жүйе болмасы белгілі. Біздің орталық этникалық тұтастығын сақтауды, өзбек ұлттық мәдениеті мен тілін сақтауды және дамытуды, өзбектердің Қазақстандағы этникалық топтардың бірі ретінде рухани жандануын, өзбектер бостандығы, саяси, әлеуметтік және басқа да құқықтарын жүзеге асыруды және қорғауды мақсат етеді. Осыған қоса ұлттық сананы, діннің, этникалық дәстүрлер мен кедендіктің дәстүрін және қазіргі заманғы нысандарын дамытуды да мақсатымызға айналдырдық, — деді ол.
Орталық келесі бағыттарды негізге алып жұмыс істейді: ұлттық мәдениеттің бастапқы элементі ретінде өзбек тілінің колдану аясын кеңейту және дамыту, тілді қорғау үшін кешенді және мақсатты түрде жұмыс атқару.
Өзбек этнос өкілдерінің коғамдық-саяси өмірдің барлық салаларына қатысуын белсендендіру, сайлау кампанияларына қатысу, жергілікті атқарушы және уәкілетті мекемелерге сайлау кезінде өз өкілдерін ұсыну да қызметімізде.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық шарасы аясында Кентау қаласында және қалаға қарасты Қарнақ ауылында өала және ауыл тұрғындарының, өзбек этномәдени мүшелердің көмегімен тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Тазалық жұмыстары барысында күл-қоқыстарды, көше жолдарын сыпыру, тұрмыстық қалдықтарды жинау, жабайы өсімдіктерді шабу жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» акциясының мақсаты — ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың, әсіресе, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, оның тазалығын сақтау, табиғатын қорғау әрбір — азаматтың борышы және міндеті Таза Қазақстан — Отаншылдық қасиетінің бастауы», — деді Санабар Садуллақызы.
Қайырымдылық іс-шараларын өткізу Түркістан облысындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері үшін бұрыннан дәстүрге айналған. Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында Кентау қалалық этномәдени орталықтар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан шыққан балаларға көмек көрсетуге барынша үлес қосып келеді.
— Қамтылу ауқымы орасан зор! Себебі баланы мектепке дайындау және оған қажеттінің барлығын сатып алу – біршама қаржыны талап етеді. Әсіресе, бірден бірнеше бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін өте қиын. Олардың әрқайсысы оқу жылына дайындалып, барлық қажетті кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілуі керек, — деді Санабар Самиева.
Өзбек этномәдени бірлестігінің жастары қаламызда өткізіліп келе жатақан әртүрлі жарыстары және дебатқа түскен ойыншылар мен көрермен жастар еліміздің өскелең ұрпағы отансүйгіш, туған жерінің нағыз патриоты болуға тиіс. Ол үшін әділетті Қазақстан бастамасымен бірге адамдардың қоғамдағы бір-бірімен қарым-қатынасы, билік пен қарапайым халық арасындағы байланыстар ғана емес, сана-сезім, ішкі ой-түйсік те қоса өзгеруі керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін алдымен қоғамда әділеттілік, заң, ұлттық құндылықтар мен ар-намыс үстем құруы қажет. Әділетті қоғам құруға қазақ мемлекетінің толық мүмкіндігі бар. Өйткені оған қажетті күш-қуат елде толық жеткілікті. Адами ресурс, капитал, саяи-экономикалық тұрақтылық, бейтараптық, жан-жақты интеграция Қазақстанды алдына қойған мақсатына міндетті түрде жеткізеді. Ендігі керегі – адал еңбек, тынымсыз ізденіс, мықты менеджмент пен жастар тәрбиесі. Жасампаздыққа ұмтылу – қазақтың бойында бұрыннан бар қасиет. Әділетті Қазақстанды қалыптастыруда осы қасиетті халықтың бойында қайтадан ояту керек. Әсіресе ел жастардан саяси белсенділік пен қайраткерлікті күтеді. Өз кезегінде жастар халықтың осы сенімін ақтап, үдеден шыға білуі керек.
Еліміз ширек ғасырда толағай табыстар мен жетістіктерге қол жеткізді. Оның ішінде елімізде өмір сүріп жатқан этнос өкілдері қоғамның түрлі саласында еңбек етіп, берекелі бірлік жолында қазақстандық дамудың өзіндік моделін қалыптастыруда. Соның бір айғағы, бүгінде Кентау қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері ел игілігіне бағытталған байсалды бастамаларға қолдау көрсетіп, ішкі бірлік пен татулықты нығайту жолында жемісті жұмыс жүргізіп келеді.