Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту — білім сапасын көтеру құралы.Қазіргі ғылым мен техника дамыған қоғамда білім беру жүйесінде кәсіби құзіреттілігі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр. Білікті де білімді маман болу үшін — әр ұстаз өз білімін үздіксіз жетілдіріп, заман талабына сәйкес кәсіби біліктілігін үнемі үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Педагог оқытудың жаңа әдістерін барынша жетік меңгеріп,неғұрлым шығарма- шылығы жоғары болса, мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі соғұрлым кең болмақ. Қазіргі заманауи талапқа сәйкес өзіндік көзқарасы бар жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мұғалімдер үшін маңызды мәселе болып отыр.Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тірегі етіп тәрбиелеу әр ұстаз- дың, әр мектептің жауапкершілікпен атқаратын міндетінде.Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында өзгерістерді талап етіп отыр.
Мұғалімдердің білім деңгейін көтеріп, педагогикалық шеберлігін арттыратын және де біліктілігін арттыратын көптеген бағдарламалар бар.Мұғалім — болашақтың бағбаны, келешектің кемелденушісі,баланың бойына біліммен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп, көкірегін ашатын әрі нұрландыратын адам болып табылады.Сондықтан да жоғары білікті,кәсіби дайындалған шығармашылықпен ойлайтын мамандар қажет екені сөзсіз.Жаңар- тылған бағдарлама,үш тілділік және т.б.
Білім жүйесіндегі ақпараттық комуникациялық технологиялар курсы және жаңартылған бағдарлама курсынан өттім.Білім саласында өзгерістер болып жатқанда менің де сол көштен қалып қойғым келмеді.Курстардың барысында мамандығыма қажетті мол ақпараттар мен түрлі әдіс-тәсілдерді меңгердім. Сабақтарым барысында оқушылар өздерін еркін ұстап, өздеріне деген сенімдері артқанын байқадым.Оқушыларым бұл сабақтардың өзге сабақтардан ерекше екендігін айтып,қызығушылық танытты.Осы бағдарламалар аясында оқушылар сын тұрғысынан ойлауды меңгеріп, ойларын ашық жеткізуді үйренді. «Ұстаз- дың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай»-деп Сократ айтқандай болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау басты міндеттеріміздің бірі болып, табылады.Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс — тәсілдерінің жаңару бәсекелестігі қабілеті мол,шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматтарды тәрбиелеуді көздейді.Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде.Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интелектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы — оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс тәсілін іздестіру,шығарма- шылыққа жетелеу.Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет.Біліктілік-бұл білімдегі, тәжірибедегі,берілген білімді меңгертудегі бейімділік,құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.
«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші мұғалім оқушыға тәрбие беру- де де, білім беруде де алдымен өзіндік ұстанымы болуы қажет.Ұстаным дегеніміз не? Психологтар ұстаным ұғымын адамның әс-әрекетін бейімділігімен байланыстырады.Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы ретінде көрсетеді.Менің педагогикалық ұстанымым, мейлінше адал, мейірімді де қатал да болып, оқушылардың білім сапасын көтеру болып табылады.Әрине, тек өз пәніңді жақсы білетін маман болу аздық етеді.Оқушылардың жанын түсінетін адал,шыншыл тәрбиеші жан-жақты дамыған ұстаз болу қажет.Мен өз тәжіри- бемде мына қағидаларды есте сақтау керектігін байқадым. Оқушы білімді, өз бетінше іздену арқылы алуға жағдай туғызу.Өзін-өзі дамытатын тұлға қалып- тастыру баланың бойындағы дарындылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуына қол ұшын беру бала бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту — біздің басты міндетіміз деп ойлаймын.
Дегенмен, осы кезге дейінгі дәстүрлі оқытуда оқулықпен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектеліп келді.Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттілігін көздеп отыр.Ал біздің мақсатымыз — баланың сабақ үстіндегі оқу — әрекетін тиімді әрі қызықты бола- тындай етіп ұйымдастыру,әрекет нәтижесін байқау, бағалау және оның нәтиже- сінде алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады.Мұндағы көздеген мақ- сат — оқушылардың ішкі және сыртқы уәжін тыңдау арқылы жүзеге асырылып отырады.Сыртқы уәж кеңінен жақын арадағы даму аймағымен байланысып жатыр. Осыларды қорыта келе, баланың ішкі уәжі беки түседі.
Әрбір педагогтың кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі — құзіреттілік пенкәсіби шеберлі- гінің сапасы ретінде қаралады.Әр педагогтың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталғандығын ескеруі керек.Әлемдегі тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту.Әрбір педагог жаңа технологияларды тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталғандығын ескеруі керек.
Қорытындылай келе, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп, мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін баланың шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, тәжірибелерді шығармашы- лықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.
Ғазиза Көкетаева,
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы,
№7 Төле би атындағы жалпы білім беретін мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі