Сапалы білім беру — бəсекеге қабілетті, өркениетті ел болудың кепілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы ілім, ғылымның жемісі екендігі сөзсіз. Сауатты ұрпақ өсіру арқылы ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастыра аламыз.
Өскелең ұрпаққа тағылымды тəрбие жəне озық білім беруді заман сұранысына сай іске асырумен ауданда жалпы білім беретін 68 (орта мектеп-53, негізгі мектеп-7, бастауыш мектеп-6, жекеменшік бастауыш -2) мектепте 28443 оқушы, 4 мектептен тыс мекемеде 2735 оқушы білім мен тəрбие алуда.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдар желісі артуда. Былтырғы жылы 54 болса, биыл 2 жекеменшік балабақша ашылып, 56 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 6703 бала тəрбиеленуде (мемлекеттік — 25, жекеменшік — 31)
Ауданымызда бүгінгі таңда 3677 мұғалім сапалы білім мен тəрбие беруде. Осы ұстаздарымыздың 2256-сы жаңа үлгідегі аттестаттаудан өткен, ол 61,3% (педагог-шебер- 25, педагог-зерттеуші-735, педагог-сарапшы- 810, педагог-модератор- 686, педагог-1421).
«Үздік педагог» конкурсының Республи- калық кезеңінде 2 мұғалім, облыстық кезеңде 2 мұғалім марапатталған.
Мемлекет тарапынан дарынды балаларға қолдау жасап ынталандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Ауданымызда жыл басынан бері облыстық пəн олимпиадаларында 55 оқушы, Республикалық олимпиадада 6 оқушы, ауыл оқушыларына арналған 9-11 сынып пəн олимпиадасынан 142 оқушы жүлдегер атанса, 2 оқушы республикалық кезеңде жеңімпаз атанды.
«Ынтымақ» жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Азиева Донаханым Республикалық пəн олимпиадасында жəне ауыл оқушыларына арналған пəн олимпиадасында жүлделі І орынды иеленіп, облыс əкімінің қаржылай сыйлығына ие болды.
Ғылыми жоба жарысының облыстық кезеңінде 23 оқушы, республикада 2 оқушы, робототехника жобасынан 2 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді. Көркем сөз оқуларынан облыстан 47, республикада 5 оқушы марапат- талды.
Спорт жəне өнер сайыстарында облыста 22 оқушы, республикада 8 оқушы жүлдегер атанды.
Мұғалімдердің кəсіби шеберлік сайыстарына қатысуын белсендендіру мақсатында өткізілген түрлі облыстық байқаулардан 60 педагог жеңімпаз атанса, Республикалық «Дарынды оқушыға, талантты ұстаз» байқауында Жақсылық Данабек жеңімпаз атанды.
«Бұл дəуір — ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дəуірі. Осы үшеуі салтанат құрған жерде ғана өсу бар. Даму бар»,- деп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, бұл жетістіктердің өсу динамикасы ұлағатты ұстаздардың шығарма- шылық еңбектері мен инновациялық ізденіс- терінің нəтижесі.
Кез-келген елдің бірлігі мен өркендеуі ұлттық тəрбие мен рухани құндылықтарды дəріптеуге байланысты. Осы бағыт шеңберінде барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тəрбие бағдарламасы» өткен жылы табысты іске асырылды. Бағдарлама шеңберінде мектеп жанынан құрылған «Ата-аналарды педагоги- калық қолдау орталықтарының» жоспарына сəйкес практикалық іс-əрекеттер, шеберлік сағаттар, проблемалық жағдаяттарды шешу, танымал тұлғалармен кездесулер өткізілді. Бұл іс-əрекеттер ата-аналардың мектеппен байланы- сын нығайтуда оң нəтижелерін беруде.
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық жобаны жүзеге асыру мақсатында оқушы- лардың білім сапасын арттыруға, педагогтердің кəсіби шеберлігін шыңдауда өзара тəжірибе алмасу бағытында Қызылорда облыстық білім басқармасының «Қызылорда облыстық оқу орталығымен (əдістемелік кабинет)», Шымкент қаласы білім басқармасының «Əдістемелік орталығы», Шымкент қаласындағы «Өзбекəлі Жəнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетімен» жəне Педаго- гикалық Ғылымдар Академиясымен меморан- дум аясында бірлескен жұмыстар өз нəтижесін беруде.
Жапония мемлекетіндегі сабақты зерттеу тəжірибесінің тиімді əдістерін ауданымыздағы 2 мектепке ендіріп, мұғалімдерге сабақтың сапасын арттыруда өзара тəжірибе алмасуға əдістемелік қолдау көрсетіліп, профессор Тошия Чичибумен тікелей мостта тəжірибе алмастық.
Тəрбиені ұлттық құндылықтар негізінде беруге бағытталған «Саналы жастар» жобасы екінші жыл жұмыс жасайды. Жобаның мақсаты — мектеп қабырғасынан ер балалардың бойына ұлттық құндылықтарымыздың қадір-қасиетін ұғындырып, ер азаматқа тəн мінез-құлықты қалыптастырып,тəрбиелеуге қол жеткізу. Бұл жобаға қатысқан ер балалардың арасында өзара ынтымақтастық, бір-біріне көмек беру, бауырмалдық қасиеттер арта түсті. Мектепте өткізілген түрлі іс-шараларға ер балалардың қатысубелсенділігіартты,көшбасшылық жəне ұйымдастырушылық қабілеттері ашылды.
Жаңа оқу жылында білім сапасын көтеруде «Тиімді тəжірибе — табысты нəтиже» тақыры- бында жоба бастағалы отырмыз. Жобаға аудан- дағы 4-сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысады. Білімнің сапасы сапалы жоспар- ланған сабақтан беріледі. Демек əр сабақта мұғалім сабақ өтіп қана қоймай, терең білім беруге ізденуі керек. Мектептегі барлық мұғалімдер бірлесіп, кезең-кезеңімен сабақтар өтіп, сол сабақтың құрылымын талқылап, өзара ақылдасып, сабақты қайта жоспарлап мұғалімнің сабақ өту əдістемесін жетілдіруге бағытталған жұмысты қолға алғалы отырмыз.
Жасанды интеллект заманының балаларына өздерінің тілінде ақпарат беру өзекті. Заманауи оқушыларға креативті ұстаз бола білейік.
Тойлыбаев Бекайдар Адамбекұлы,
Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор