«Жайлы мектептердің» жер мәселесі шешімін тапты
Кентау қалалық білім бөліміне 30 мектеп, 32 мектепке дейінгі мекеме, 3 мектептен тыс мекеме қарайды. Бұл тізімге 2024-2025 оқу жылында Шоқтаста орналасқан 1 мемлекеттік (Шоқтас ШЖ БМ) және 1 жекеменшік (Adal Raumax) мектеп қосылып отыр. Білім бөліміне қарасты 24 мемлекеттік 6 жекеменшік мектепте 21 631оқушы білім алады. Тарқатып айтар болсақ, 24 — мемлекеттік мектепте – 20 414 оқушы, 6 -жекеменшік мектепте – 1829 оқушы оқиды. Жалпы педагогтер саны – 1905.
Мемлекеттік мектептің 23-і типтік үлгідегі, 1 мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Білім бөлімінде 3 мемлекеттік қызметкерлер (1 басшы, 2 бас маман), әдістемелік кабинетте 16 әдіскер, орталықтандырылған есеп-қисап бөлімі және жан басына шаққандағы есеп-қисап бөлімі жұмыс жүргізеді.
Өткен оқу жылында мектептерде оқушылардың сабақ үлгерімі 100 пайызды құрап, білім деңгейінің орта баллы – 4 балл, білім сапасы 57,3 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайыз жоғары. Мәселен, 2023-2024 оқу жылында 43 оқушы облыстық пән олимпиадасына қатысып, оның 37-і жүлделі орын иеленді. Ал, 3 оқушы республикалық пән олимпиадасына қатысып, жүлдемен оралды. Алдыңғы жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда оқушылардың білім сайысына қатысуы 6,7 пайызға өсті деуге болады.
Өткен оқу жылында алғаш рет ауыл олимпиадасы өткізілді. Оған 231 оқушы қатысып, 9 оқушы республикадан жүлделі орындармен оралды.
Сонымен қатар, қалада өткен оқу жылында 928 түлек (741 түлек мемлекеттік 23 мектепте, 187 түлек 2 жекеменшік мектепте) мектеп бітірді. Жалпы орта балл 86,5-ті құрады.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдар аралығында қалада жобалық қуаттылығы 1200 орындық 2 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Олар «Шұғыла» және «Қаратау» мөлтекаудандарында салынбақ. Атап айтар болсақ, алдағы уақытта Ш.Уалиханов көшесі №133 мекенжайда 1200 орындық мектеп, Шұғыла мөлтек ауданындағы Әбілхайырхан көшесі №170 мекенжайда 1200 орындық мектеп бой көтермек. Қазіргі таңда аталған мекен-жайларда инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары қолға алынған.
Қалалық білім бөлімінің басшысы А. Ауелбековтың мәлімдеуінше, «Жайлы мектеп» жобасы аясында құрылысы биылғы жылға жоспарланған 2 мектептің жер мәселесі шешіліп, қала әкімінің қаулысымен «Самрұқ-Қазына» ӘҚ-сына өткізілді.
7 мектеп пен 7 балабақша газдандырылды
Биылғы жылы бюджеттен Кентау қаласының білім бөліміне қарасты мектептерге жалпы 18 млрд 766 млн 200 мың теңге, оның ішінде «жан басына қаржыландыру» нормативі бойынша қаржыланатын 13 мектепке 7 млрд 981 млн 600 мың теңге қаралған болатын. Сонымен қатар, ұстаздардың жалақысынан бөлек, жалпыға міндетті білім беру қорына 1 млрд 29 млн 800 мың теңге бөлініп 1,8%-ға жетіп отыр. Ол ыстық тамаққа, жазғы сауықтыруға, мектеп формасына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды күтіп-бағуға, балабақшаларда мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға, тасымалдауға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ауыл мектептеріне химия, физика, биология және STEM кабинеттерін жабдықтауға беріледі.
Реті келгенде айта кетейік, жалпы білім беретін 24 ұйымның (бұдан әрі мектептер) 11 автономды, 2 газбен, 5 қатты отын, 4 сұйық отынмен жылытылады. Қалған 13 нысан орталықтандырылған ТЭЦ арқылы жылытылған. Мектепке дейінгі мемлекеттік 14 білім беру ұйымдарының (балабақшалар) 3-уі қатты отынмен, 1-уі сұйық отынмен, қалған 10-ы орталықтандырылған ТЭЦ арқылы жылытылады. Мекемелердің жылу жүйесін қысыммен үрлеп (гидравликалық сығымдаудан өткізу жұмыстары) жуып-шаю жұмыстары 98 пайыз бітті. Қалалық білім бөлімінің басшысы А. Ауелбековтың мәлімдеуінше, А.Науаи атындағы №17 мектептің жылу жүйесінің жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жуып-шаю жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталады.
Биыл облыстық білім басқармасынан мектептерді сұйық отынмен қамтамасыз ету үшін 106 831,0 мың теңге, мектептерді қатты отымен қамтамасыз ету үшін 14 606,6 мың теңге, балабақшаларды қатты отынмен қамтамасыз ету үшін 4 138,0 мың теңге, сығымдау жұмыстарын жүргізу үшін 12 137,0 мың теңге, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін 2 832,0 мың теңге, мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 43 866,5 мың теңге қаралған.
Өткен жылы 2 мектептің жылыту қазандықтары қатты отыннан табиғи газға ауыстыру жоспарланып, оның екеуі де толық аяқталып, 2023-2024 оқу жылында газбен жылытылды. Ағымдағы жылы қаламыздағы орталықтандырылған жылу мәселелерінің орын алуы салдарынан жоғарыда аталған екі мектептен басқа қаладағы 11 мектеп (№1,2,3,4,12,14,16,17,22,23,24) пен 8 балабақшаға қаржы сұралған болатын. Бүгінде 11 мектеп пен 7 балабақшаға тиісті қаржы бөлініп, қазіргі таңда 7 мектептің және 7 балабақшаның газдандыру жұмысы аяқталды. Қалған 4 мектептің газдандыру жұмысы 45-50 пайызға орындалды. 1 қыркүйекке дейін мердігерлерге толық аяқтау тапсырмасы берілген.
Балабақшалар жөндеуге өтуде
Биыл Кентау қаласында М.Қашғари, Қарнақ және Д.Қонаев мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 81 155,6 мың тенге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда сметаға сәйкес ағымдағы жөндеу жұмыстары Қашғар, Қарнақ мектептерінде толық аяқталды. Д.Қонаев атындағы мектепке ағымдағы жөндеу жұмысына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Мектепке дейінгі мекемелердің арасында ағымдағы жөндеуді қажет ететін Балдәурен, Қамқор, Қобыланды, Жауқазын, Таңшолпан балабақшаларына 89 842,4 мың тенге қаржысы қаралып, Балдәурен, Қамқор, Қобыланды балабақшаларының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Тиісінше Таңшолпан, Жауқазын балабақшасының жеңімпаздары енді анықталып, жұмыстарын бастады.
Аппатты жағдай деп танылған «Жұлдыз» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізуге ЖСҚ жасау үшін 10 млн 300 мың тг қаржы қаралып, бүгінгі таңда ЖСҚ-сы жасалуда. Реті келгенде айта кетейік, 25 мектептің сыртқы әжетханалары жойылып, қоймаға айналдырылды.
Бүгінде Кентауда 23 мектеп кеңжолақты Интернет желісіне қосылған. Оптика талшықты интернетпен – 17 мектеп, медпен – 6 мектеп тартылған. Оның ішінде 4 мектеп – 50 мб/с, 6 мектеп — 40 мб/с, 5 мектеп – 30 мб/с, 2 мектепте – 20 мб/с, 6 мектепте – 8 мб/с. Бұл 91,3 пайызды құрады. Ащысай ауылындағы 2 мектеп (№7 мен №8) 4 м/б спутниктік интернетпен қамтылған.
Қазіргі таңда Кентау қаласы бойынша 24 мектептің барлығына цифрлық бейнебақылау орнатылған. 24 мектептің 22-і Қазақтелеком, 1-і Транстелеком АҚ-да. Қазақтелеком АҚ-дағы 23 мектептің (барлығы цифрлық бейнебақылау) 22-і қосылды. 1 мектепке (Төрткүл-төбе мектебіне) Транстелеком АҚ тарапынан Микротик қойылып, облысқа қосылды. Қазіргі таңда ЦОУ-ға қосылмаған 4 мектеп бар, олар: №23,17,Д.Қонаев, М.Қашғари мектептері. Бұл мектептер 1 қыркүйекке дейін облыстық ЦОУ-ға қосылады.
Сонымен қатар, қалада 14 мектепке (№1,3,5,6,10,12,14,16,19,22,23,24, Қашғари, Қарнақ) саны 56 дана турникет орнатылып, толықтай жұмыс жасап тұр. 2023-2024 оқу жылында №1,2,5,6,7,8,24 мектептерде мектеп қоршаулары жаңартылды. Қалалық білім бөлімінің басшысы А. Ауелбеков биылғы жылы мектеп қоршауларын жаңарту жұмыстарын №3,12,16,17,22,Қашғари мектептеріне жүргізу жоспарланып отырғанын айтады.
Қаладағы 23 мектепке дабыл батырмалары 100 пайыз орнатылып, облыстық полиция департаментіне қосылған. Елімізде орын алған жағдайларға байланысты мектептердегі оқушы қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы артып отыр. Мектептерде 100 пайыз мамандандырылған күзет қызметі жұмыс жасайды. Мектепалды көшелерде жарықтандыру жүйелері мен арнайы жол белгілері орнатылған.
Жалпы қалалық білім бөліміне қарасты 23 мектептің барлығы кітапханамен қамтамасыз етілген. Мектеп кітапханаларын автоматтандыру мақсатында «Е-КІТАПХАНА» портфолиосы енгізілді. Сонымен қатар, Ә.Бөкейханов атындағы №23 мектеп, Ақын-тұма атындағы №11 мектеп базаларында «COWORKING» (КОВЕРКИНГ) орталықтары ашылды. Қазіргі таңда, интернет жылдамдығы төмен, яғни, 10 мбит/с дейінгі жылдамдықтағы 667 мектептің интернет жылдамдығын арттыру бойынша облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасымен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Инклюзиялық білім беру бойынша мектепке дейінгі ұйымдарды тәрбиелеу және оқыту жағдайларын жасау 35,5 пайызды, ал жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді дамыту үшін жағдайларды жасау 91,3 пайызды құрайды. Кентау қаласы бойынша 2023-2024 оқу жылында әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясындағы инклюзивті қолдау кабинетінде оқу жылы басында 22 оқушы қабылданған. Ол оқушыларға 15 педагог-ассисент маман бекітілген.
Қазіргі таңда инклюзивті қолдау кабинетінде 24 оқушы білім алуда. Кабинет ашылғалы мұндағы балалар санының артуына және қажеттілікке байланысты Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасынан инклюзивті қолдау кабинетін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қала бойынша 2024 жылы 8713 бала ыстық тамақпен қамтылып, 18 пайызды құрайды, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 4 пайыз артты. Қыркүйек айынан бастап 1-4 сыныпта оқитын 7651 бала тегін тамақпен қамтылды (308,1 млн. теңге). Жалпы 8713 оқушы бір реттік ыстық тамақпен және мектепке дейінгі ұйымдарда ӘАК (әлеуметтік атаулы көмек) алатын отбасының 1062 баласы тегін тамақпен қамтамасыз етілуде. Кентау қалалық білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелерінің (мектептер, балабақшалар, қосымша білім беру ұйымдары) 2024-2025 оқу жылына дайындығы туралы АКТ барлық білім мекемелерінде 15 тамызға дейін 100 пайыз дайын болады.