Шет тілін үйретудің ерекшелігі – сөйлеу қызметіне үйрету, ал сөйлеу қызметінің пәні ой болып табылады. Сондықтан шет тілін үйретуде өздігінен ойлауды стимульдау, әр түрлі проблемаларға өзінің жеке көзқарасын дәлелдеу сияқты негізгі қызмет түрлерін қолдану қажет.
Басқаша айтқанда, «проблема, проблемалық ситуация; шет тілін үйрету барысында оқытушы оқушының назарын сөйлеу қалпынан оның мазмұнына өтуіне мүмкіндік жасай отырып, оқытудың коммуникативті бағдарын анықтайды. Осыдан дәрісте тек трансформациялық жаттығуларды ғана орындап қоймай, өздігінен ой құрастырып, дискуссияға, әңгімеге, рөлдік ойындарға қатысу сияқты түрлі қызметтерді қолдану қажет». Әлеуметтік — мәдени тілдік құзыреттілік деп мәдениетаралық коммункацияда барабар қолданылатын әлеуметтік-мәдени тілдік білімді айтамыз. Әлеуметтік –мәдени құзыреттілік дағдыларының болмауы коммуникацияны едәуір қиындатады.
Әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілік тілдің әлеуметтік -мәдени жағдай шарттарын пайдалануды көрсетеді (әртүрлі ұрпақ, жыныс, класстар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастың әлеуметтік нормаларға бағдарлау, салт жораларды рәсімдеуге). Бұл құзыреттілік әр алуан мәдениет өкілдері арасындағы тілдік қатынасқа әсер етеді. Әлеуметтік лингвистикалық құзыреттілік жағдайға сәйкес тілдік формаларды түрлендіру мен пайдалану қабілеттілік болып табылады. Бұл жерде қатынас сипаты мен стиліне байланысты сөздер; идиоматикалық нақысты сөздердің ерекшеліктері мен симантикасын және олардың әңгімелесушіге тигізетін әсерін білу өте маңызды. Диалект пен акцентке қатысты әлеуметтік лингвисикалық құзыреттілікке әлеуметтік топтардың тілдік ерекшеліктерін, өмір сүру орындарын, шығу тегін, қызмет түрін анықтау қабілеттілігі жатады.
Мұндай ерекшеліктер лексика, грамматика, фонетика (сөйлеу мәнері, паралингвистика) деңгейінде, сөйлеу мәнерінде, паралингвистикада, дене қимылы тілінде кездеседі. Әлеуметтік лингвистикалық құзыреттілік аймағына педагогикалық қатынас ұйымдастыру мен нақты педагогикалық жағдайды ескеру шеберлігі кіреді, тілін үйреніп жатқан елге тән болмыстар, ерекше сөз тіркестер, тілдік қатынастың өзгеше ережелері пайдалану шеберлігі кіреді,яғни мәдениет, дәстүрлердің әсерін куәлендіретін тілдегі өзгешеліктер. Әлеуметтік ережелерге (әртүрлі жыныс, ұрпақ, әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қатынас ережелері, жақсы әдеп ережелері, аталмыш қоғамда қабылданған арнайы салт жоралардың тілдік бекітілімдер) байланысты әлеуметтік лингвистикалық компонент әртүрлі мәдениет өкілдері арасындағы қатынасты тілдік дайындауға зор ықпал жасайды.
Әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік лингвистикалық құзыреттілікті қалыптастыру үшін интернетті қолдану. Шет тілін оқытудың ең басты міндеті – оқушылардың үйренушілердің) мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру. Оны тануға бағытталған Шет тілін оқыту- лингвистикалық (тілдік),дискурсивтік (сөйлеу), әлеуметтік мәдени және басқа компоненттерден тұратын күрделі интергративтік тұтастыққа негізделген. Атап айтқанда, лингвистикалық компонент — оқып үйренетін тілдің фонетикалық, лексикалық, граматикалық құбылыстары мен сол тілдің қалыптасқан заңдылықтарын оқушылардың өз-ара қарым-қатынаста қолдана білуге үйретеді.
Дискурсивтік компонент — нақтылы әлеуметтік-мәдени контексте кездесетін тілдік бірліктерді нақтылы ауызекі сөйлеу процесінде пайдалана білуге бағытталған. Әлеуметтік – мәдени компонент – тілін оқып үйренетін елдің мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, мемлекеттік құрылысын заң ережелерін және тіл өкілдерініңмінез-құлық ережелерін үйретуді мақсат етеді. Көрсетілген құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін шет тілін оқып үйренушіге тілін үйреніп жатқан ел туралы (географиясы, тарихы, мәдениеті, экономикасы және т.б.) белгілі бір білім және де шет тілі иелерінің өмір сүру үлгісі, салт – дәстүрлері жайлы қандай да бір мағлұматтарға ие болуы керек. Ел туралы білімді тиісті әдебиет оқып алуға болса, халықтың өмір сүру салты, дәстүр, ғұрыптарымен танысу үшін тілін үйреніп жатқан елдегі қатынастың нақты жағдайларында олардың мінез – құлығымен танысу қажет.
Мұндай мүмкіндікті интернет ұсына алады. Интернет технологиялар тілдік ортаны барынша тез жасауға және оған кіруге мүмкіндік береді, яғни тілдің функционалдық принципін жүзеге асыра отырып өзге мәдениетке енуге мүмкіндік жасайды. Білім беру мекемелерінің жүргізіп отырған тіл саясатының негізгі принциптерінің бірі білім аясына кіруді қамтамасыз ететін мобильдік, жеделдік принципі болып табылады. Міне сондықтан да интеракция құралы ретінде де, білім алудың құралы және ажырамас жабдығы ретіндегі интернет арқылы жаңа технологиялар ұсынып отырған бар мүмкіншіліктерді толыққанды пайдалану қажет. Осы міндетті шешу үшін компьютерді таңдау себептері: Компьютер түйсінудің барлық үш арнасын (есту, көзбен шолу және кинестетикалық) іске қосуға мүмкіндік береді, оның өзі материалды меңгерудің көлемін ұлғайтуға және берік болуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың танымдық белсенділігін көбейтіп, пәнге деген қызығушылығын қолдайды. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі үшін кеңестікті ұлғайтады. Әр оқушыға тұлғалық маңызы бар жағдайларды жасақтауға мүмкіндік береді. Виртуалды кеңістікке — оқушылардың әлеуметтік-мәдени құзырын дамытудың тиімді құралы — енудің құралы ретінде Интернетті пайдалануға мүмкіндік жасады . Бұл жағдайда бізге Интернет не береді: контекстуалды ақпараттың едәуір көлемін қажет болған кезде пайда болған мәселені басын аша отырып оқушыға өз жеке оймен жүруге рұқсат етеді; коммуникативті бағдарламалар (чаттар, почта және т.б.) ұсына отырып виртуалды әлеуметтік-мәдени және тілдік орта қалыптастырады; қандай да бір елде виртуалды болуға мүмкіндік береді; әр түрлі проектілерге, оның ішінде шет елде, қатысу мүмкіндік береді.
Лингвист — маман әлеуметтік-мәдени құзыреттілікке — мәдениет диалогын жүргізуге қабілеттілік пен дайындыққа — ие болуға тиіс. Е.М. Верещагин сөзімен айтқанда, «тұлға мен мәдениет ара қатынасын анықтауда тұлғаның қалыптасу генезисін әлеуметтік қауымдастықпен (кіші әлеуметтік топтың, ақыр соңында, ұлттың) бөлек түсіну мүмкін емес, орыстың немесе немістің, поляктың немесе француздың ішкі жан дүниесін түсінуге ықыластық болса, орыс немесе тиісінше неміс, польша, француз мәдениеттерін зерттеу қажет». Тілін үйренетін ел болмысы, өнегесі, әдеті, салт – дәстүрі туралы білімдер; тілдік коммуникация актілерінде коммуникативтік мінез – құлық дағдылар мен білімдер; вербалды және вербалды емес мінез – құлық шеберлігі мен дағдылары қалыптасуға негіз болатын шет тілін оқытудың әлеуметтік — мәдени компоненті ұлттық мәдениет мәдени танымдық білімді (мәдениет фактілерін) меңгеруді ғана емес, үйреніп жатқан тіл иелерінің менталдігін түсінуге дайындық пен қабілетті, және осы ел халқының коммуникативтік мінезқұлық ерекшеліктерін ұғуды да ойластырады.
Әмзе Нұрсауле Бақытжанқызы,
Түркістан облысы Ордабасы ауданы
Жеңіс ауылы Ә. Тұрманжанов жалпы білім беретін мектебі ағылшын тілі пәні мұғалімі