Президент Жолдауы – барша қазақстандықтардың тағдырына, болашағына қатысты тарихи құжат. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында осыған дейін жүзеге асқан жұмыстар қорытындыланып, алдағы жаңа мақсат-міндеттер нақтыланды.
Қоғамда адам капиталы маңызды фактор десек, оны дамытуға үлес қосатын саланың бірі – білім. Ал сапалы білім – табыс кепілі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдегі білім саласына ерекше назар аударып, білім саласы ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратынын, қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзді маңызды құжатқа арқау етіп, орта білім мен мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керектігін нақты айтты. Президент еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісінде орта білім беру жүйесі өте маңызды рөл атқаратындығын атап өтті. Бұдан бөлек, мектептердің жұмысын жақсарту шаралары қолға алынып, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлінетіндігі мені және менің әріптестерімді бір серпілтіп тастады.
Мұғалім — қоғам дамуының маңызды құрамдас бөлігі.Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаздың білікті де білімді болуы қазіргі жаһандану заманының сұранысы екенін көрегендікпен жеткізді.
Президент бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғаны белгілі. Жолдауда көтерілген «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қолға алынуы құптарлық жайт.Оқушының сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасайтын жоба «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырыла отырып, 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға берілетіні,сол мектептерге басқарудың жаңаша жүйесі енгізілетіні ұстаздардың рухын көтеріп,жаңа оқу жылын тың күшпен бастауымызға айрықша шабыт берді.
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформaлауда,жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауға бар күш- жігерімізді жұмсап,»Aдал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын толық қолдауға ұстаздар қауымы қашан да әзірміз.
Расында да, Жолдаудың әр сөзі халыққа керекті мәселелердің шешімін табуға бағытталды. Еліміздің тaғдыры – біздің тaғдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары орындaлатынына кәміл сенемін! Президентіміздің бүгінгі тапсырмаларын жүйелі орындап, қарқынды жұмыстaр атқаратын боламыз! Жoлдaу ұстаздар қауымының болашақтағы жұмыстaрынa үлкен сeрпіліс бeрді.
Айгуль Билибекова,
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы №55
О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектептің директордың тәрбие жөніндегі орынбасары