«Білімді ұрпақ — ел болашағы» десек, жаңа ауданның жас ұрпақтарына дұрыс білім, тəлім- тəрбие беруде білім беру ұйымдарына сапалы жұмыс пен жауапкершілік артылды. Мектеп педагогтері оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтап, қолдау мақсатында нəтижелі еңбек етуде.
Жыл бойы өткен республикалық пəндік олимпиадалардың облыстық кезеңінде 29 оқушы жүлделі орынды иеленсе, республикалық кезеңге қатысқан 6 оқушы 1,2,3 орындарға, оның ішінде бір оқушы 1-орын алып, олимпиада қорытындысы бойынша No1 жалпы білім беретін мектеп «100 Үздік олимпиадалық мектеп» қатарына енді.
Биыл алғаш рет Ауыл оқушыларына арналған 9-11 сыныптар үшін өткен пəн олимпиадасының облыстық кезеңінде 346 оқушы іріктеліп, жүлдегер болып, оның 6 оқушысы лық кезеңде жеңімпаз атанды.
Оқушыларға арналған «Зерде» жарысының облыстық кезеңіне 13 оқушы қатысып, республикалық кезеңде 2 оқушы 1, 2 орындармен марапатталды.
Оқушылардың тілдік қорын молайту, ой-өрісін дамыту мақсаттарында ұйымдастырылатын дəстүрлі əдебиеттік оқулар мен байқауларда 30 оқушы облыстық кезеңде жеңімпаз болып, 3 оқушы республикалық кезеңде жүлделі орын иеленді.
Спорт жəне өнер сайыстарында облыста 30 оқушы, республикалық жарыста волейболдан 11 оқушы командамен 1-орын, дойбыдан өткен халықаралық жарыста 4 оқушы командалық есеппен 3-орынға ие болды.
Білім беруді дамыту орталығымен бірлесіп, 2022-2024 жылдары 8 мектеппен жүргізген бастауыш сыныптарға арналған «Ауыл мектебін сапалы басқару» жобасының да берері көп болды. Нəтижесінде «Алтын сақа» олимпиадасында Яссауи мектебінің 4-сынып оқушысы математика пəнінен республикалық кезеңде жүлделі орын алды. Бұл жобаға аудандағы басқа мектептерден ұсыныстар түсіп, алдағы оқу жылында 30 мектеппен жұмыс жүргізу жоспарлануда.
Білім мен тəрбие — егіз ұғым. Баланы қалыптас- тыратын алғашқы ортасы-балабақша екені анық. Ауданымызда алғаш ашылған жылы 39 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары болса, биылғы жылы таңда бұлардың саны 18-ге артқан. Қазіргі таңда 57 мектепке дейінгі ұйымдар бірлесіп көптеген жұмыстар жүргізіліп келеді. Түрлі байқаулар, оқыту семинарлары, тəжірибелік семинарлар өтіп, тəрбиешілер өз əдіс-тəсілдерімен бөлісіп келеді.
2023-2024 оқу жылында алғаш рет білім саласына ұлттық құндылықтарға негізделген тəрбие мен оқыту процесінде оңтайландыру, білім алушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу жəне жан-жақты дамыған, ұлттық мəдени құндылықтар бойынан табылатын ұрпақ тəрбиелеу мақсатында елімізде жалпы- азаматтық жəне ұлттық құндылықтарға негіз- делген «Біртұтас тəрбие бағдарламасы» енгізілді. Бағдарлама аясында барлық мектептерде «Ата- аналарды педагогикалық қолдау» орталықтары ашылып, мектеп пен ата-анамен біріккен көптеген іс-шаралар өткізілді. Балаға жастайынан өзінің төл мəдениетімен қатар басқа да əлемдік мəдениетті меңгертуде, дүнетанымдық көзқарасын қалыптас- тыруда этно-мəдени білім негіздерін меңгертудің маңызы ерекше. Кез-келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы тарихи дамудың заңды құбылысы. Сондықтан жас ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіру-тəрбиенің өзекті мəселелерінің бірі.
Мектеп пен отбасы арасында байланыс күшейді. Мектептерде жұмыс жасап жатқан «Əкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Аталар мектебі», «Əжелер мектебінің» балаға берері көп, əртүрлі мəселелерді шешуде үлкен көмектерін тигізді.
Қоғамда болып жатқан əр түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу, балаларды достыққа, ынтымаққа, бірлікке шақыратын «Досбол LIKE» жобасы да жұмыс барысында қолданылып, өз нəтижелерін беруде. Оқушылар республика көлемінде жыл бойы өтіп жатқан «Асық ату», «Күй тарту», «Жасыл мекен» жобаларына да қатысып, өз үлестерін қосып жүр.
Облыс көлемінде жүріп жатқан «КітапХан» жобасы да біздің аудан педагогтері мен оқушы- ларынан сырт қалмады. Жобаға көптеген педагог- тер, мектеп басшылары, оқушыларымыз апталық, айлық, жылдық кезеңдеріне қатысып, марапат- талуда. Жоба аясында мектептерде «Бірге оқиық», «Үзілісте кітап оқимыз», «Кітаппен дос болам», «Ең көп кітап оқитын оқушы» секілді жобалар жұмыс жасады.
Мұғалімдердің кəсіби шеберліктерін шыңдау, мұғалім мəртебесін арттыру мақсаттарында өткізі- летін түрлі сайыстарға: «Педагогикалық идеялар фестиваліне» 21 мұғалім, «Ыбырай жазулары» байқауында 8 мұғалім, «Үздік авторлық бағдар- лама» байқауына қатысып, 2 мұғалім қатысып, жүлделі орындар алды. Қазіргі таңда ауданда 94% педагог біліктілігін арттыру курстарынан өткен.
Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиет- терді бойына сіңіруі, оның өзін-өзі танып, өз айналасындағылармен, қоғамдық ортамен, отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынасқа түсуі əлеуметтік жəне рухани дамуының алғы шарттары болып есептеледі. Мектепте ұйымдастырылатын тəлім-тəрбиелік іс-шаралар мен тəрбиелік жұмыстар, оқушыларды жан-жақты дамытып, үнемі жетілдіріп отыратын бағытта болу керек.
«Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие беру керек, тəрбиесіз білім –адамзаттың қас жауы»,- деп ұлы ғұлама Əл Фараби айтқандай жас ұрпақтың бойында рухани байлықты молайту, əдет-ғұрып, салт-дəстүр, ұлттық сана, сапалы білім негіздерін меңгерту – бүгінгі педагогтің басты мақсаты.
Батырбекова Ақмарал Үсенқызы,
Сауран ауданының білім бөлімінің басшысы