Ағымдағы жылдың 1 тамызына дейінгі мәліметтерге зер салсақ Кентау қаласында бюджеттің кіріс бөлігі жоспардағы 16 042 219,0 мың теңгенің орнына 16 147 361,8 мың теңгеге немесе 100,7% орындалды. Жеке табыстар (кірістердің) жоспардағы 2 007 418,0 мың теңгенің орнына 2 116 259,8 мың теңге түсті немесе 108 841,8 мың теңгеге жоспардан артық орындалды. Айта кетейік, қалада бюджеттің кіріс бөлігі 4 түсім көзі бойынша орындалмады, оның ішінде төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша (101201 коды) 535 915,0 мың теңгенің орнына 489 899,4 мың теңге түсіп, 46 015,6 мың теңге орындалмады немесе 91,4% құрады. Себебі, жоспар ірі көлемде бекітілген.
Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы (101205) 10 322,0 мың теңгенің орнына 10 039,6 мың теңге түсіп 282,4 мың теңге орындалмады немесе 97,3% құрады. Себебі, жоспар ірі көлемде бекітілген. Сонымен қатар, әлеуметтік салығы бойынша (103101 коды) 528 317,0 мың теңгенің орнына 507 438,8 мың теңге түсіп 20 878,2 мың теңге орындалмады немесе 96,0% құрады. Себебі, жоспар ірі көлемде бекітілген. Ал, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй жайларды жекешелендіруден түсетін түсімдер (301107 коды) 15 000,0 мың теңгенің орнына 13 311,8 мың теңге түсіп 1 688,2 мың теңге орындалмады немесе 88,7% құрады.
Ауылдар бойынша жеке табыстардың жоспар 22 438,0 мың теңгенің орындалуы 66 228,3 мың теңге болып, 43 790,3 мың теңгеге немесе 2,9 есе артық орындалды. Оның ішінде Ащысай ауылы бойынша жоспар 3 872,0 мың теңгенің орнына 4 175,9 мың теңге түсті немесе 303,9 мың теңгеге немесе 107,8% жоспардан артық орындалды. Байылдыр ауылы бойынша жоспар 2 396,0 мың теңгенің орнына 3 251,9 мың теңге түсті немесе 855,9 мың теңгеге немесе 135,7% жоспардан артық орындалды. Қарнақ ауылы бойынша жоспар 9 410,0 мың теңгенің орнына 43 007,9 мың теңге түсті немесе 33 597,9 мың теңгеге немесе 4,5 есе жоспардан артық орындалды. Хантағы ауылы бойынша жоспар 6 760,0 мың теңгенің орнына 15 792,6 мың теңге түсті немесе 9 032,6 мың теңгеге немесе 2,3 есе жоспардан артық орындалды.
Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдардың 2024 жылдың 1 тамызға бюджеттің шығыс бөлігі қаржыландыру жоспарындағы 18 469 692,0 мың теңгенің орындалуы 16 241 462,8 мың теңге яғни 87,9% болып, 2 228 229,2 мың теңгесі игерілмеді.
Қала әкімінің аппараты бойынша қаржыландыру жоспарындағы 1 185 614,0 мың теңгенің орындалуы 1 178 575,7 мың теңге (99,4%), жалпы игерілмеген қаржы – 7 038, теңге, оның ішінде: 7 029,5 мың теңге №5 ЖЭО-на мазут сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы, 8,8 мың теңге жалақы қорынан және аппарат шығындарынан үнемделген қаржы.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша қаржыландыру жоспарындағы 1 177 573,0 мың теңгенің орындалуы 1 173 864,8 мың теңге (99,7%), жалпы игерілмеген қаржы – 3 708,2 мың теңге, оның ішінде: 3 099,0 мың теңге санаторлық курорттық емдеуден және 600,0 мың теңге Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданатын катетерлермен қамтамасыз ету (қысқартылатын қаржы), 9,2 мың теңге жалақы қорынан және аппарат шығындарынан есепті кезеңге үнемделген қаржы.
Қалалық экономика және қаржы бөлімі бойынша қаржыландыру жоспарындағы 679 993,0 мың теңгенің орындалуы 138 051,5 мың теңге (20,3%), жалпы игерілмеген қаржы – 541 941,5 мың теңге, оның ішінде: 541 909,0 мың теңге (субъективті) 2021 жылғы 8 қазандағы №2 несие келісімшартқа сәйкес, «Құрылыс Кентау» ЖШС-і тарапынан 2024 жылдың 10 шілдесіне несиелік қаржыны мерзімінде қала бюджетіне қайтармау есебінен игерілмеген қаржы болды.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша қаржыландыру жоспарындағы 960 400,0 мың теңгенің орындалуы 959 006,1 мың теңге (99,9%), жалпы игерілмеген қаржы – 1 393,9 мың теңге, оның ішінде: 1 336,0 мың теңге жолаушылар тасымалдарын субсидиялау бойынша, 5,4 мың теңге жалақы қорынан, 52,5 мың теңге аппарат шығындарынан есепті кезеңге үнемделген қаржы.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бойынша қаржыландыру жоспарындағы 13 014 013,0 мың теңгенің орындалуы 11 340 506,4 мың теңге (87,1%), жалпы игерілмеген қаржы – 1 673 506,6 мың теңге, оның ішінде 1 673 476,0 мың теңге кондоминиум объектілеріне жөндеу жүргізу (кредит) облыстық салалық басқармадан трансферттердің түспеуіне байланысты, 26,0 мың теңге жалақы қорынан және 4,6 мың теңге аппарат шығындарынан есепті кезеңге үнемделген қаржы болды.
Байылдыр ауылы әкімі аппараты бойынша қаржыландыру жоспарындағы 34 962,0 мың теңгенің орындалуы 34 742,0 мың теңге (99,4%), жалпы игерілмеген қаржы – 220,0 мың теңге, оның ішінде 170,0 мың теңге (субъективті) жарықтандыру жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша мердігер тарапынан жұмыс көлемінің болмауына байланысты игерілмеген қаржы, 43,9 мың теңге жалақы қорынан және 6,1 мың теңге аппарат шығындарынан үнемделген қаржы.
И. АЗИЗБАЕВ,
Қалалық экономика және қарсы бөлімінің басшысы