Созақ аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапхана түні – 2024» жобасының қортынды шарасы өтті.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, жылы лебізін білдірді. Өткен жылдан бастап жазғы оқу бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жобаның маңыздылығына айрықша тоқталды. Сонымен қатар, кітапхана саласының тұрақты оқырмандарын, кітап жанашырларын, ақын-жазушылар мен сала үздіктерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, құрмет көрсетті.
Тағылымы мол шара аясында ізгі тілектер жолданып, әсем әндер орындалды.
Кеш соңында Созақ аудандық орталық кітапханасының “Оқырмандарға қызмет көрсету” бөлімшесінің басшысы Айгерім Бөбееваның «Сыныбыммен рухани орда төріндемін» атты жаңа жобасы жарияланып, оқырмандарға жол тартты.