«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінде Кентау қаласы күндері облыс тарапынан бекітіген кестеге сәйкес өтті. Өнер фестивалінің Ережесі бойынша бірінші күні «Этноауыл» кешенінде өнерпаздар салт-дәстүрлерден көріністер қойып, қолөнершілердің көрмесі өтті. Ұлттық нақыштағы қойылымдар қойылып, ұлттық ойындар насихатталды. Екінші күні «Керуен сарай» аумағында бекітілген орында гала-концерт ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, конституция күніне арналған «Ата Заң — мәңгілік елдің тұғыры» атты салтанатты іс-шараны Ш. Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткізу жоспарланған. Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты мерекелік іс-шара Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өтті. Аталған іс-шарада тіл жанашырлары марапатталды.
«Кентауым — керім қалам» қала күніне арналған мерекелік іс-шара да жоғары деңгейде өтті. Қала күніне эстрада жұлдыздары арнайы шақырылып, концерт тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, қала күні қарсаңында облыс көлемінде С.Бәйтереков әндерінен «Кентауым – мәуелі гүлбағым» атты облыстық ән байқауы болды.
Республика күніне орай «Егеменді елдің еңсесі биік» салтанатты мерекелік іс-шарасын өткізу жоспарланған. Жыл соңына дейін тұрғындарды кітап оқуға анталандыру мақсатында кітапхана қызметкерлері «Әлемді кітап арқылы танимын», «Бір ел – бір кітап», «Ақылдыммен ақылдымын», «Оқырман іздейміз» секілді жобаларды қолға алып, сол бойынша нақты жұмыстарды атқаруда. Ұстаздар күніне орай «Кітапқұмар мұғалім» атыт тақырыпта мұғалімдер арасында «Ең үздік оқырман» байқауы ұйымдастырылмақ.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Шапалақ» халық драма театр ұжымының 5 жылдық есеп беруге арналған қойылымы көпшілік назарына ұсынылып, қараша айында «Ардагерлер хоры – өнеге бастауы» Ардагерлер хорының мерейлі 40 жылдығына арналған концерт пен жергілікті ақын-жазушылардың кештерін өткізу жоспарлануда.
Ж. ЖАКАЕВ,
Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы