XXI ғасыр – жаңа технологиялардың қарыштап дамып келе жатқан заманы. Қазіргі таңда ақылды технологиялар өмірімізге ене бастады. Жақында мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған жолдауында табысты өткен екі жаңғырудан кейін, алға батыл қадам жасап, үшінші жаңғыруды бастау керектігін атап өткен. Бұл жаңғыру экономикалық əлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізеді.
Озық отыз елдің қатарына ілгерілеуге мол мүмкіндік. Осы тұста ең маңыздысы – бірінші басымдық ретінде жеделдетілген технологиялық жаңғырту екеніне айрықша тоқталды. Яғни, жасанды технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияны өркендету – бұл маңызды кешенді міндет екені айтылды. Бір сөзбен айтқанда жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу басымдығына көшуді айқындап берді. Жолдау қатарында жасанды технологиялар, блокчейн технологиясы, жасанды интеллект, ақылды техника сынды таңсық сөздерді кездестіреміз. Əзірге мұндай жаңа технологиялар тізбегі бізге бейтаныс, себебі ол күнделікті тұрмысымызда қолданыста емес. Десе де, əлемнің алпауыт дамыған мемлекеттері мұндай технологияларды зерттеп, зерделеп, тіпті күнделікті қолданысқа енгізіп үлгерген. Блокчейн технологиясы бүгінде кішігірім көлемде біздер «ақылды» технологиялар дəуірінің алғашқы кезеңінде ғұмыр сүрудеміз. Сондықтан да заманауи ғылымның тың ақпараттарына сауатты көзқарас танытып, оны игілікке икемдеу бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда, бүгінде елімізде көптеген дамыған инновациялық технологиялар өндірілуде: Smart технологиялар, е-технология- лар, блокчейн, жасыл технологиялар енгізілуде.
Болашақта дамыған елдер қатарына қосылу үшін дамыған технологияларды меңгеріп, оларды күнделікті өмірімізге қолдана алуымыз керек.
Blockchain технологиясы Blockchain-биткойн (Bitcoin) немесе оның
баламасы жүйесінде транзакциялары тобын жазуға арналған арнайы құрылым. Қарапайым тілмен айтқанда, сіздің өміріңізге қатысты барлық шынайы дерек, жазбаларды тізбектеп сақтау технологиясы, туған сəтіңізден бастап ешбір дерек тыс қалмайды.
Blockchain технологиясының структуралық қызметі туралы:
Blockchain технологиясының қолданушы- ларында əрқашан blockchain мəліметтерінің көшірмесі бар компьютер жүйелері болады. Негізі, мұнда бүкіл блоктың көшірмесі болады, бірақ ыңғайлы болу үшін тек керекті мəліметтердің копиясын ғана сақтауға болады.
Цифрлық технологиялар. Жасанды технологияларға тоқталсақ:
Жасанды технология (Artificial intelligence)- адамды ойын компьютерде бейнелейтін програм- малық жүйе. Яғни, адамның логикалық ойлау қабілетін əртүрлі машиналарда іске асыру, оларды дербес ойлай алатындай ету. Қазіргі таңда жасанды интеллекттің жетістіктерінің арқасында көптеген ғылыми зерттемелер пайда болды, олар адам өмірін едəуір жеңілдетуде. Тəжірибеге сүйенсек, бүгінгі таңда жасанды интеллект жүйелері адам баласымен бірге жұмыс атқаруы ең жақсы нəтижеге жететіндігін көрсетеді.
Жасанды технологиялардың негізгі бағыттары
Жасанды технологиялар екі бағытқа бөлінеді:
Бірінші бағыт адамның интеллектуалды əрекетінің өнімін қарастырды, оның құрылысын меңгереді. Атап айтқанда, есептерді шешу, теориялық білімдерді тəжірибе барысында дəлелдеу, креативті тапсырмалар құрастыру, түрлі креативті қызықты ойындарды қазіргі техника көмегімен жасайды;
Жасанды интеллектінің екінші бағыты интеллектуальды іс-əрекетінің нейрофизио- логиялық жəне психологиялық механизмі туралы мəліметтерді, дəлірек айтқанда адамның саналы іс-əрекетін қарастырады.
Жасанды технологиялардың зерттеу бағыттары:
— нейрокибернетика бағыты: берілген нысанды құрады, көшіреді, қасиеттерін айқындауға бағытталған;
— машиналық интеллект бағыты: техникалық құралдарын жəне биологиялық обьектілердің құрылуының қасиеттерін қайта құруды модельдеу.
Медициналық интеллект жайын сөз қозғасақ:
Жасанды интеллект ғылымның жаңа бір саласы ретінде XX ғасырдың ортасынан дами бастады. Оның қарыштап ілгерілегені соншалық, қазір барлық салада кеңінен қолданылады. Рас, басында бұл бағдарламалық жүйе адамның еңбегін алмастыратын көмекші құрал ретінде пайдаланылады.
Жасанды технологиялардың биология сабағында қолданыудың мақсатына келсек:
Жасанды технологияларды биология сабағына енгізе отырып, уақытты үнемдеу, зерттеу жұмысын саралау, жаңа ақпаратты ғылыми жүйеге енгізу, əлемдік деңгейдегі жаңалыққа бет бұру; Адамдардың шынайы ойы мен сезімдерін білу жəне оны басқару.
Міндетіміз: Жасанды технологияны қолдана отырып, білім алушылардың креативті ойлау дағдысын қалыптастыру;
Ғылыми ақпараттанған білімді ұсыну жəне оны қолдану;
Жасанды технологияларды биологиялық модельдеу.
Жасанды технологияларды қалай қолдануға болады?
Биология сабағына кіріктіріп көрейік.
Сабақтың тақырыбы: «Бүйректің құрылымы мен қызметі»
Жасанды технологиялар – аппараттық жəне программалық модельдеу мəселелерін шешу үшін орындалатын программалық жүйелер.
D-ID технологиясы – жасанды интеллек- тінің көмегімен бейне жасау платформасы. D-ID, API немесе Creative Reality TM студиясы арқылы генеративті жасанды интеллект көмегімен фотореалистикалық бейнелер жасауға көмек- теседі. D-ID платформасына жеке аккаунтпен тіркелесіз.
Сабақтың тақырыбын жазасыз, сонда бүйрек мүшесінің бейнесін жасап шығарады. Бүйректі қимыл-қозғалысқа келтіреді. Бұл платформаға нақты тапсырма бересіз. Жауабы да нақты болады.
D-ID технологиясы – ЖИ көмегімен бүйректің құрылымын анық көрсетеді.
Бұл платформаның бір ерекшелігі – кез келген бейнені қимыл-қозғалысқа келтіріп қана қоймай, оны сөйлете де алады. Оған дəлел: ең алғаш бүйректі тапқан ғалым Лоренцо Беллиниді сөйлеттік. Өзі дəлелдеген ғылыми ақпараттармен бөлісті. Биология ғалымдарының еңбектерін тез меңгеруіне мүмкіндік береді. Сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттері мен функционалдық сауаттылығы артты. Оқушылардың D-ID технологиясына қызығушылықтарының артқаны қатты байқалды. Биология ғалымдарын жете тануына мүмкіндіктері артты.
D-ID платформасының артықшылығы:
Қызықты презентациялар жасау үшін слайдтарға виртуалды бейнелерді қоса аласыз;
Слайдтың даусын, тілін, өлшемін, фон-түсін, пішінін жəне орнын да реттейсіз;
Ұсынған адамның шынайы бейнесін нақты жасай аласыз;
Bing AI платформасы – адам бүйрегінің мəтініне сай картинка жасайды.
Bing-Мicrosoft корпорациясының, бірдей іздеу жүйесінде енгізілген чат боты түріндегі нейрон- дық желі. Bing AI https://www. bing.com/images/ create сілтемесіне кіре отырып, тіркелдім. Сосын сабақтың тақырыбын жаздым. Бүйрек мүшесіне сай мəтінге картинка жасады. Бүйрек мүшесінің картинасын салып, құрылымын дəлме-дəл көрсетеді. Яғни, бүйректің ішкі жəне сыртқы құрылымын ашып көрсетеді. Əрбір бөлігін талдайды.
Bing AI платформасының артықшылығы:
Тақырыпқа сай құрастырылған мəтінге картинка жасайды;
Картинка мүшені толық зерттеуге бағыт- талады;
Бүйректің құрылымы мен қызметін толық талдайды;
ChatGpt платформасы – программаланған жүйе, тақырыпқа сай тест құрастырып, дұрыс жауаптарын нұсқайды.
ChatGpt https://chat.openai.com/ кіріп, тіркеліп, сабақтың тақырыбын енгіздім. Берілген уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік көп.
Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерінің артқанын байқауға болады.
Бүйректің шығу тарихы, ішкі жəне сыртқы құрылымына сай мəнмəтінді тапсырмаларды тез арада құрастырады. Оқушының креативті ойлауы- на толық мүмкіндік беретін таптырмас құрал. Ескеретін жəйт: сұрақ қатесіз нақты берілу керек. Сонда ғана жүйе дұрыс шешім шығарады.
«Бүйректің құрылымы мен қызметі» тақырыбына тест құрастырады.
Қазіргі кезде біздің қоғам дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең. Яғни, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникативтік техноло- гиялар, оның табиғи ортасына айналып отыр. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер əрі өмір сүруге қабілетті, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын бірден-бір мүмкіндік.
Гулбакыт Курбаналиева,
Садық Əбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін
мектеп жанындағы интернатының биология пəні мұғалімі.
Түркістан облысы, Бəйдібек ауданы