ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, жан- жақты адамын қалыптастыру бағытындағыбілім беру мәселесі әрбір ұстаздың басты міндетіекені баршаға аян. Білім мен ғылымның отанымызҚазақстанның дамуына дұрыс әсер етуі үшін білімберуді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесінзаман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңаталаптар қойылып отыр. Сонымен, әрбір мұғалімгебілім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдайбілу еркіндігі бар.
Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншіктіжай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатынөнер», — дегендей, қазіргі таңдағы педагогика саласында болып жатқан жаңалықтарды пәнерекшелігіне қарай дұрыс қолданып, оқытумақсатына жетудің бірден-бір жолын таңдай білу-үлкен өнер.
Бүгінгі таңда мультимедиялық үйретушібағдарламалар, электрондық оқулықтар білімдіақпараттандырудың негізгі факторларының біріболып саналады. Технологияның тиімділігі, оныңболашағы маманның психологиялық ерекшелігіне, іскерлігіне байланысты болғандықтан бұданшығатын басты талап субъектінің мән бере оқуы, жеке бастың даму диагностикасы, жағдайлардыжобалау, ойлы ізденістер диалогы, оқулықтағытапсырмаларды өмірмен байланыстыра беру. Пәнмұғалімі көбінесе оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданғаны жөн.
Оқыту технологиялары оқу процесіне, сабақтүріне байланысты жан-жақты: проблемалықоқыту, ойын арқылы оқыту, тірек сигнал арқылыоқыту, компьютерлік оқыту, электронды оқыту, коммуникативтік технологиялар, инновациялықоқыту, жаңа технологиялар бойынша оқытуболғаны жөн деп есептеймін.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолданумәтіндер мен ақпараттарды білуге жол ашады. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысынжәне олардың танымдық белсенділігін арттырады. Орфографиялық, лексикалық дағдыларынқалыптастырады. Компьютер әсіресе, тілүйренушілердің әр түрлі тілдік жаттығужұмыстарын орындау кезінде одан көп көмегінтигізеді.
Ғалым Қ.Қадашева былай дейді: “ Жаңашажаңғыртып оқыту, жоғары белсенділікті дамытужәне деңгейлік оқыту әдістемелерін жоғарыдәрежеде дамыту оқытудың техникалық жәнеэлектронды құралдарын жан — жақтыпайдаланғанда ғана толық орындалады. Бірақоқытудың жаңа техникалық және электронды құралдарын тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Бүгінгі күні мультимедиаға ұсынылған жаңааудиовизуалдық техникалық құралдар ағылшынтілі мұғалімдерінің тілді оқытуға жаңаша қарауынжәне өз әдістерінің жетілдірілуін талап етеді. Пәнмұғалімі ретінде ағылшын тілі сабағындакомпьютерлік презентацияларды, дыбыс жәнебейне материалдарды, слайдтарды,қарапайым жәнекүрделі анимациялы графикалық объектілердіпайдалана аламыз.
Қазіргі білім беру саласындағы қазіргі сабақтүрлері мен оқытудың жаңа педагогикалықтехнологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа сабақтүрлері мен педагогикалық технологияны меңгерумұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздықкелбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйеліұйымдастыруына көмектеседі.
Гүлжаухар Қандаулетова,
Сарыағаш ауданы, №43 Әл Фараби атындағы
шағын жинақты негізгі орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі