Мемлекетіміздің басты байлығы халық. Экономика мен саясат та тікелей демографияға байланысты. Халықтың әл ауқатын жақсарту, өңірлерді дамыту, Жаңа Қазақстанды қайта құру, стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты жолдаған мемлекет басшы Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауларын үздіксіз қолдап келемін. Президентіміздің жаңа оқу жылына сәйкес келген кезекті халыққа жолдауы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталды. Жолдау тоғыз бағыттан тұрды.
Бірінші: Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арсындағы үйлесімділікті жою қажет.Екінші: Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды. Үшінші: Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет.Төртініш:Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажет. Бесінші: Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру қажет.Алтынышы: Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту қажет. Жетінші: Экологиялық ахуалды жақсарту-алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Сегізінші: Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру қажет. Тоғызыншы: Қоғамда заң мен тәртіп идеолгиясын терең орнықтыру қажет.
Жолдауда орта білім саласындағы оң өзгерістер «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқандығы, 2025 жылдың соңында заманауй үлгідегі 2017 мектеп пайдалануға берілетіні баяндалды.1300 күрделі жөндеуді қажет ететін мектептерді үш жылдың ішінде демеушілер арқасында толық жаңарту жоспарланды.Бәсекелестікті арттыратын жекеменшік мектептерде оқитын 250 мыңнан астам балаға биылдың өзінде мемлекет бюджетінен 134 миллиард қаржы бөлінді. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру, әлеуметтік мәртебесін көтеруді басты назарға алынғаны айтылды. Ұстаз мәртебесіне байланысты ерекше тоқталған мемлекет басшысы жоғарғы, орта білім саласындағы алға жылжуды оң бағалады.
Дарынды талапты жастарға қанат бітіріп,жолдаудан өз саласы бойынша керегін алған әр тұлғаның мақсаты анық деп білемін. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау болашақ жастар, еліміздің еретеңі оқушылардың білімінің сапасын артуының кепілі. Ұстаз-ұлттың зияткерлік қуаты деп көрсеткен, педагогтерге зор сенім білдіріп, ұстазды ұлықтаған мемлекет басшысының жолдауын қолдау азаматтық позициям!
Жамиля Жолдасбекова,
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, №59 ЖББМ директоры